Тілмашқа 120 кеңес

Блог - Anuarbekkyzy: Тілмашқа 120 кеңес
Сіздермен отандық ұйымның тегі ағылшын тілмашы берген 120 кеңеспен бөліскім келеді. Ағылшын тілін жетік меңгердік деген сенімде болсақ та, қанша жыл оқысақ та, көп нәрсені жұмыс жасағанда ғана тәжірибеде біліп жатамыз. Білместіктен, орыс, қазақ тілінің ережелерімен шатастырып жатып, қате жіберіп жатамыз. Сондықтан аударма саласына жаңа келіп жатқандарға пайдаға асар деген үмітпен

I. Емле мен тыныс белгілері

1. Ағылшын тілінде нүктеден кейін екі бос орын қалдыру керек.
2. Америкалық әлде британдық орфографияның қайсысын таңдасаңыз да бірізділікті сақтаңыз.
3. Қай сөз табының қызметін атқаруына байланысты әр түрлі жазылатын сөздер:
*principle – noun; principal – adjective;
*effect – noun; affect (әсер ету) or effect (жүзеге асыру) – verb
*stationery – noun; stationary – adjective (not moving)
*licence – noun; license – verb (UK); license (US)
*practice – noun; practise – verb (UK); practice (US)
4. Cannot әрдайым бірге жазылады.
5. Төртінші fourth деп жазылады (forth ЕМЕС, бұл басқа сөз).
6. Please сөзінен кейін үтір қойылмайды.
Please note that
7. That сөзінің алдында үтір қойылмайды.
He said that
8. Ағылшын тілінде бастауыш пен одан кейінгі анықтауыштың арасына үтір қойылмайды.
Decree having the force of a law
9. Ағылшын тілінде мағынасы қарама-қайшы сөз тіркестері кездессе, сызықша қойылмайды.
Land shall be transferred to Kazakhstani investors for permanent use, and for foreign investors (мына жерде сызықша қойылмайды) for temporary use.
10. Ұйымдардың атауы, құжаттардың тақырыбын, келісімшарттарда бас әріппен жазуға белгіленген терминдердің артикльдері мен жалғауларынан басқалары бас әріппен жазылады (керісінше қазақ тілінде тек бірінші сөз ғана бас әріптен басталады).
Ministry of Energy and Coal Industry
11. Нақты келісімшарттарда бас әріппен жазылуға белгіленген термин болмаса, былай кездері кішкентай әріппен жазылады.
Мысал, Tenge, Contract, Contractor, Company
12. Мына сөздердің арасына дефис қойылмайды:
Prime Minister
vice president
business plan
force majeure
press conference, press release
13. Адам аты-жөнін латын әліпбиімен жазғанда абай болыңыз, мүмкіндігінше құжатына қарап жазыңыз
у – u (sum сөзімен шатастырмау үшін өзбектің сомы – soum)
ю – yu
ж – zh («j» емес)
г – g (Kazhegeldin, Kazhegheldin)
ай – ai (Abai, Abay емес, бұл сөз «абей» деп оқылады)
е (сөздің басында келсе) – ye (Yermek, Ermek емес)
е (сөздің ортасында келсе) – e, мысалы, Даукеев — Daukeyev, Daukeev болса, DauKIV болып оқылады.

II. Сандар мен мезгіл

14. Number сөзін “N” емес No. деп қысқартамыз, көпше түрі Nos. Бұдан кейін бос орын қалдыру керек.
*Decree No. 157 of the President of the Republic of Uzbekistan dated 30 September 1996

15. Әдетте “thousand” сөзі жазылмайды:
*58,4 мың – 58,400 (58.4 thou. емес)

16. Ағылшын тілінде ондық бөлшектер нүктемен ал мыңдық бөлшектер үтірмен бөлінеді:
*6,9% (қазақ тілінде) – 6.9% (ағылшын тілінде)

17. 7-баптың 6-тармағы дегенді Article 7.6 деп жазған дұрыс (“paragraph 6 of Article 7” емес)

18. Келісімшарттарда қазақ тілінде бірінші санды, содан соң жақшаның ішінде сөзбен жазамыз, ағылшын тілінде керісінше бірінші санды сөзбен, содан соң цифрмен жазады.
*0% (нөл пайыз) – zero per cent (0%)

19. Мезгіл: 8 October 1996 (UK — ескерту: үтір жоқ) немесе October 8, 1996 (US). Екеуінің біреуін таңдап, бірізділікті сақтаңыз. “the 8th of October” деп айтылса да, олай жазу қате.

20. Осы/ағымдағы жылдың 17 наурызында – on 17 March 1997 (қай жыл екенін нақты жазу керек).

21. Күнін жазуға орын қалдырғанда ағылшын тілінде тырнақша қойылмайды.
«__» ________ 199_ ж. — _________ 199

Жалғасы бар…
Бөлісу:
  • 27
  • 2

31 пікір

Ispek92
Жап-жақсы керекинфо, жалғасын күтеміз. + сізге
Tyulpan
аа ана бір 120 кеңесті қазақшаға аударып қойыпсыз ғой. дұрыс екен ))
satibaldi
Футбол есебі 3:0 болса, three zero емес, three nil деп айтылады.
Marco
Ағылшынша түк білмейтін кезім. Скарборо деген қалада жүрмін. МЮ-Челси суперкубокті сарапқа салып жатыр. Бір кафенің алдында тв-дан қарап тұрмын. Жампозым дүкенге кіріп кеткен. Бір кемпір таяп келді де бірдеңе сұрады. Ну енД счет қанша деп тұрғанын интуитивті түрде түсіндім де «нил нил» дедім. Ол кетті, жампозым келіп «не айттың» дид. «Нил-нил дедім» дедім. Олай айтпайды ғо деп күледі. Мен де күлдім. Жампозым «ФИФА-07» ойынын ағылшын коментаторлармен ойнайтынымды білмеймін еді.
omarbirat
9. Ағылшын тілінде мағынасы қарама-қайшы сөз тіркестері кездессе, сызықша қойылмайды.
Land shall be transferred to Kazakhstani investors for permanent use, and for foreign investors (мына жерде сызықша қойылмайды) for temporary use.
Мен қазақшасында да сызықша қоймайды екенмін. Өйткені баяндауыш сөйлемнің соңында келеді. Орысшадан аударылған сөйлемдегі қате болса керек.
satibaldi
Ағылшындар стақанда міндетті түрде бір ас қасықтай сусын қалдырып ішеді. Ішімдікке қатысты да осылай.
omarbirat
Білім базама қосып жатырмын. Жалғасы қашан?
ken
Адам есімі қаратпа сөз ретінде жазылса, одан соң үтір қойылмайды. (По крайней мере үтір қойғандарын байқамадым осы уақытқа дейін). Қазақ, орыс тілдерінде үтір қойылады.
ken
Мысалы:
Сәлем, Коля.
Привет, Коля.
Hello Kolya.
ken
Қазақшада адамдардың диалогын жазғанда әр адамның сөзінің алдына «тире» белгісін жазамыз. Ал ағылшын тілінде адамдардың сөйлегендері тырнақшаға алынып отырады.
— Әй, иттің баласы!
— Жоғал, шешш...!

«Hey sun of a beach!»
«Fuck you!»
satibaldi
Қойнақ. Амлетте де кілең сызықшамен ғой?
— Горацио?
-Ау?
-Дамбалбау, муах-ха-ха-ха(масаң Фортинбрасс қамалға беттейді)
omarbirat
Жоғарыдағы кеңестер кеңседегі аудармаға қатысты
MickThatsMyNick
Мына тақырып уақытылы екен мен үшін. Ағылшыншамды жетілдірмекпін, соңғы кезде ағылшын тіліндегі бағдарламаларды түсінбей жүрмін…
AKA
 Ұнады, жалғасын асыға күтемін.
engineer
мен ешқашан ж әрпін zh деп жазбаймын, тек орыстар ғана бұлай жасайды. Басқа әлемде ж әрпі j деп жазылады. Орысша жазылған мақаланы аударып жариялаған кезде өз тіліміздің ерекшеліктерін ескеріп түзету керек.
konvict
Қосыламын. «zh»-ді жазатындар орыстілділер ғой. Алда-жалда америка немесе британия грамматикасынан осылай жазылатынын дәлелдей алса, мұрнымды кесіп берер едім. Біз өзіміз «ZH»-деп жазғанымызбен, ағылшындар оны «З» деп оқиды.
bizbike
Кирилл әліпбиінен латын (ағылшын) әліпбиіне келтіру үлгісі бойынша осылай енді. Сосын қазақ есімдері де кезінде қате жазылып кеткен ғой. Мысалы, Джумагулова құжатта Jumagulova, ал Жұмағұл Zhumagul деп берілген. Француздар j-ны ж деп, ал ағылшындар әлбетте дж деп оқиды.
omarbirat
«Ж» деген өзі ағылшын тілінде сирек кездесетін дыбыс қой. Кірме сөздерде ғана болады ғой деймін. Бірақ латын әліппесін қолданатын басқа тілдердегі жалқы есімдер ағылшын тілінде жазылғанда түпнұсқа тіліндегі қалпы сақталады. Мысалы, француздардағы Жан деген адам аты ағылшын тілінде де французшадағыдай Jean деп жазылады. Біз ғой баяғы, жалпақшешейлік жасап жүрген. Сол себепті қазақша сөздердің «J» әрпімен жазылуынан еш сөлекеттік көрмеймін.
Соңғы түзету:
ken
Дұрыс. Сосын "қ" дыбысын «q» деп жазу керек сияқты. "Қ" дыбысы бар басқа тілдердегі сөздердің ағылшынша нұсқасында «q» әрпі жазылады. Мысалы, арабтарда солай болу керек.
Iraq — Ирақ
Umm Qasr — Ум Қаср (қала атауы)
Quran — Құран
konvict
Шон дегенді Sean деу де сол фғанцуздардан келсе керек
omarbirat
ОЛ скоттардың немесе уэльстіктердің приколы. Ағылшынша Джон дегенді Шон қылып алған. Sean деген ағылшынша ат емес, опшым. МакЛауд дегенді де McLeod деп жазады
neoman
Есте сақтайтын мәліметтер бар екен, рахмет.

Cannot бір жағдайда бөлек жазылуы мүмкін. Not-қа екпін түсіріп айтылса. Мысалы there are only to options, either you can do the task or can not do it at al.

Нүктеден кейін екі орын қалдыру дегенді бірінші рет естіп тұрмын.

Жалғасын оқығым келеді.
asaubota
мен білмейтін нәрселер бар екен
Yafoo
Осы Қазақстанда Скайп желісі арқылы ағылшын тілін үйрететін қандайда бір ұйым барма?
Болса сілтемесін сілтіп жіберсеңіздер.
konvict
Жалпы керемет ақпарат екен. Ертайын күтемін
sozak
Артық етпес деп білемін
kariim
Өткен жолы нүктеден кейін екі пробел жазылады дегенді көзім шалып қалып еді. Соның себебін түсіндірер жан бар ма екен?