Құштарлық

Мақпал түндер жұлдыздарын жаққанда,
Мен ұқсаймын бақытымды тапқанға.
Бүгінімді ертеңіме жалғаған,
Құштар жаным арайланған ақ таңға.

Жан шығармын құштарлықтан жаралған,
Оңашада сыр тартамын ғаламнан.
Бесігіңе бөле мені, тіршілік,
Әлдиіңді кем көрмедім анамнан.

Құстар әнін аспан тыңдап жатқанда,
Ұқсадым шын шаттығымды тапқанға.
Шуағыңды төк, төбемнен жарық күн,
Ойға батсам маужыраған бақтарда.

Дала жатса ұқсап мынау керімге,
Жүрегімді ән тербейді менің де.
Айналама сәби көзбен қарасам,
Құштарлығым шығар, бәлкім, өмірге…
Блог - AknietTanirbergenkyzy: ҚұштарлықБлог - AknietTanirbergenkyzy: ҚұштарлықБлог - AknietTanirbergenkyzy: Құштарлық
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше