Қазақстан

ҚАЗАҚСТАН

«Көрмей, білмей аңсағанмын өзіңді»,
Сәби жүрек не құдірет сезінді?
Паналайтын шаңырағыңа ұялап,
Қарлығаштай сезінемін өзімді.

Ана сүті таңдайымда татыған,
Жырларым бар өзің жайлы тасыған.
Топырағыңа бір табаным тисе егер,
«Арманым жоқ»,- деп өскен ем осыдан.
Әрі қарай

Өнер

Мектепте оқып жүргенімде жазған едім, небәрі 6 не 7 сынып шығар

Өмірдің соқса дауылы,
Іздейміз пана шатырды.
Кішкене ғана сол шатыр,
Өнерлі қолмен соғылды.
Әрі қарай

Түнмен тілдесу

Блог - Asem-K: Түнмен тілдесу

Түнмен тілдесу
Бүгін міне тағы түнмен тілдестім,
Жұлдыз санап, айменен де үндестім.
Менің мына жүректегі дертімді,
Түннен басқа түсінбейді-ау өзге ешкім.
Әрі қарай

Өсімдік әлеміндегі тамаша түрленулер

Блог - bake: Өсімдік әлеміндегі тамаша түрленулер
Алма ағашы гүлдейді, гүлі тозаңдалады, гүлдің түбінде түйін пайда болып жеміске айналады, жеміс ішінде тұқым бар. Өсімдіктердің кейбіреуін гүл дейміз. Ондай өсімдіктердің гүлінде дән — тұқым жетіледі, алма — жидек тәрізді жеміс түземейді. Сондықтан алма ағашы гүлдесе де, оны гүл деп атамаймыз.
Гүлдердің гүл жапырақтарының түстері, пішімі, құрылысымен ерекшеленеді. Гүлдердің зиянды, улы түрлері бар. Ерте көктемде гүлдейтін гүлдер арасында шамасы аз — улысы кездеседі. Кішкене балаларға ерте көктемде гүлдерді тергенге тыйым салудың осындай негізі бар.
Әрі қарай

З-ға

деуші еді махаббаттан басталады
өмірдің ләззәті мен асқақ әні
сені ойлап көздерімнен жас тамады
сені ойлап бұзылды ғой тас қамалым…

Деуші едім Мен — Абай, сен Керім
бірге өтіпі өзіңмен кештерім
Қолымда сыйлаған кестелің
Арманда кім білген кетерің

Қолымда сыйлаған кестелің,
Жөн болмас жолыңды кескенім…
Мәжмүндей мен зарлап ән салам,
Жеткізер жырымды ескенім…

Жеткізер ескен жел шерімді
Сен таптың бағыңды серіңді…
шырылдап бозторғай мен жүрмін
таба алмай қонатым жерімді…

Жабырқау күз қоңыр күн Сенсіз
жалығу зарығу үн Сенсіз
жетеле мені жел тоқтатпа
өмір де мен үшін мұң Сенсіз…
Әрі қарай

БАҚ-қа арналған ақпарат

Блог - ramakitaec: БАҚ-қа арналған ақпарат
2013ж. 25 желтоқсанда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қадырхан БаймұхамбетовҚостанай облысының Әкімі Нұралы Сәдуақасовпен кездесті.

Кездесуде басшылар өңірдегі «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасының барысын талқылады.
Соңғы екі жылда Бағдарламаның «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» және «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыттары бойынша 175 қостанайлық Бағдарлама қатысушысы жаңа пәтерлерге қоныстанды. Ал келесі жылы көктемде тағы 177 адам пәтер кілттерін алады.

