«Вахтовик» сағынышы
Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын,
Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.
Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
Той-томалақ менсіз де өте жатар,
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.
Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
Қызым әне суретіме қолың сермеп,
Бұл кім десең, бал тілімен «Бап-па» дейді…
Кейде ойлайсың, «шешестің» деп бұл жүрістің,
«Табамын» деп «оңай жолын күнкөрістің»,
Тағы ойлайсың, әлі біраз жүрсем бе деп,
Қылтиғанша бір шеті өнген істің…
Дәл өзіңдей үйімде бақыт бар да,
Жүре берем еш қиналмай қашықтарда,
Вахтовиктің жұмысы қиын боп па,
Ең ауыр жүк вахтовикке ғашықтарда…
Асқардың даусы «Ногу Свело» группасындағы Максимдікіне ұқсайды екен) бірақ сөзінің соңғы жағы дұрыс естілмей қалып жатыр, ал Абзал гитараны норм ойнайды екен.
Дауыс анық естілмейді екен. Гитараның әуені ұнады. Көзіне очки, аяғына нәски киіп алған, аузына шылым қыстырып, алдында бір жартысы бар, қолына гитара ұстаған адам елестеп кетті ғой көз алдыма!
Әңгіме жоқ, амиголар! Рахмет. Қатырыпсыңдар. Абзалдың даусы ерекше
Үйде гитарам бар, келген соң салып көру керек екен. Ақыры ән қосқан екенсің, ұсыныс бар, соңғы куплетін қайырмасы етіп алса қалай болар екен?
Той томалақ туралы айтқаның дәл!!! Біздікілер жылайт та жүреді))) Бірі келіп бірі кетіп жатады ғой ауылда, «мен келетін кезде жасаш тойды», «мен ауылда болам бекен» деген әңгімелерді талай айтты құрдастарым! Өлтіред)))
ия мүмкін, ауылдық жарыста ұтам деп ұта алмай кеткен, аудандық жарысқа қатысам деп қатыса алмай кеткен, Ән мен әншіге шақырылады деп шақырылмай кеткен атақты қазақтың дарабозына керемет емес деп айтып отқан жайғана азасың
Дабай е қойш, танансты төмен алғансың ғо, дауысың сыбырлап тұр. Мақұл, сағыныш екен, мұң екен, алайда, тыңдаушы дауысыңды естуі керек қой. Қандай ән, қаншама үлкен әлеуметтік мәселе көтеріп тұрған ән, әттең орындалуы шикі! Ренжімеш, әкессс, жарыспасаң жарыспай ақ қо, мына ән біздің ауыл жақта қит болайын деп тұрған ән еді, қап, қаааап!
Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын,
Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.
Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
Той-томалақ менсіз де өте жатар,
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.
Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
Қызым әне суретіме қолың сермеп,
Бұл кім десең, бал тілімен «Бап-па» дейді…
Кейде ойлайсың, «шешестің» деп бұл жүрістің,
«Табамын» деп «оңай жолын күнкөрістің»,
Тағы ойлайсың, әлі біраз жүрсем бе деп,
Қылтиғанша бір шеті өнген істің…
Дәл өзіңдей үйімде бақыт бар да,
Жүре берем еш қиналмай қашықтарда,
Вахтовиктің жұмысы қиын боп па,
Ең ауыр жүк вахтовикке ғашықтарда…
Қызым әне суретіме қолың сермеп,
еске жеңгелер түседі.
Үйде гитарам бар, келген соң салып көру керек екен. Ақыры ән қосқан екенсің, ұсыныс бар, соңғы куплетін қайырмасы етіп алса қалай болар екен?
www.youtube.com/ саңдарЧ плз.