БАҚ-қа арналған ақпарат

Блог - ramakitaec: БАҚ-қа арналған ақпарат
2013ж. 25 желтоқсанда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қадырхан БаймұхамбетовҚостанай облысының Әкімі Нұралы Сәдуақасовпен кездесті.

Кездесуде басшылар өңірдегі «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасының барысын талқылады.
Соңғы екі жылда Бағдарламаның «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» және «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыттары бойынша 175 қостанайлық Бағдарлама қатысушысы жаңа пәтерлерге қоныстанды. Ал келесі жылы көктемде тағы 177 адам пәтер кілттерін алады.

«Қостанайда үйлер көп салынып жатыр.Арасында үйлердің құрылысын аяқтауды кешіктіру жағдайлары кездесіп қалады,-» деді Нұралы Сәдуақасов…. «Және олар, негізінен алғанда, форс-мажорлық және дүлей күш жағдайларының салдарынан орын алады. Дегенмен, қандай да бір қиындықтар туындаған кезде біз барлық күшті соларды шешуге жұмылдырамыз. Сонымен бірге, келешекте болдырмау мақсатында ол қателіктерді ескеріп отырамыз. Бір сөзбен айтқанда, бәрі де бақылауда және өзіңіз де түсініп отырғандай, «еш нәрсе істемеген адам ғана қателеспейді»».
Кездесуде Қадырхан Баймұхамбетов облыс Әкіміне жеке меншік құрылыс компанияларымен шарттар жасауды ойлану туралы ұсыныс жасады. Банкирлердің пікірінше, бұл Бағдарламаны жүзеге асыруды жеделдететін және, тиісінше, оны басты мақсатқа– қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге жақындататын факторлардың бірі. Мұнымен қоса, Қадырхан Баймұхамбетов Әкімге құрылыс салу үшін ірі компанияларға жер бөлу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Өз кезегінде олар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қызметкерлерін қолжетімді баспанамен қамтамасыз етер еді.

ҚТҚЖБ қостанай филиалында Қадырхан Баймұхамбетов Банк қызметкерлерінің жұмысында қиындық туғызыпотырған барлық мәселелерді жазып алды және клиенттермен пікірлесуге де уақыт тапты.

«Кезек күту мәселесін жою біздің айрықша бақылауымызда, — деді Басқарма Төрағасы клиенттерге, — «сондай-ақ біз Сіздерге ыңғайлы болу үшін Банк рәсімдерін жеңілдетуді үнемі басты назарда ұстаймыз».

ҚТҚЖБ Баспасөз қызметі
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше