Бізде неге жұлдыз жоқ?...

Өткенде Қазақстанды ұлттық құрамасын Златан ұтты. Негізі Швеция жеңген еді. Бірақ, кездесудегі жалғыз голды осы Ибрагимовч 29-секундта өзінің техникалық шеберлігінің арқасында соққан соң айтып жатқанымыз ғой. Әйтпесе, осы жұлдыз болмағанда, тең түсіп қалуымызда мүмкін еді. Сондай-ақ, бұл гол соғылғанда жанкүйерлер авторға ерекше құрмет кездесті.
Кездесу біткен соң, футболшылар шығатын дәлізге беттедік.Телеарна, газет-журнал, интернет сайттарының журналистерің барлығы осы аймақта. Сонымен қоса, фанат қыздарды да көресіз. Әлбетте, кімді көру үщін келгенін түсініп отырсыздар.
Алдымен Қазақстан футболшылары өтті. Кейбірін журналистер сөзге тартқанымен, біздің футболшылармен фотоға түсіп жатқанды адамды көре қоймадым. Одан соң, Лустиг, Чельстрем, Тойвонен сияқты щвециялық футболшыларды байқадық. Ал ең қызық Златан шыққанда басталды. Златанның «Аякс, «Ювентус» сапында ойнаған кездегі фотоларында тауып, үлкен плакатқа шығарып әкелген фанаттар жұлдызбен бір фотоға түсу үшін бәріне даяр.Жолы болып арманы орындалғандардың қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес. Ал түсе алмағандардың жағдайы белгілі ғой…
Осы жерде түйген ойым, бізде жұлдыз жоқ екен. Бізге ең болмағанда осы бағытта жұмыс істеуіміз қажет. Әйтпесе, Швецияның футболын әлем осы бір Златан Ибрагимович үшін қана көреді… «Өзгелер бір төбе, Златан бір төбе» болып тұр дәл қазір. Әр жыл сайын жастардан үміт күтумен келеміз. Кезінде Таңат, Жамбыл, Ұландар Еуропада доп тебе ме деп сенген едік. Сосын біраз уақыт Бразилияда Рауан Сариев шулатты. Оны қазір қайда жүргенін білесіздер. Тіпті «Қайраттың» қосалқы құрамында гол соғып жүргені шамалы. Қыста Бауыржан Исламхан «Кубанға» ауысқанда, «біздің Иньеста» дегендер болды. Ал дәл қазір тек Сергей Хижниченко ғана алды. Басқалары үнсіз. Сережамыз Еуропа лигасында сәтті өнер көрсетсе, мүмкін скауттардың көзіне түсіп қалар.
Әрі қарай

5 тур. Ла Лига

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 5 тур. Ла Лига
Кешегі ойынның қорытындысы, Мадридтіктерді ренжітудің қажеті жоқ секілді. Ашуына тисең осылай оңдырмайды, кешегі өткен бір қаланың қос командасы арасындағы кішігірім дербиден осындай ой түйдім. Мүмкін, Хетафе Реалға қарсылас деп ойламассыздар, бірақ бұл футбол, доп-домалақ, алаң-төрт бұрыш деген
Әрі қарай

22 қыркүйек Қазақстан халықтарның тілдері күні

22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі.Осы мерекеге орай Ақтөбе қаласындағы Н.Назарбаев атындағы тұңғыш саябақта мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге ақтөбе қаласының жастар жұмылдырылып, флешмоб ұйымдастырды.Блог - ElmiraErlanovna: 22 қыркүйек Қазақстан халықтарның тілдері күні
қазақша әндерге 10 минуттық флешмоб биледік. Флешмоб яғни би билегендіктен, күннің суығы да онша білінбеді. Ақтөбе қаласының түрлі сала қызметкерлері қазақ тілінің облысымызда дамуына үлес қосып, жүргендері үшін Гүлайым Төлеубекованың марапат қағаздары мен ақшалай сыйлықтарына ие болды. Бәріміздің үстімізде ақ футболка болды.Оның алдында "Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде", ал артында «Біз Қазақстанның патриоттарымыз» деген жазуы бар болатын. Блог - ElmiraErlanovna: 22 қыркүйек Қазақстан халықтарның тілдері күні
Блог - ElmiraErlanovna: 22 қыркүйек Қазақстан халықтарның тілдері күні
Ощм, мерке жоғары деңгейде өтті.Бәрі керемет болды. Таңғалдырғаны бір кішкене орыс ұлтты қыз қазақ тілінде ән шырқады, бір ғажабы егер мен оның бет әлпетін көрмесем,қазақ деп те қалар едім. Ең қатты ұнағаны осы болды. Ал кеш жүргізушілері орыстар болды, мүмкін осы мерекеге орай әдейі орыс ұлттының адамдарының қойған болар деп ойладым.Оларда ешқандай «акцентсіз» таза қазақша сөйледі
Біз түрлі ұрандар айттық.Соның бірі «Тілге құрмет-елге құрмет»
Әрі қарай

Atyrau..

13Kyrkuiekten beri Atyraudamin…
Baikaganim osi jerdin jastari kaissibir kogamdik orindarda baska tilde soilep otratin siakti..Ozimizdikiler goi dep ogan asa man bermedim de bir dukennen adeilep suradim osi dukenge sheteldikter kop keledi me dep ia degesin olar sizdermen kai tilde soileset desem agilshin ne oris tilinde dedi karagoz karindasimiz...Bir oi keldi..biz amerikaga yaki turkiyaga barsak olardin tilinde soileimz ol durus ak..Al olar beri bizge kelgende biz tagi agilshinga agilshinsha turikke turikshe soileimz bizdin til kaida sonda..Manin tap! Til uirenudin manisi osi ma?
P.S. Kogamdik tamaktanu orindarinda bir baikaganim ajethanalari muntazdai jaltiragan shinimen kaptaladi eken..Dastur ma akimattin talabi ma dep kaldim.
Әрі қарай

Ақтау мерейтойы

Ақтау қаласы мерей тойын дүркіретіп өткізгелі жатыр… «Маңғыстау облысына 40, Ақтау қаласына 50 жыл», мереке құтты болсын! "Қырық жылда қазан жаңа, елу жылда ел жаңа" деп, жақсы жаңалықтар, дақсылықтар болсын)

http://www.lada.kz/aktau_news/society/12257-na-prazdnovanii-dnya-goroda-aktau-vystupyat-30-kazahstanskih-zvezd.html
Әрі қарай

анаға хат...

Блог - ErnarSeytahmet: анаға хат...
Сәлеметсіңбе, анашым!
Алыстағы ұлыңның хатн күткен де шығарсын, себебі сенің мені қаншалықты сағынғаныңды білемін… мен де сені сағындым, анашым. Жапанда жалғыз қалған балапандай қорғансыздың күнің кешіп жүрмін анашым.
Сабағым ба? Жақсы деймін, жақсы ғой шынымен де. Білесің бе, анашым, телефон соқпай не себепті хат жазып жүргенімді?! мен өкпелімін…
Сіздер бізді, мені, інімді, қарындасымды әркез біреудің ала жібін аттамауды үйретіп едіңдер ғой, естеріңде ме… естеріңде ме «Ешкімді ренжітпе, ұлым» деп ақыл бергеніңіз, анашым… анашым, бұл қалада басқаша бәрі. Сіздер бізді өзгені сыйлауды үйреттіңіз жасы үлкен болғандықтан, ал өткенде кешке келе жатқанда ақсақалды ағамыз жазықсыз ұрысып тастады: «әй, иттің баласы, кеш батқанда не қып жүрсің, үйіңе қайт, осы жастар қазіргінің бетімен кеткен осылар, Сталин керек осыларға. Атаң кім дұрыс тәрбие бермеген,» деп, мен сабақтан қайтып бара жаттым ғой. Ал неге ол адам сіздерге балағат сөз айтады, мама?! Сіздер бізді үйлкендерге қарсы келмеуге үйретіп едіңіз ғой, не үшін?
Мен бір әжеге болысқым келді, ауыр сөмкесім үйіне әзер апара жатқан әжімді беті тершіген әжемізді аяп кеттім. Қасына келіп: «Әже» дей бергенімде жал бұрылып маған алая қарады. Мен оның қолындағы сөмкесін ұрлайтын жанға қарағандай. Түрінен шошып кеттім, «Әй керек емес көмегің» дегеннен басқа естігенім жоқ ештеңе. Рахметі қайда екен, анашым… анашым, сіз бізге үлкендерге қолғабыс ет деуші едіңіз ғой, не үшін…
Әкемнің алыс туыстарына да барғанмын, содан соң бармай қойдым. Себебі төрден орын түгел үйінен орын таппағандай көрінді маған. Адамның көңілі сөйлеген сөзінен көрінеді емес пе?! Олар менен оқуымның қалай екенін сұрады, сосын бір жеге кеткелі жатқанын айтты. Естеріңде ме, осы жандар келгенде бізге қонаққа сіздер әркез қой сойып, мені жүгіртуші едіңдер ғой суға жіберіп, қойға жіберіп, отынға жіберіп.
Маған олардың ұлы да қуана қараған жоқ. Нөмірімді алды, сабағына көмектесуді сұрады. Мен оған қолымнан келгенше көмегімді аямадым. Ал үйіне келгенде тіпті төрден орын ұсынған жоқ. Анашым, әке маған туыстарына жақын бол деуші еді ғой… не үшін? Осылай жоғарыдан алайған көздеріне сыйластықты қалай танытамын, анашым?!
Маған бір адам келді, киімі алба-жұлба деймін қазір, басында менен байлығы аздау жан екенін көрдім. Баласы ауырып жатыр, соған үлкен ақша көмек керек екен емделуі үшін. Әрине, өзіңнен кем жандарға әркез қолдау көрсет демеуші едіңдер ме анашым, қолымдағы 300 теңгені ұстата салдым. Ол ақшаны араққа жіберетінін білдім бе, анашым… сендер көмек көрсетіңдер, қолдағынды аямандар деп айтушы едіңдер ғой, анашым, осы ма?! Осы үшін бе?!
Анашым, менің сүйікті анашым, заманымызда таза қанды тазылар аз, түлкілер көп.
Әрі қарай

Бүгінгі матч-4

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Бүгінгі матч-4
ХАЛА МАДРИД !!! Ұлттық құрамалар кездесуінен соң Еуропада чемпионаттар қайта қызуға бет алды. Әдеттегідей Испан Ла Лигасының кезекті турына шолу жасамақпын. Өткен турды жұмыс жағдайларына байланысты жаза алмаған едім, бірден 4 турдан бастағанды жөн көріп отырмын.
Әрі қарай

Аты жоқ өлеңсымақ

Өртемеймін суретіңді сөз берем,
Іліп қоям бөлмелерге шам қылып.
Соңғы демім таусылатын кезде де,
Ақылымда сен қаларсың мәңгілік.

Зорлай берме көз жасыңды ақпаған,
Қайғырғаның керек емес мәжбүрден.
Саған деген еш өкпем жоқ сақтаған,
Сүймейтініңді әлдеқашан сездім мен
Әрі қарай

Жала жабылған...

Екіжүзділіктен Аллаһ сақтасын. Қаншама иманын серік қылған апа-қарындастардың намысына тиді, діни ортаны айыптап, онсыз да дін десе шошитын халықты одан сайын шошытты… Мұсылманның қорғаушысы Аллаһ, Аллаһ кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін өзі біледі. Намаз десе бахаббист деуді қойып, өзіміз әрекетке көшейік,құр айыптағаннан.
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас»
деген, Құран Алланың сөзі болса, сол кітапта намазды бұйырған. Діндегі адамдарды қаралағанша, ахиретіңді ойла!

Әрі қарай