«Қостанайда үйлер көп салынып жатыр.Арасында үйлердің құрылысын аяқтауды кешіктіру жағдайлары кездесіп қалады,-» деді Нұралы Сәдуақасов…. «Және олар, негізінен алғанда, форс-мажорлық және дүлей күш жағдайларының салдарынан орын алады. Дегенмен, қандай да бір қиындықтар туындаған кезде біз барлық күшті соларды шешуге жұмылдырамыз. Сонымен бірге, келешекте болдырмау мақсатында ол қателіктерді ескеріп отырамыз. Бір сөзбен айтқанда, бәрі де бақылауда және өзіңіз де түсініп отырғандай, «еш нәрсе істемеген адам ғана қателеспейді»».
Кездесуде Қадырхан Баймұхамбетов облыс Әкіміне жеке меншік құрылыс компанияларымен шарттар жасауды ойлану туралы ұсыныс жасады. Банкирлердің пікірінше, бұл Бағдарламаны жүзеге асыруды жеделдететін және, тиісінше, оны басты мақсатқа– қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге жақындататын факторлардың бірі. Мұнымен қоса, Қадырхан Баймұхамбетов Әкімге құрылыс салу үшін ірі компанияларға жер бөлу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Өз кезегінде олар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қызметкерлерін қолжетімді баспанамен қамтамасыз етер еді.

ҚТҚЖБ қостанай филиалында Қадырхан Баймұхамбетов Банк қызметкерлерінің жұмысында қиындық туғызыпотырған барлық мәселелерді жазып алды және клиенттермен пікірлесуге де уақыт тапты.

«Кезек күту мәселесін жою біздің айрықша бақылауымызда, — деді Басқарма Төрағасы клиенттерге, — «сондай-ақ біз Сіздерге ыңғайлы болу үшін Банк рәсімдерін жеңілдетуді үнемі басты назарда ұстаймыз».

ҚТҚЖБ Баспасөз қызметі
Әрі қарай

Жарнама арқылы жанама түрде дін де жарнамаланады екен немесе "Personal Jesus"

Мысалы мына жарнамада:



Иә, әні базар жоқ, оның үстіне гитарамен орындалады, бірақ сөздеріне мән беріп көрдіңдер ме???

Йоутөбеден іздеп көріп едім, ол «Personal Jesus» өлеңі болып шықты және оны бірнеше әртіс орындап шыққан:
Әрі қарай

Достар!Вконтакте сайтында жаңа парақша!

Вконтакте сайтында көбісіміздің жеке парақшамыздың бары мәлім.Сондықтан да сіздерге өзімнің ашқан Kazakh Men тобыма шақырып отырмын.Бұл жерде сіздер қызықты мәліметтер, сапалы суреттер,үнтаспалар, жеке өмірге қажет көптеген ұлы адамдардың ұлағатты сөздерін көре аласыздар.Бұл парақша жалғыз еркектерге ғана арналмаған, бұл топ жалпы адамзатқа.Бұндай пайдалы,әрі қазақша парақшалар Вконтакте сайтында кемде-кем екеніне күмән келтірмесеңіз де болады. Жазылу үшін мына сілтемені басыңыз.Және достарыңызға және таныстарыңызға айтуды ұмытпаңыздар.Өйткен жазылған адамдар саны біршама аз.
Әрі қарай

Қазақ жерінің гүлінен алынатын каучук

Блог - bake: Қазақ жерінің гүлінен алынатын каучук

Орта есеппен бір автомобильді жасап шығару үшін 100 кг каучук қажет

Каучук өндірісінің тарихына шолу жасайық. Табиғи каучук экватордың екі жағына он градус ендікте өсетін ағаштардан алынады. Гевеи ағашының қабығын кесіп, одан аққан шырын –латексті жинаған. Латексті қыздырған соң ондағы ұсақ–ұсақ шайырдың шариктері бір –бірімен жабысып, тұнбаға түседі. Жергілікті тұрғындар тұнбаны жуып, оттың үстінде ұстап каучукты кесектей алған.
1930 жылдардан бастап Совет үкіметі табиғи каучукті өндірістік көлемде өндіру үшін жарамды өсімдіктерді іздестірген. Каучук өндірісіне деп жарамды болып табылған көк сағыз гүлі болды. Қазақстанның таулы аймақтары оның табиғи ортасы болып табылады.
Әрі қарай