5 тур. Ла Лига

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 5 тур. Ла Лига
Кешегі ойынның қорытындысы, Мадридтіктерді ренжітудің қажеті жоқ секілді. Ашуына тисең осылай оңдырмайды, кешегі өткен бір қаланың қос командасы арасындағы кішігірім дербиден осындай ой түйдім. Мүмкін, Хетафе Реалға қарсылас деп ойламассыздар, бірақ бұл футбол, доп-домалақ, алаң-төрт бұрыш деген 

Түркиядағы өткен матчтан соң, Реалдықтар өз алаңында Хетафені қабылдады. Кешегі аптаның Еуропа чемпионаттары бізге талай қызық дербилерді сыйлады. Бір ғана МС пен МЮ матчы неге тұрады.

«Реал Мадрид» — «Хетафе» 4:1 (2:1)

Голдар: 0:1 — Лафита (5), 1:1 — Пепе (19), 2:1 — Роналду (пен. 33), 3:1 — Иско (59), 4:1 — Роналду (90+3)

Ассистенттер: 0:1 — Мику; 3:1 — Роналду; 4:1 — Хедира

«Реал Мадрид»: Д. Лопес; Карвахаль, Пепе, Начо, Арбелоа; Хедира, Ильярраменди (Модрич, 77); Ди Мария, Иско (Хесе, 84), Роналду; Бензема (Мората, 80)

«Хетафе»: Мойя; Арройо (Рафа, 70), Лисандро, Алексис, Эскудеро (Лаго, 46); Мичел, Москера; Педро Леон, Лафита (Сарабия, 45+1), Д. Кастро; Мику

Арбитр: Фернандес Борбалан

Ескерту: Алексис (31), Мичел (32), Карвахаль (42), Педро Леон (77)

Алаңнан қуылды: Мичел (85)

Алғашқы минуттарда рикошетпен гол жіберіп алғанына қарамастан Реал өз ойынын жалғастыра берді, Галатасараймен өткен ойындағы құрамаға өзгеріс енгізетінін айтқан еді, Анчелотти бапкер. Мен үшін қызық болғаны, алаңнан Роналду, Бейл мен Ди Марияны алғашқы минуттан бірге көру еді. Сол арманым орындалмады, матчтың басталуы алдындағы бой жазу жаттығуы кезінде 100 миллион тұратын Бейл аздаған жарақат ап қалды және алаңға 1-ші минуттардан құрдас ИСКО кетті. Иско керемет ойынымен көзге түсіп жүр, тағы да гол соқты, бұл Реал үшін 7 ойынындағы 6 голы болып отыр.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 5 тур. Ла Лига

Реалдың супержұлдызы Роналду 2018 жылға дейін контрактыны ұзартқанын Галатасарай қақпасына соққан 3 голымен тойласа, бұл жолғы мақсаты Реалдың аңызға айналған мексикандық шабуылшысы Уго Санчестің рекордының мұртын бұзу болды. Ол рекордтың жаңартылуына кеше Бернабеуге жиналған 70000 астам көрермен куә болды. Ендігі Роналдудың мақсаты Мадрид періштесі Раульды басып озу, алайда оған дейін әлі 150 гол соғуы керек екен, тірі болсақ көрерміз
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 5 тур. Ла Лига

Ойынның бейне шолуы:


Исконы мақтап жатырмын, ойыны жақсы деп, алайда бұл құрдастың мына ісіне не деуге болады?! Осындағы 5-ші қауымдастыққа сұранып тұр екен:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 5 тур. Ла Лига

Ойынның ерте басталуы мына жақтағы маған қолайлы болды, матчтың үздік ойыншысы деп Роналдудан басқа Иско мен Пепені айтуға болады. Иско мен Роналду үшін үздік атану ештеңе емес, мына Пепенің кешегі ойыны қуантты. Себеп, Варанның жазылуы секілді, Пепеге босаңсуға болмайды, Варан мықты қорғаушы…
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 5 тур. Ла Лига

Қатарға жаңа қосылып келе жатқан Иллараның да ойыны жаман емес, шабуылда ойқастамаса да өз зонасын жақсы жаба білді, допты тартып алуы мен техникасы тәп-тәуір, әзірге Алонсоның орнын жоқтатар емес.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 5 тур. Ла Лига

Тек, ойыны әзірге нашар деп Мадридтің түлегі, қорғаушы Начоны айтуға болады. Мүмкін тәжірбиенің аздығы шығар.
_________________________________________________________________________________________________

Турдың басқа да ойындарының нәтижесі:

Сельта – Вильярреал 0:0
Валенсия – Севилья 3:1
Райо Вальекано – Барселона 0:4( Барсаның ойыншысы хет-трик жасады, бірақ ол Месси емес, қызық ә?!)
Вальядолид – Атлетико 0:2
Осасуна – Эльче 2:1
Реал Сосьедад – Малага 0:0
Альмерия – Леванте 2:2
Бетис – Гранада 0:0
Эспаньол – Атлетик (Бүгін ойнайды)
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше