Бүгінгі матч-4

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Бүгінгі матч-4
ХАЛА МАДРИД !!! Ұлттық құрамалар кездесуінен соң Еуропада чемпионаттар қайта қызуға бет алды. Әдеттегідей Испан Ла Лигасының кезекті турына шолу жасамақпын. Өткен турды жұмыс жағдайларына байланысты жаза алмаған едім, бірден 4 турдан бастағанды жөн көріп отырмын.

Сонымен, кезекті қарсылас кезінде бүкіл Еуропаны шулатып жүретін, еурокубоктардың тұрақты қатысушысы болған, қазіргі жағдайы нашар күйге түскен, Ла Лиганың 2-ші дивизонына(Сегунда) барып қонақ боп қайтқан — Вильярреал. Дәл қазір бұл команда бабында, Реал секілді алғашқы 3 турда да ұпайдан шашау шығармады, тағы айтарым матч Сүңгуірлердің(екінші аты) алаңында өтеді, ойын қызықты болатын секілді. Матч уақыты түнгі 2-00 

Мадридтіктер бұл матчқа ойыншы таңдау жағынан көп ойланды дер ем, футбол фанаты болсаңыз «ФИФА вирусы» дегенді білетін боларсыз. Сол вирусты жұқтырды Реалдықтар, санаңыз: ИСко, Марсело, Коентрау, Арбелоа, Варан секілді ойыншылар жарақаттарын емдеу үстінде. Болжам есеп 1-3.
Жазғы трансфердің сагасына айналған құны шамамен
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Бүгінгі матч-4
осындай болатын Бейлді бүгінгі ойында көруіміз мүмкін.

Қатысуы мүмкін ойыншылар:
Қақпашылар: Касильяс, Д. Лопес, Хесус
Қорғаушылар: Пепе, С. Рамос, Карвахаль, Начо, Д. Льоренте
Жартылай қорғаушылар: Хедира, Роналду, Бэйл, Каземиро, Модрич, Ди Мария, Иско, Ильярраменди, Хосе Родригес
Шабуылшылар: Бензема, Хесе, Мората


Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Бүгінгі матч-4
Касильястың орнын тартып алған Диего Лопес үшін бұл матч ерекше, себебі ол кезінде Реалдан кеткен соң Вильярреалдың негізгі қақпашысына айналған еді, ол жерде фанаттардың қошеметіне де бөленіп үлгерді, Сегундаға кеткен Вильярреалдың Диегоны Севильяға сатпастан басқа амалы қалмады…

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Бүгінгі матч-4
Өткен турлардан соң трансферлік терезенің жабылғаны белгілі, әлемді таңқалдырған Өзілдің Арсеналға сатылуы еді. Мен де Өзілді Реалдан басқа жерде көрем деп ойламаппын, статистикасын қарасаңыз сұмдық: Реалда өткізген 3 жыл ішінде 75-тен аса голға айналған пас берген екен, ал бұл көрсеткішке жұрт Құдайдай көретін Иньеста мен Хавиды карьерасымен қоссаңыз да жете алмайды екен. Енд, кеш бәрі, Өзілге САТтілік

Ставка сүйер қауым үшін басқа да ойындар:
Атлетико — Альмерия
Леванте — Реал Сосьедад
Барселона — Севилья
Гранада — Эспаньол
Хетафе — Осасуна
Малага — Райо Вальекано
Бетис — Валенсия
Эльче — Вальядолид
Атлетик — Сельта

_________________________________________________________________________________________________


"Өткен шақсыз келер шақ болмайды"-деп мектептегі Қатипаш апайым айтпақшы, өткен турға көз жүгіртіп өтсек. Өткен турдың символикалық құрамасы төмендегідей екен:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Бүгінгі матч-4

Өткен турда Реалдың ойыны жүріп Атлетикті әдемі ұтқаны есте қалды, бұрын РЕАЛ МОУДРИД болса қазір РЕАЛ МОДРИЧ-ке айналып кетіп еді. Сол матчта Модричтің құрметіне жанкүйерлердің қошеметі ерекше болды. Барса мен Реалдан 2 ойыншыдан түсіпті, тең келеді.
Өткен турдың бейнешолуын мына жерден қараңыз.


Мынаны өткен турдың басты оқиғасы деуге болар еді, «Эспаньола» мен «Бетистің» фанаттары матч кезінде Мики Роке-нің құрметіне бірге ән айтуда, Мики Роке өткен жылы 24 жасында Бетис сапында 3 жыл ойнап, ракпен ауырып қайтыс болған ед, осындай фанаттарға рыспек!!!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше