Уақыт - алтыннан да қымбат!

«Уақытым жоқ!» Бұл қазіргі кездегі қоғамның көрінісі. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін осы сөзбен өмір сүріп келеді. Жиі ауызға алады. Уақыт деп жиі күрсінеді. Шын мәнінде, уақыт дегеніміз не?! Оның жеткізбейтін қандай құдіреті бар?!

Француз зерттеушісі Мишель Сифр 1960 жылы тәжірибе жасап көріпті. Ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріпті. Нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. Яғни, уақыттың ақырын немесе жылдам өтуі тек өзіңізге байланысты екенін дәлелдеді. «Уақыт-керемет ұстаз, алайда шәкірттерін өлімге қиятыны жаман» деп күрсініпті бір ғалым. Енді бірі: «Уақыт алақанымызға құйып алған су секілді, шөлімізді қандырып үлгеруге тиіспіз» дейді.

Демек, жасын да, жасамысын да өз дегеніне көндіретін уақыттың «жұлдызы жанған» нақты анықтамасы жоқ. Тек бір білетініміз өмірдің бір орында тұрмайтындығы. Ағын судай екпіндейтіндігі. Уақыт, өмір туралы ойлағанда, Ұлықбек Есдәулетов мына өлең жолдары еріксіз ойыма оралды:
Асықпайтын уақытта асығамыз,
Ақиқатты несіне жасырамыз.
Жолға шықсақ жетуге асығамыз,
Жете салып кетуге асығамыз.
Таңда балабақшаға асығамыз,
Түсте алар ақшаға асығамыз.
Мүлт кеткенді тергеуге асығамыз,
Біреу өлсе жерлеуге асығамыз.
Таныса салып дайынбыз достасуға,
Амандассақ даярмыз қоштасуға.
Үйлене сап жатамыз ажырасып,
Асығамыз болуға тағы ғашық.
Жағаласып, сандалып, сабылысып,
Жүгіреміз қашанда асығысып.
Төзім құрып қалған ба, тағат тозып,
Әлде жүрегіміз кеткенбе сағатша озып.
Уақыт жоқ деп, уақытқа бас ұрамыз,
Осы біздер қай жаққа асығамыз?!..

Пы.Сы: Мына өлеңді Күләш Ахметованыкі дейді бір жолдасым. Кім жазса да, жақсы жазған. Осы өлеңмен түйіндегім келді.
Әрі қарай

Құштарлық

Мақпал түндер жұлдыздарын жаққанда,
Мен ұқсаймын бақытымды тапқанға.
Бүгінімді ертеңіме жалғаған,
Құштар жаным арайланған ақ таңға.
Әрі қарай

Мұқағалиға хат...

Әлемдік махаббат, отан шығармалырының дәрежесімен санасатындай өшпес өлең, поэмалардың авторы, қазақ поэзиясына өшпес із қалдырған шығармалар иесі, ақиық ақын Мұқағали аға сәлеметсізбе? Ең алдымен хәл-жағдайыңызды, тұрмыс-тіршілігіңізді сұрар едім. Бірақ, Алла мұндай мүмкіншілікті менің маңдайыма жазбапты.
Сіз туылғанда қазақ әдебиеті бір сатыға көтеріліп, аспан әлемінде жарық сәуле шашқан жұлдыз пайда болды. Бойыңыздағы қазақтың, Нарынқол жерінің ақындық қасиеті дарығанына қуанғанда шығарсыз. Осы күнде сіздің шығармаларыңызды оқып, өсіп- өніп жүргенім бар. Сіздің өлеңдеріңізді оқи отырып, ақындық қасиетіңізді Пикассо, Леонардо Да Винчи қолындағы қылқаламдай елестетемін. Өлеңдеріңізді оқып отырып әлемдік суретшілер түсірген бояулардың, шығармалардың кескін- келбетін көріп отырғандай әсерде боламын.
Мұқағали аға сіз туылғанда пайда болған жұлдыз әлі күнге дейін жарығын шашуда. Ол жарық біреулерге ем, біреулерге отанға деген сүйіспеншілік, басқасына махаббат, ғашықтық сезім таратуда. Өз заманыңызда лайық бола алмасаңызда қазірде сіздің мәртебеңізді биік, ақиық ақын деп тануда.
Мұқағали аға, сіздің жұлдызыңыз мәңгі биік болып қалады…
Блог - beka95: Мұқағалиға хат...
Әрі қарай

Нуртас Абиловтын өлендері

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Көрдін бе? жүрегім, сыздағанын.
Әлсіреп, жаным құрып бара жатыр!
Кызғанумен бүгінде, сансыз ойым!
Жүрекке де, жыйналып ап! ашылмады,
Құлыптаулы қайран сенің жүрегіңді?
Мендегі-ау?қызғаныштар бұзалмады.

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Анау ұшқан,қанатты құстан да?
Мынау құлпырып шықан гүлден де?
Тозыпта,қорланып болған жүрегім!
Кызғаныпта бәрінен жылап өртенді…

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Білемін менен басқа, жандар барын,
Мыңдаған милиондаған ұлдар барын,
Уайымдауға шамам жоқ,қыздар жанын!
Себебі өзіңді барінен қызғанамын!

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Білемін,қызғаныштар жаман деген.
Себепсіз баріенде,қызғана берем!
Себебі, сені бәрінен артық көрем!
Мен өзіңді басқалардан қызғанамын.
Қызғанышып өшпей жатыр, көкте жаным!
Өзіңмен арпалыспадым бекер жаным!
Ақымақ дейгөрме,қорлама мені жаным!
Себебі қызғанышыды баса да алмадым!
Себеп, басқаларды жүрегіме қаламадым!

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Қызғанамын мына түнгі, айдан да?
Түні бойы бір өзіңеде,қарайтұғын.
Терезеңнен сығалапта, саған жаным!
Маған емес, сен айға сырыңды айтып!
Мемнен емес, аймен сен сырласасың!
Сондықтан сені олардан қызғанамын!

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Қызғанып жүріп, саған ан арнадым!
Ноталарын жазуды да, білмесемде?
Қара сөзбен өрнектеп, саған жаным!
Құс қанатына байладым, апарсын деп,
Қызғаныштан шықан мынау мұңымды.

Қызғанамын жайнап шықан гүлден де?
Түсіп ажарыңа,өлмейтұғын күнен де!
Жыламсырап төкен мынау, жаңбырлар,
Қызғанышқа да, айналды ғой, көзжасым!
Сорғалап ақан, көзжасымда жанардан,
Кетпеші сен деумен саған жылады.

Мен сені бәріненде,қызғанамын,
Қызартып шашып қойған қызғалдағым!
Еске алумен сендегі, мұңдарды жаным!
Жүрегім сен деп ойлап қатып қалған!
Мен қызғанбай!қайтемін айтшы жаным..!?

Жеке сайтынан қарай аласындар nurtas0.webnode.ru/
Әрі қарай

Оқып көр, ой салар...(7) "Біз ішпеген у бар ма?"

Бұл жазбам осыдан бірнеше ай бұрын жазылған еді. Десе де, назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмын!
Біз ішпеген у бар ма?

Зиянсыз болса, зымырандар неге құлайды?
Блог - daryn: Оқып көр, ой салар...(7) Біз ішпеген у бар ма?
Азаттық таңының астында тағы да жарылыс. Кезекті рет көкке көршіміздің зымыраны емес, халқымыздың үрейі ұшты. Қазақтың Жер- Анасының жүзіне тағы әжім түсті…
Маусымның 2 күні Астана уақыты бойынша сағат 8.30-да ұшуы тиіс болған «Протон-М» зырмыран- тасығыш ғарыш айлағынан 60 км жерге түсіп жарылды. Қоғамда қызу толғаныс тудырған осы бір оқиғаның айналасында дау көп. Билік өкілдері «қауіптенетін дәнеңе жоқ, бұл жәй ғана жарылыс» деді. Бұқпантай болмыс оңай ма? Үш жыл сайын жеріне ракета құлап жатса, «үш күнде көрге де үйренесің» дейтін қазақ, көнбегенде қайтеді?!..
Рас, бұл бірінші рет орын алып отырған жағдай емес. 2005 жылы Қармақшы ауданына, 2007 жылы Жезқазған қаласының маңына, биыл Байқоңырға орыс ракеталары құлады. «Байқоңырды жалға бердік» екен деп, жат жұртты желкемізге мінгізгеніміз қалай?..
Байқоңырдың зымыраны қазіргідей озық техниканың дәуірі орнамай тұрғанның өзінде түзу ұшпап па еді? Енді, көгіміз азат, көкбайрағымыз жел біреген заман да жалға берген ғарыш айлағымыздан бір емес, қатарынан үш зымыранның құлдилап, қазақтың даласы мен ауасын аяусыз улауын қалай түсінуге болады?..
Кешегі төріне шығарғанымен, төбесіне шығармайтын қазақ халқы қайда? Жәнібектің жаугершілігнен, Абылайдың айбарынан, Кенесарының намысынан, Махамбеттің жүректілігінен сау-тамтық та қалмағаны ма?.. Шыдамның да шегі болмаушы ма еді?.. Неге бағзы заманнан ұрпақтан- ұрпаққа мирасқа қалған қасиетті қазақ жері жарылыстың мекеніне айналуға тиіс?..
Қазақ елі Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың пайымдауынша, бұл «Ресейдің ішкі проблемасы екен», оған біздің бас қатыруымыздың қажеті шамалы көрінеді. Сонда жарылыс қазақтың жерін е болса, бұл қалайша көршіміздің жеке мәселесіне айналады?..
Сөйтсек, о баста, 2006 жылы келісім-шартқа солай деп қол қойылған екен. Бірде танымал бір тұлғаның: «Біздің биліктегілерге саяси сауаттылық жетіспейді» дегені бар еді. Бұл саяси сауатсыздықтың кесірі ме, әлде, мәңгүрттіктің жемісі ме – дөп басып айту қиын.
Қалай десек те, еркіндік алған егемен ел үшін, даласы текті тұлғалар мен білекті батырларға бай қасиетті қазақ үшін «өз жеріңде өзгенің әмірі жүрді» дегеннен асқан қорлық бар ма?..
Айталық, әгәрдәкім, оқиға мүлдем керісінше өрбігенде, мысалы, қазақтың ұшырған зымыраны Ресей аумағында жарылғанда, өздерін аюға телитін көршіміздің – әлемге айқайлап, байбалам салары шығар күндей шындық болған болар еді. Сондықтан, қазаққа көлеңкенің бәрі – сая емес екендігін ұғынатын уақыт жетті…
Жарылыстан депутаттардың дегбірі қашты ма? Тек қана сена¬тор Мұрат Бақтиярұлынан басқасы ізім-ғайып тығылып, інінен шығар емес. Бетін аулық қылсын, алпауыт апат жағдайында немесе ұлтқа қауіп төнгенде «халық қалаулырының» сиырқұйымшақтыққа салынатын жөні жоқ қой. Қайсар атамыз Бауыржан Момышұлының: «Сатып алған жауынгер майдан болса, ешқашан жанын салып соғыспайды» деген жігерлі сөзі еріксіз ойға оралады. Амал қанша…
«Орын алған шығынды Ресей Федерациясы өтеп береді» дейді, біздің билік. Осыған дейін далаңда мыңғырған киігіңді, бүлінген топырағыңды, уланған жайылымдарыңды, қырылған малыңды, ең бастысы, жыл сайын дүние есігін кемтар кейіпте ашып жатқан қарагөз іні-қарындастарымыздың тағдырын қайдағы бір жасыл қағаз қалпына келтіреді дегеніне кім сенеді?!.. Әлі күнге дейін қоңыртөбел күй кешіп жатқанымен қазақ қараңғы халық емес…
«Байқоңырдағы жарылыс нәтижесінде барлық химиялық заттар жанып, түтіні бұлтқа айналды, енді қауіп жоқ» делінді. Бірақ, бұлттың да түбінде – жерге қайтадан жауын болып түсері анық қой. Улы жауыннан кейін төрт түлік мал мен төл табиғатымыздың қауқары қалай болар екен?!..
«Кигенде алаңсыз кепті,
Қартым-ай, ретің сынар:
«Гептильді залалсыз депті,
Өкімет білетін шығар» – деп жазып еді ақын Ғалым Жайлыбай.
Гептильдың адам баласына тигізетін зияны орасан зор. Ол көздің жиі жасаурауына, тыныс мүшелерінің тарылуына, жүйке жүйесінің жұқаруына, ең сорақысы, адам баласының миының ағып кетуіне дейінгі дәрежеде залал келтіреді.
«Бір жамандықтың – бір жақсылығы болады» деген ата-бабамыздың пәлсапасына сүйенсек, орын алған апатты жағдайдың – қазақтың туған топырақ, өскен жерін жат қолға жалға бермеу керектігін санасына нықтап сіңіріп, ащы сабақ болғаны айқын. Тарихтан тағылым алмаған елдің болашағы бұлыңғыр тартады. «Ақша» деп жүргенімізде – бақшамыз жеміссіз қалатын түрі бар…
Тарихымызды тереңнен тартқан жалынды жазушымыз Ілияс Есенберлин: «Қазақтың кеңпейілділігі, ақкөңілділігі сондай – жауының құшағында тұрғанпышағын аңғармайды» деген екен. Көрші көріп, көңіліне қарап, кім көрінгенді құшағымызға аламыз деп жүріп, пышағына ілініп қалмасақ дейміз. Әйтпесе, зиянсыз болса, зымырандар неге құлайды?.. Данышпан Абайға ұқсатып айтсақ: «Біз ішпеген у бар ма?..»
Әрі қарай

№ 7 эстафета: Өлеңді аудар

Қазақша үйренейік: № 7 эстафета: Өлеңді аудар

temir_88 эстафетаның бұтағын маған берген еді. Аптаның соңына келіп қалған соң белсенділік төмендеп кетті. Сол үшін жұмыс күндеріне таяу уақыт ыңғайлы болар деп ойладым. Кешіктірген болсам кешірім сұраймын. Бүгін сіздерге жаныма жақын болып кеткен Пушкиннің бір өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмын. Мықты аудармалар күтеміз. Сәттілік тілеймін!

Я помню чудное мгновенье:
Передо мной явилась ты,
Как мимолетное виденье,
Как гений чистой красоты.

В томленьях грусти безнадежной
В тревогах шумной суеты,
Звучал мне долго голос нежный
И снились милые черты.

Шли годы. Бурь порыв мятежный
Рассеял прежние мечты,
И я забыл твой голос нежный,
Твои небесные черты.
Әрі қарай

Facebook 10 жыл

Сіздің потенциалыңыз біздің құштарлық.Фейсбүүкке 10 жыл Әлемде ең көп тұтынушы ретінде танылған әлеуметтік желі фейсбүүк алғаш 2004 жылы 04 ақпанда өзінің жұмысын бастаған.Демек алдағы сейсенбі аталмыш  әлеуметтік желіге 10 жыл.Фейсбүүк парақшасын бүгіңгі таңда 1 млрд белсенді пайдаланады.2010 жылы фейсбүүк пайдаланушылар саны 500 млн болса 2013 жылғы мәлімет бойынша 1 млрд болды.Пайдаланушылардың орта жасы 22-23 жас болса, АҚШ, Бразилия,Үндістан, Индонезия тәрізді мемелекеттерде осы парақшаны ең көп қолданылатын ел дер қатарына жатады екен.Ал 2013 жылыға дейін фейсбүүк пайдаланған 1 млрд азаматтар 1,13 трлн лайк, 219 млрд сурет қойылған деген ресми мәлімет бар.Сонымен қатар ақылды ұялы байланыспен көп қолданатындар саны шамамен 600 млн екен.Әр минут сайын фейсбүүкте 1 млн сілтеме таратылса,әр сағат сайын  4,5 млн адам фейсбүүкте шақырту алады ал әр минут сайын фейсбүүкте 100 мың адам дос болып қабылданады екен.Орта есеппен адам өз аккаунтына күніне 2 рет кіреді дейді.Ал мен қоссам қайтып жатарда бірақ өшірем.Ал Қазақстанда осы парақшан қолданатындар саны 340660 астам дейді кей мәліметтер.Сондай ақ орта азия елдерінде осы парақшаны пайдалану жағынан бірінші орында екенбіз. Жалпы бұл парақшаның берер пайдасыда зияныда айтарлық.Мұндағы мен үшін тиімдісі мен барлығымен дос бола аламын.Мен өз ойым көзқарасымды еш қымсынбай жеткізе алам.Мені бәрі оқуы мүмкін.Ал осы  парақшаны дұрыста сауатты мәдениетті қолдана білейік.Айтпақшы Сіздің потенциалыңыз біздің құштарлық.Ол осы фейсбүүктің ұраны екен.Оны өзімде ұқпадым ау…
Әрі қарай

Сіз барда...

