"Армадада" жүздесу!

Құрметті Атыраулық керекшілер!


Ертең, яғни ақпан айының 1-жұлдызында Алматылық керекші Мақпал-Зилоланың Атырауға кезекті сапарына орай «Армада» лоунж-барында кездесу ұйымдастырып жатырмыз.

Ауа райына байланысты кездесу осы бейсенбі, 2-ақпанға шегерілді.

Уақыты: 19.00 ~ 19.30 (жұмыс барысына қарай)
Өтетін орны: Атырау қаласы «Айжан» кешені, 4-қатар алишаның ұсынысымен

Келем деушілерге есік ашық!
ПыСы: Егер таңдалған орын көңілге қонымсыз деп тапсаңыз, өз пікіріңізді білдіре отырып, жаңа орын ұсынудан бас тартпаңыз.
Ұйымдастыру комитеті атынан: nurbergen_makym VS Gulistan
Бөлісу:

67 пікір

asaubota
атыраулықтардың саны онсыз да белгілі емес пе, былай жарияламасада болады дегенім ғо
Gulistan
Жариялау керек болып тұр, соңғы кезде шашыраңқы болып кетті
Nurgisa


Сигма бар, бәленти…
Бляк энд вайттың дәуірі капутқа кетті ме, Анар?
Керекинфо рухын барып бір асқақтатсаңдаршы сонда. Тоғыз адамдай жиналып қалатын шығар?
Gulistan
Керектің қазіргі құрамына Бляк энд уайт тарлық ететін сияқты…
Gulistan
9 адамдай жиналып қалады дегенмен, әлдеқандай шаруалар шығып қалып, келмей қалулары мүмкін.
nurbergen_makym
Ертең газет шығатын күн ед… Но, көп кешікпей бап қалармын. Армаданың сырасы жақС, айтпақЧ, Халк, Сабалақ!
asaubota
шамалы гламурныйлау сияқты ғой, ана мекен. сыра әзер өтетін шығар тамақтан?
sigma
Екеуміз барсақ точны өтпейд, ал былай бірдеме етіп өткізуге болады ғой
nurbergen_makym

Шамалы емес, біраз, гламурный. Сол 2 сағатта сәл этикет сақтауға сыраның бағасы сәл септесе ме деген ой ғой. Әйтпесе, бир қулоғы чандық қызды шығарып салғасын, сыралы атмосфералы жер табылады ғой.
Zilola
Алакай!
Не го, сонда койлек киiп баруым керек пе?
А так койлегiм дайын, ки десендер киiп барамын, ап-адемi болып
Алиша келсе екен!
nurbergen_makym
Не ғо, көйлексіз де келсеңіз болады, былай. Бірақ, ТШО-ның спецовкасы мен СИЗ-ін түгел комплектісімен жабыстырып алсаңыз да, әдемісіз ғой.
Zilola
жок ол СИЗдi котерiп журу азап го, бiр ай уйыктаганда да шешпей журген киiмдi ертен шешемiн де, жынД койлек киемiн )))
nurbergen_makym
бiр ай уйыктаганда да шешпей журген киiмдi ертен шешемiн де
Асылы, сөйтіңіз, мен — Наполеон емеспін, жорықтан кележатып, Жүзефинасына хат жазатын.
19852407
 ищяяяй!
nurbergen_makym
Е, Сіз де Жүзефинаның фрейлинасы ма едіңіз?
19852407
Корсажымнан Адреевский көк лентаны таппай тұрғаным…
19852407
Андреевский деп оқыңыздар
Gulistan
Сен гламурлатып жүргенде, біз жұмыстан соғылып шығамыз-ау…
19852407
Барған жерлеріңізде үріп ішіп, шайқап қайтыныңздар  (жақсы мағынада)
alisha
Көптен келмегенім соншалық, кәдімгідей жатыркап калыппын ғой /Қайда кеттің? деген сұраққа алдын ала жауап: жұмыста интернет қолдануға шектеу қойылды, үйде Мегалайнды 3 айға резервке қойғанбыз, енді ғана қосылды/)) Бүгін Анардан хат алдым. Барымша тырысамын!
Nurgisa
Бәрекелді, алиша келді!
alisha
Рахмет, ағасы! Мен кеткем жоқ қой ешқайда, бармын!
Nurgisa
Орның ойсырап тұрды ғой, ойсырап!!!
Қауышқанымызға қуаныштымын. Сенің жазбаларыңды қатты сағынып қалыппыз.
a63a1
расыменде байқағанымдай біраз қолданушылар табандарының майын сорып, қысқы ұйқыға кеткенге ұқсайд
meirzhan
Оларды қоздырмаса болмайды, Әбеке
VKM
уряяяяяя!!! Алишаааааа
Gulistan
Атырауда оншақты күннен бері қар жауып, боран соғып тұр.
Күндіз ауа райы кішкене ашық болғанмен де, қала сыртында жүру мүмкін болмай отыр.
Атырау-Құлсары, Атырау-Орал трассалары жабылып, машиналарды кері қайтарып жатыр деген де сыбыс бар.
Қалдықыздың да Тенгизден Атырауға жетуі де үлкен сұрақ астында қалып отыр, демек бүгінгі кездесу де кейінге ысырылып қала ма деген күдік те жоқ емес.

Соңын күтейік не болса да.
Nurgisa
Негізі, вахтадағыларды Теңізден Құлсарыға, Құлсарыдан Теңізге дейін автобуспен жеткізу о баста жақсы шешім болған шығар. Бірақ соңғы жылдар көлемінде климаттық өзгерістер өз дегенін, білгенін істеп жатыр. Шеврондық серіктестер теміржол желісін «Шаңыраққа» дейін тартуды көздесе екен. Тауар тиеген жүк вагон-цистерналарына ғана лайықталған қазіргі бар теміржол, менің білуімше.
Қалдықыз қарындасымыздың тілеушісіміз. Біздің де бастан небір қызықтар өтіп еді сондай. Автобусқа отырар алдын көп су, шай ішпесе екен деген тілек…
Gulistan
Жағдай шамамен мынандай болып жатыр:

Nurgisa
Мәз емес екен. Фейсбукте Сүлеймен Қалдықызға өзбекшелеп ыстық шәй ұсынып жатыр. Мына жолдағы көліктер жалпыға таратылған нұсқауды елемей шыққандар ма екен? Қар жақсылап ұрып тастапты, онша-мұнша жеңіл көлікті көміп қалатындай бар. Екі жылдың нормасы жауыпты дегенді оқып ем.
a63a1
әдемі суреттер екен)))
neoman
Нұреке, теміржол бар жұмысшыларды таситын. Жол жабылған күндері ғана тасығаны болмаса, ашық кезде жұрт автобуспен жүргісі келеді: теміржол тым баяу.

Зилола өзі сұранып мініп алмаса, мінгізбейді: адам көп. Тек жақын маңайдағы қалашықтарда тұратындар ғана үйіне жете алады
Nurgisa
TCOV мен RV-ден Атырауға тіке қатынайтын пойыз бар ма???
neoman
Иә. Арнайы перевахтовочный пойыз
Gulistan
Неоман, сенің айтып отырғаның сол Құлсарыдан Атырауға вахтадан қайтқандарды таситын пойыз ғой. Ал ар жағында екі жарым сағаттай Мерседес автобустар жүреді.
Nurgisa
neoman Сәтпаев, 3-те отырып бұрқылдатып отыр екен ғой. Бәсе, неге бұға береді дейм. ТШО-ның саясаты қиын, қиып түседі
neoman
Жоқ, мен Ренкодамын.

Бұға береді деп нені меңзедіңіз деймін де, Нұреке?
Nurgisa
Жәй. Ренкода FGP жобасындағылар шығар? Бірақ кім білед… Өткенде сондағы бір итальяндықтарыңды «беріп» қойыпсыңдар ғой. Қолына кісен салғызып… Өзі бір веселый жігіт деп жазып жатыр еді Ақ-Жайық.
patick
толығырақ, толығырақ…
balenti
Италянсқа УБН номерінде таяқ соғып отқан жерінен ХЛОП береді… болды щщс))) Балықпас Италянысссс боп атып шықты СИЗОдан)))
neoman
Неоман бос сөйлемейді, негізі
Nurgisa
Вахтадағы ауысымдағылар пойызбен Атырау-Құлсары арасы қатынап, Құлсарыдан 110 км. автобуспен жүруші еді осыдан үш жыл бұрынғы жағдай бойынша. Мәселе сен айтқанда және мен ұққандай болса жақсы екен. Қалдықыз тезірек жетіп алса екен, көйлегін кигісі кеп жатқан еді. Үйіне уақытылы жетсін деп тілейік, блогкемпті қазысыз өткізер жайымыз жоқ
Zilola
Шеврондық серіктестер теміржол желісін «Шаңыраққа» дейін тартуды көздесе екен
Төтенше жағдайда Шаңыраққа деуір жүрді пойыз, тек адамдарды пойызға отырғызу үшін біраз әуреленді, арнайы орын болмаған соң, тап трассамен қиылысындағы қарды тазалап, тұз сеуіп, аяқ астына баспалдақ жасап (Қауіпсіздік үшін ғо бәрі) барып, пойыздағыларды тұсіріп, автобустағыларды пойызға мінгізіп, автобус босаған соң пойыздан түскендерді отырғызып, біраз жүріп қалдық.
Автобусқа отырарда ақ, Құлсарылықтар сендерге орын жоқ қаласыңдар деп алып қалды. Пойызға мінген шамамен 208 жолаушы мен сияқты басқа облыстан келгендер мен эскпаттар. 14 сағаттан аса жүрдік ғо шіркін, Жаңатас пен Алматы арасында олай жүріп көрмеппін шамамен 700 шақырымдай болса да. Ал Теңіз бен Атыраудың арасы 350 дей болатын шығар қателеспесем.
saken
арасында пойызда манты/пирәжки/сусын сатқандар келген жоқ па? ))
balenti
Армаданын «Коласы»: — шпиндец, у нас колу вы знаете не в бутылках, не в пластмассовых бутылках привозят, специально в таких бочках для колы как в европе" — деді Маған Юрий… Сол күні өзімше Кола керім Кола керім деп ішкенім бар… еее, сосын кешенін алдында Шөпірінен сұрасам колаларын Еуропадағыдай дегені рас па деп?! Қуасын ба нақ?! баклажка тасумен өтеді деді… Юрий ты лгун))) Юрий деген армаданын Админы ғой, Аршат сияқты бірақ Юрий)))) былай жақсы жер, еее бұрыңғы АВТОВОКЗАЛда отырып 25-ке келгенде бухать етем деп кім ойлапты жаңа жылда(жұмыстастармен)?))) аккустика не очь реально айтам)))
Gulistan
Жаңа Мақпалмен сөйлестім. Өкінішке орай, жұма болмай, жолға шықпайды екен. Тіпті жұмысқа да шығармай жатыр дейді. Соған қарағанда, жағдай біз ойлағаннан да күрделі ме деп қалдым.Сәйкесінше өзгерістер жасаймын.
balenti
сол негізі қандай болмасын жиналыс апта аяғында болғаны жақс ғой…
Nurgisa
Шаңырақтағыларға обал, общежитте сан мыңдаған адам немен айналысар екен… Жұмыс болса тұрып тұр.
sabalak
екі қолға бір күрек!  өлеңдетіп қойып!
sabalak
жұма күні мен де келемін!
Gulistan
Ауа райы бұзылып тұр.Жел қатты.
Gulistan
Халайық!!! Қазір Мақпал телефон соқты, кеше кешке ТЕнгизден шығып, бүгін таңертең поезбен аман-есен Атырауға келіпті. Демек, кездесу бүгііін!!!
Жұма деп шәпкесін аспанға атып жатқандар қалай қарайды екен бұған?
Келіңдер, кездесейік!!!
balenti
маған Поқи, Аяқта Боти))))
Zilola
Сәлемдер!
Аман-есен үйіме жеттім (Алматыға), енді Жамбылға жол ашылса үйіме кетемін ))

Кезедсуге келген жұртшылыққа мың алғыс! Кәдімгідей сөзімде тұрып көйлек киіп барып едім, «Ай-Жанның» іші суыыық екен. Сонда да шыдап отыруға тура келді ))
Aizhantabyn
Айжан деген қашан да мұз ғой, мұз))))))) Аман есен жетіп ал үйіңе)))))
nurbergen_makym
Сізге СИЗ-бен кел дегенбіз, өзіңіз ғой — сексилығым сараңданады онымен деген
Gulistan
Бір жағымда Алиша жаурап, екінші жағымда Мақпал жұқа көйлекпен, өзімнің де оңып тұрғаным шамалы еді.Қалай көмек берерімді білмей, жаным ашып кеткені рас енді.
Аурудан енді бас көтергенде, сол күні қайта салқын тиіп, мұрттай ұштым.
Эхх, Айжааан!
alisha
Кім сол «Айжанға» барайық деген, а???)))
GulL
Бәріңе сәлем! Атыраулықтар кездесу қалай өтті?
Gulistan
Өзің неге келмедің? Кездесу  болды.
GulL
Келер едім білгенде, әттең осы сайтты 2 жыл іздеп бүгін тауып бүгін тіркеліп тұрмын ;-)
Gulistan
Соның бәрін толықтай жазып және өзіңді кеңірек таныстырып, бөлек пост арнасаңшы?