З-ға

деуші еді махаббаттан басталады
өмірдің ләззәті мен асқақ әні
сені ойлап көздерімнен жас тамады
сені ойлап бұзылды ғой тас қамалым…

Деуші едім Мен — Абай, сен Керім
бірге өтіпі өзіңмен кештерім
Қолымда сыйлаған кестелің
Арманда кім білген кетерің

Қолымда сыйлаған кестелің,
Жөн болмас жолыңды кескенім…
Мәжмүндей мен зарлап ән салам,
Жеткізер жырымды ескенім…

Жеткізер ескен жел шерімді
Сен таптың бағыңды серіңді…
шырылдап бозторғай мен жүрмін
таба алмай қонатым жерімді…

Жабырқау күз қоңыр күн Сенсіз
жалығу зарығу үн Сенсіз
жетеле мені жел тоқтатпа
өмір де мен үшін мұң Сенсіз…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше