Дей берсін

СЫНШЫҒА СЫН
Бiр әдебиет сыншысының вилласының есiгiнде “қабаған ит” деген жазуы бар тақтайша iлулi тұрыпты. Оған бiреу қарындашпен: “Иә, солай. Бiрақ принциптен жұрдай”, – деп жазып кетiптi.
Әрі қарай

ТІРІ БОЛУ МҮМКІНДІК ПЕ?

Өмір қарама қайшылықтарға толы. Өмір бар жерде өлім, қуаныш бар жерде қайғы, күн бар жерде түн бар… Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Адамның ішкі жан дүниесінде қарама — қайшылықтар қаншама?! Әлдебір жетістікке қол жеткізген болсақ, өзіміз жеткендей-ақ мәз майрам боламыз. Ал әлдебір қайғыға душар болсақ, өзіміз емес, өзгелер кінәлі болып шығады. Сатып кеткен досымызды немесе аяқтан үнемі шалатын қасымызды, одан қалса меклекетті кінәлап, ең аяғында тағдыр мен Құдайға тіл тигізіп тынамыз. Өзгелерді кінәлау барысында бізде таңдау мүмкіндігі бар екенін, сол мүмкіндікті тиімді пайдалана алмаған өзіміздің кінәлі екенімізді ұмытып кете береміз. Бұл жазба сол таңдау мүмкіндігін тиімді пайдалана алмай жүргендер туралы десем қателеспеспін. (мүмкін қателесермін)) ).

Әрі қарай

Жаңа ән - "Вахтовиктің сағынышы". Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1)



Өлеңді жүктеп алуыңызға болады.

«Вахтовиктің сағынышы».
Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter ), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1 )

Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын,
Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.

Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
Той-томалақ менсіз де өте жатар,
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.

Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
Әрі қарай

"Дала сазы"- ол не?


Иа, иа, иа "Ғаламартты" тұрақты оқитын оқырмандар, достар бұл сұрақтың жауабын бірден айтар .
Дегенмен, өзім басы қасында жүргендіктен де қысқаша жаза кетейін . Менің ұйымдастыру жұмыстарына қатысып жатқан алғашқы жұмысым ғой, толқу да жүгіру де көөөп .
Көрме туралы қысқаша:
Әрі қарай

Лянга ойыны есіңде ме?

Балалық шағымызда ойынның неше түрін ойнаушы едік. Сол ойындардың ішінде ең сүйікті ойындардың бірі ляңкі ойыны осы. Мектепте команда болып бөлісіп алып жарысатынбыз. Негізі түбі қытайдан шыққан дейді интернет бойынша іздестіріп көріп едім. Жалпы азияда кең таралған екен.
Әрі қарай

Қолданыстағы электронды пошта қызметіңіз қандай?

Өзіңіздің қолданатын пошта қызметінің сапасы туралы пікір қалдыра кетсеңіз. Әсіресе, спам өткізу жағы бойынша. Қажетсіз хабарламаларды көп аласыз ба? Қай пошта қызметінің қызметі сапалырақ екені туралы пікір қалдыруыңызға болады.
Әрі қарай

((((((((((((((((((((((

демалыс күні, Эпольдаға мамасы оқулығын оқытпақ болған(2 класқа арналған әдебиет оқулары). Мен видеоға жазып ала қоймақ болдым… Қазір мен барлық қылықтарын* видеоға жазып алуға тырысып жүрмін Эполь оқи жөнелді, ал мен жазып бастадым, бір кезде Әже мен кішкентай немересі арасындағы диалогқа құлағым түсіп кетті((((( о божь,
— әже сен өлесің, егінді егіп қайтемін, мені ауқатты жан ұя асырап алады делінген капец, басында сестрам екеуміз күліп жібердік те, капец/капец басқа эпитет кемей қалды, қайғылы оқиға ғо, баяғыдағы ертектер қайта кеткен безобидный? деп бір түрлі болып қалдым…

Мына пост қатталып атқанда: таңертен осы кітапты үй/ішімізбен шок болып, талқылап жатып, тағы бір кісінің(ауылдағы) немересі, ата сен өлесің, сенің артындағы үй жай, байлық бізге қалады деген сөз айтқан дейді, бұнан артық сұмдық керек жоқ шығар
Әрі қарай

Испандықтардың маған әсері

Испандықтар менің көзімде Альмодовардың фильмдеріндегідей болған. Иә, бәрі сол режиссердің киноларынан басталды десем болады. Санаңда қызу шоқтай із қалдыратын оның туындыларын көріп, сол бір бізге ұқсамайтын, тылсым дүниені көруге құштар болып қалдым. Алдымен Испанияның сұлу табиғаты қызықтырса, екіншіден Педро Альмодовар фильмдеріндегі саундтректер менің плейлистімнің сүйіктілер қатарына қосылды.
Әрі қарай