Мұң атаулы жолай алмас көңілге,
Қорқыта алмас мені тіпті өлім дe,
Сіз болсаңыз жүрегімнің төрінде…

Сіз барда …
Суыта алмас сезімімді ызғар да,
Қарсы тұрам қарлы боран мұздарға,
Жетелейді алға мені үнемі,
Көкірегімде бүршік атқан ізгі арман
Жүрегімде сіз бар да…
Ештеңе емес…
Ештеңе емес жаным біраз тоңғаны,
Түк те емес көңілге мұң қонғаны,
Атады әлі талай шуақ таңдарым,
Жүрегімде сіз болсаңыз болғаны…
Әрі қарай

Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы

  • KazNET
KazNET: Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы

"Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы" деп аталатын бұл жоба, Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі, оның ішінде ғаламтор әлеміндегі бостықты толтыруды көздейді, өздеріңіз білетіндей Қазақ тілді ғаламтор әлемінде білім саласына қатысты сайттар көбейіп келеді, сол сайттардың ішінен ешқайсысына ұқсамайтын өзіндік ұстаным қалыптастырып, өзіндік функцияларымен ерекшеленетін портал құру біздің көздеген мақсатымыз болды, осы барыста көп іздендік, басқа сайттарды зерттедік, сараптама жасадық, немен ерекшеленеміз деп ойландық, бұдан бұрын сайт құруда жиналған тәжірибемізден қортындылар шығардық, көпшілік әріптестеріміздің (ұстаздардың) ІТ технология жағынан әлі де ең бастапқы деңгейде тұрғандығын назарға алдық, ең бастысы сапалы да қолжетімді ортақ білім қорын құруды мұрат еттік. Осы қорытындыларды сарптай келе сайттың функционалдық мүмкіндіктерін ұстаздарға барынша бейімдеуге тырыстық, ал патша көңілді ағайын сайттың бета нұсқасына бағаларыңызды беріп, сын көздеріңізбен қарап жіберсеңіздер, сурет жағынан біраз кемшіліктері бар, суретті барынша сапалы көрсету үшін жұмыс істеп жатырмыз, аударманың сайт бетіндегі лекцикалық сәйкестігін қадағалап, байқалған қателіктерді дұрыстап жатырмыз, неде болса Қазнетке жаңа сайт қосылды.
Әрі қарай

Рамон Деккерсті танисың ба?

Блог - Nodar: Рамон Деккерсті танисың ба?
Тай боксының әлемге кең танылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Сондықтан да болар, осы төбелес түрінің шеберлері туралы да білетініміз шамалы. Әрине Буакавтың жығыстарын көргендер бар, сосын тай боксы туралы Тони Джаа арқылы білгендер бар. Фанаттар болмаса, жалпы көпшіліктің білетіні осымен тәмам.
Тай боксының тарихында «Жылдың ең мықты тай боксшысы» деген атаққа қол жеткізген тек жалғыз ғана шетелдік, яғни тай ұлтынан емес, спортшы бар. Ол муай тайдан сегіз мәрте әлем чемпионы болған, таиландықтар алдарында бас иіп, мойындаған Рамон «Гауһар» Деккерс. Ия, ия ерекше өнері мен мықты күші үшін «Гауһар» /Бриллиант/ аталып кеткен Рамонның алаңда көрсеткен төбелестері кезінде Таиланд спортшыларын талай састыртқан.
2013 жылдың ақпан айында көз жұмған ұлы боксшыны керекинфолықтар біле ме екен?
Оны әлемнің #1 тай боксшысы дегенге келісесіздер ме?

P.S. Тақырыптан тыс мәлімет. Форсаждың алдағы уақытта жарық көретін жетінші бөлімінде Тони Джааның алғашқы голливудтық ролін көре алатын болдық.
Әрі қарай