Өсімдік әлеміндегі тамаша түрленулер

Блог - bake: Өсімдік әлеміндегі тамаша түрленулер
Алма ағашы гүлдейді, гүлі тозаңдалады, гүлдің түбінде түйін пайда болып жеміске айналады, жеміс ішінде тұқым бар. Өсімдіктердің кейбіреуін гүл дейміз. Ондай өсімдіктердің гүлінде дән — тұқым жетіледі, алма — жидек тәрізді жеміс түземейді. Сондықтан алма ағашы гүлдесе де, оны гүл деп атамаймыз.
Гүлдердің гүл жапырақтарының түстері, пішімі, құрылысымен ерекшеленеді. Гүлдердің зиянды, улы түрлері бар. Ерте көктемде гүлдейтін гүлдер арасында шамасы аз — улысы кездеседі. Кішкене балаларға ерте көктемде гүлдерді тергенге тыйым салудың осындай негізі бар.
Блог - bake: Өсімдік әлеміндегі тамаша түрленулер
Мамыр, маусым айларында гүлдейтін бақбақ гүлі «балалардың ең сүйікті гүлі» деп айтсам артық болмайды. Улы гүлге жатпайды, дәрілік шөп ретінде белгілі. Саябақтарда, саяжайда, бақшада жиі кездеседі.
Балалардың сүйікті гүліне айналдыратын тағы бір себебі оның түрлене білуінде шығар. Бір-екі күнде сары гүлі мамық жүнге айналады.
Блог - bake: Өсімдік әлеміндегі тамаша түрленулер
Гүл басындағы мамықты үрлеп түсірсе жан-жаққа ұшады. Әр мамық түбіндегі дәндер салмағы оларды бірдей бағыттап сәл, азғантай самал жел, ауаның қозғалысында қалқып ұша жөнеледі. Әр тұқым үстіндегі мамық -парашют оны неғұрлым алысқа ауамен қалқып ұшуына жағдай жасайды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше