1994 жылғы той

Кеше түнде тойдың дисктерін қарап отырып, 1994 жылғы жеңгем бен көкемнің тойларына көзім түсті.Сол тойдағы гулянка Оңтүстік Қазақстанда облысында орналасқан «Біркөлік» демалыс орнында өткізілген.
Әрі қарай

Қай шығарманы қайталап оқыр едіңіз?

Қазақ жазушыларының жазған дүниелері жетерлік. Іліп алары да бар, сүрте саларлары да жетерлік. Мына сауалнамада көрсетілген шығармалардың қайсысын қайталап оқуға қарсы емессіз. Сауалнаманың мақсатын сұраққа қатысты таза 35 пікірден соң жариялаймын. Жылдап күтуге де әзірмін.
Әрі қарай

"Ептібайымайт"-тың құдыреті немесе "Ептібайымайт"-вместо тысячи слов!!!

Блог - nurbolkhan_: Ептібайымайт-тың құдыреті немесе Ептібайымайт-вместо тысячи слов!!!

Бұл сөзді қысқа әрі нұсқа сөйлегің келген жерде пайдалануға болады. Маңызды емес қай жерде, қай орында айтқаның. Ең бастысы тыңдаушының жүрегіне жетсе болғаны. Бұл сөзбен, айтқың келген ойыңды нақты жеткізе аласың. Жасатқың келген нәрсені істете аласың немесе тәтәқ жеп қаласың. Кешіріңіздер таяқ.
Әрі қарай

Бәйге: "Мен көрген блогкемп: Құрылтай - 2013": Қорытынды!

Сөре: Ақ жалау төмен қарай лап етті…
Кетті!
Дүбір!
Қалың шаң!
Үздік-создық…
Дара!
Мәре!
Бір аптаға созылған «Мен көрген блогкемп: Құрылтай — 2013» байқауы мәреге жетті!
Алғыс, баршаңызға: пост жазып еңбектенгендерге, қатысып ниет еткендерге, қатысушыларды көтермелеп, қиқу қосып, дем бергендерге…
Қазылар алқасының шешімі шықты. Жеңімпаздардың есімі белгілі.
Әрі қарай

Ерте тұру ерекшелігі мен қиындықтары..

Негізі таңертең ерте тұрсаң өте көп шаруаны бітіресің. Байқауымша неше түрлі табысты,іскер адамдар таңмен өте ерте тұрады екен. Ерте тұрсаң өзіңді жеңіл сезінесін, көп ісіңді жасап, өзіңе риза боласың. Бірақ мен ешқашан ерте тұра алмаймын. Аса маңызды бір жерге бару керек болса немесе емтихан болмаса қиын. Мен керісінше таңға дейін ұйқысыз отыра аламын. Талай солай таңды атырғам. Бірақ одан кейін басың ауырып, шаршайсың аздап. Таңертең ерте тұрудың тағы қандай пайдасы бар? Таңнан бастап жоспар кұрып, ойлануға болады, медитация немесе жаттығу жасап, жүгіріп келуге болады. Бүгін интернеттен таңертең қалай ерте тұруға болатынын іздеп көргем. Егер тағы біреуде сондай мәселе болса деп менде бөлісе кетейін деп ойладым. Сонымен:
Әрі қарай

Ұлттық Құрамаға Ресей және Беларусьтан 300 футболшы ұсынылды



Футболдан Ұлттық Құрамамыздың сәтсіз ойындарынан кейін бүгін таңертең ҚФЖБ (Қазақстан Футбол Жанашырлары Бірлігі) мүшелері шұғыл түрде жиналып, Футбол Федерациясына ұсыныс тастады. Ұсыныста 2013 жылдың 22 наурызында өз алаңымызда ойналатын Германия матчына дейінгі жүзеге асырылуы қажет іс-шаралар тізімі берілді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы — шет елден жаңа футболшылар әкелу.
Әрі қарай

Ақпараттар ағыны - 29 тамыз 2012

САЯСАТ. Сыртқы Істер Министрлігінен Қырғызстан Үкіметіне үлкен қолдау:
— Алеооо, қоя бер тұтқаны. Қазір өзіміз телефон шаламыз.

СПОРТ. Оңтүстік Қазақстан облыстық спартакиадасында тоғызқұмалақтан 3-ші орын алған мектеп оқушысының жеңісі сарабдал саясаттың арқасында екені анықталды.

ҚОҒАМ. Үлкен қауіп! Биыл республика көлемінде 10 мыңға жуық адам журналист дипломын алды.

ҚЫЛМЫС. Ораза біткеннен кейін жазғы кафеде сыра ішіп отырған жігітті жігіттер көріп қалды.

МЫСҚЫЛ. «Астанаға автобуспен келдіңдер ме? Біз купеге билет болмағасын СВ-мен келдік» понтына үлкен жауап: «Пойызға дым билет жоқ екен, самолетпен келдік». Понтқа үлкен понт та кешікпеді: «Мен де самолетпен келдім, сендерді көрмедім ғой. Әлде эконом класс жақта болдыңдар ма?»

СЫЛҚЫМ. Суы ақпай, бұзылып тұрған унитаз бір қызды жаңа жігітімен айырып тынды.

РУХАНИЯТ. Етістіктерден ұйқас құрастыра алатын тағы бір жігіт ақын атанып, алғашқы өлең жинағын шығарды.

ТЕХНОЛОГИЯ. «Маған сол звондаса, SMS жазса болды» деп полифония телефонмен басталған тағы бір серуен әзірше Iphone 4S-ке келіп тоқтады.

БІЛІМ. Жұрттың баласы биыл тағы да грантқа түсті.

ИНТЕРНЕТ. Тағы да бір танымал адам «Айт қабыл болсын», «Мейрам құтты болсын», «Жолға шықтым», "Қайырлы жұма", «Жеңіс құтты болсын, Алға Қазақстан» деп жазу үшін Твиттерге тіркелді.

ӘЛЕУМЕТ. Тағы да бір USB флешканың қақпағы жоғалды…
Әрі қарай