Жаңа ән - "Вахтовиктің сағынышы". Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1)



Өлеңді жүктеп алуыңызға болады.

«Вахтовиктің сағынышы».
Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter ), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1 )

Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын,
Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.

Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
Той-томалақ менсіз де өте жатар,
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.

Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
Әрі қарай

"Армадада" жүздесу!

Құрметті Атыраулық керекшілер!


Ертең, яғни ақпан айының 1-жұлдызында Алматылық керекші Мақпал-Зилоланың Атырауға кезекті сапарына орай «Армада» лоунж-барында кездесу ұйымдастырып жатырмыз.

Ауа райына байланысты кездесу осы бейсенбі, 2-ақпанға шегерілді.

Уақыты: 19.00 ~ 19.30 (жұмыс барысына қарай)
Өтетін орны: Атырау қаласы «Айжан» кешені, 4-қатар алишаның ұсынысымен

Келем деушілерге есік ашық!
ПыСы: Егер таңдалған орын көңілге қонымсыз деп тапсаңыз, өз пікіріңізді білдіре отырып, жаңа орын ұсынудан бас тартпаңыз.
Ұйымдастыру комитеті атынан: nurbergen_makym VS Gulistan
Әрі қарай