ТІРІ БОЛУ МҮМКІНДІК ПЕ?

Өмір қарама қайшылықтарға толы. Өмір бар жерде өлім, қуаныш бар жерде қайғы, күн бар жерде түн бар… Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Адамның ішкі жан дүниесінде қарама — қайшылықтар қаншама?! Әлдебір жетістікке қол жеткізген болсақ, өзіміз жеткендей-ақ мәз майрам боламыз. Ал әлдебір қайғыға душар болсақ, өзіміз емес, өзгелер кінәлі болып шығады. Сатып кеткен досымызды немесе аяқтан үнемі шалатын қасымызды, одан қалса меклекетті кінәлап, ең аяғында тағдыр мен Құдайға тіл тигізіп тынамыз. Өзгелерді кінәлау барысында бізде таңдау мүмкіндігі бар екенін, сол мүмкіндікті тиімді пайдалана алмаған өзіміздің кінәлі екенімізді ұмытып кете береміз. Бұл жазба сол таңдау мүмкіндігін тиімді пайдалана алмай жүргендер туралы десем қателеспеспін. (мүмкін қателесермін)) ).







Жолда келеміз. Алған бағытымыз қала сыртындағы қоқыс тастайтын жер. Мақсатымыз — күнделікті азығын сол қоқыс арасынан тауып жейтін, БОМЖдардың тыныс – тіршілігін көріп қайту… Күн де шайдай ашылып емес, түнеріп тұрған болатын. Алыстан көрінген қоқыс төгетін төмпешікке жақындаған сайын жан түршігерлік көрініске куә болдым. Аспанда шыр көбелек айналып жүрген қарға — құзғындар көңілге қорқыныш сезімін ұялатады. Қоқыс арасында құмырсқадай жыбырлап жүрген адамдар. Қоқыстың маңына келіп тоқтаған біз далаға шықтық. Әлдебір адам ары қараған күйі шоқиып отыр екен. Қасына бардым. Күзетшілер киетін киімі болмаса, оны да сол жердегі БОМЖдардың бірі екен деп ойлап қалуға болады. Әңгіме барысында күзетші:
— Бұлардың ешқайсысы БОМЖ емес. Олар осы маңдағы Красина, Селхоз сияқты ауылдың тұрғындары. Бәрінің әйел, бала шағасы бар. Осы жерден металл жинап, оны өткізіп, тапқан табысымен отбасын асырайды. Бұл жерде маскүнемдер де жетерлік. Бос құмыраларды жинап, сатып, тапқан тиын-тебеніне қайтадан арақ алып ішеді. Олардың күнделікті тіршілігі осы, — деді көзін алысқа қадаған күйі. –Ал БОМЖдар мына жақта — деді күзетші алысырақ орналасқан ағаштарды нұсқап. -Анау ағаштардың ар жақ, бер жағын қарап көр, ұйықтап жатқан болар. Қорықпа, олар саған тиіспейді.





Күзетші қолын сілтеген бағытқа қарай қадам бастым. Көздеген жерге де келіп жеттім. Бір талдың түбінде мысық, ит, және екі адам қаз қатар тізіліп ұйықтап жатыр. Ұйықтағанда да… демсіз өлікке ұқсайды. Үсті — бастарына үймелеген шыбын — шіркейге елеңдеген ешқайсысы жоқ.



Не суретке түсіруге, не оятуға батылым бармаған мен кері бұрылғаным сол еді, ту сыртымнан:
— Не қарайсың,… с! кет! — деген дауыс шықты. Тұрған орнымда қатып қалдым. Жаңа ғана күзетші бұл жердегі БОМЖдардың қазақ емес, өзге ұлт өкілдерінен екенін айтқан сияқты еді ғой. Бұл қазақ қайдан жүр деген ойдың шырмауында тұрған мен кері бұрылып қарасам, ағаш түбінде дәрет сындырып тұрған әлдекім маған сұсты көздерін қадап тұр. Шошығанымнан тілім байланып, жүргізуші отырған көлікке қарай жүгірдім. Құлағыма:
— Ей, күзетші, алып кет мынауыңды! Не істеп жүр ерігіп?! — деген дауыс естілді. Арада біраз уақы өткеннен кейін әлгі жерге қайта бардық.





Мән жайды түсіндіріп едім:
— Журналист болсаң, куәлігіңді көрсет, -деді. Көрсеттім. Ол:
Жазатын басқа нәрсе таппадың ба, на… й?! Әлде үй әперетін ойың бар ма? -деді кекесін үнмен. Айтарын айтып алсын еген ниетпен үнсіз отыра бердім.
— Өміріміз жайлы айтатын еш нәрсе жоқ. Барі де өз көздеріңмен көріп отырғандай «керемет!» Мемлекет қайда қарап отыр? Біз неге осындай күйге түстік? Оралмандарды алып келіп үй бергенше, мына біздерді қамтамасыз етіп алмай ма?! – деді сөзін жалғастырып. Осы сәтте мен үнсіз отыра алмадым:
— Осы уақытқа дейін үйіңіз болмады ма? Жұмыс істеймін десеңіз, біреу қолыңызды байлады ма?
Бұл сұрақтарға жауап таппай отырған БОМЖдың көздерінен аққан жас тамшылары менің тұла бойымды шымырлатып жіберді. Ол жуылмаған қолдарымен әжім басқан жүзін жасырып:
-Мені суретке түсірме, өтінем… Газет бетіне шығып, көпке күлкі болғым келмейді. Көпшілік тамашалайтын мен сайқымазақ емеспін, — деді өксігін баса алмай. – Иә… Менің де үйім, отбасым, бала – шағам болған. Әйелім мен үлкен ұлым қайтыс болды. Екінші ұлым қазіргі уақытта Кавказда тұрады. Қылмыс жасап, түрмеге қамалдым. Он үш жылдан кейін бостандыққа шықтым. Бостандыққа шыққанда туған қарындасым менің үйімді сатып жібергенін білдім. Белгілі бір уақыт аралығында екінші қарындасымның үйінде тұрдым. Қашанғы бойдақ болып жүресің? Аннаны кезіктірдім де, сонымен осы жерде тұрып жатырмын… — деді қасындағы мысық құшақтаған әйелді қолымен нұсқаған ол.





-Ал мына ұйықтап жатқан бала кім?
-Бала емес… Ол менің қарындасым болып келеді. Оны оятпа, ұйықтай берсін.(Жоғарыдағы сурет оянған кезі).
-Балаңыз іздеп келмеді ме?
-Жоқ… — деген БОМЖ тағы да көзіне жас алды. — Ол мендей жігерсіз әкесі болғаны үшін ұялады. Ал мен оның көзіне осындай күйімде көрінуге ұялам.
-Сонымен, баспананаңыздың болмауына оралмандар да, мемлекет те кінәлі емес, өзіңіз болып шықтыңыз ғой…
-Болды, сөйлемеш! Не айтсаң да, өткен өтті ғой… Кім кінәлі болса да осындай күйге түстік… Еш нәрседен үмітім жоқ. Өмірге не үшін келгенімді, не үшін кететінімді де білмеймін. Бір ғажайып болып қалмаса...Әй, қайдан бірақ?!





Күн күркіреп, жаңбыр тамшылай бастады. Ол:
— Сендер қазір үйге барып жуынасыңдар, жылы көрпеге оранып алып ұйықтайсыңдар. Ал біз ше? Бізді күтіп отырған ешкім жоқ… Біздің үй осы. Көк аспанның асты, қара жердің үсті. Жаңбыр жауса шатырымыз мына жылтыр қағаз. Қар жауса көрпеміз мына жыртық көрпешелер. Қарнымыз аш емес. Мына қоқысты аралап көрсең таң қаласың! Адамдар арақ, шарап, тәтті дәмділерін ашылмаған, бұзылмаған қалпында тастап кете береді… солай… біздің өмір осындай! Қызық па?! — деді тағы да мырс етіп. Кететін уақыт келді. Мен:
— Ең бастысы сіз тірісіз. Тірі болудың өзі бір мүмкіндік… дей беріп едім:
— Тірі деме, тірі өлік де… — деді…

Бөлісу:

46 пікір

AL-ASTER
Анау орыс ағай қазақша сұхбат берді ме?
ademi_alem
Иә. Қазақша берді.Жазбада жазылды ғой қазақша бергені. Ұлты орыс деп ойламаймын, татар болуы мүмкін. Ұлтын, сосын қазақ тілін қайдан үйренгенін сұрап едім «Шаруаң болмасын,....!» деді. Мысық ұстап отырған апай да қазақша сөйлейді, ал ана балаға ұқсайтын апай мүлде сөйлемейді, солай отыра берді үнсіз.
a63a1
AL-ASTER
Бырат, бұл смайктар маған ба?
a63a1
йе) саған
AL-ASTER


//жауап қо)
a63a1
неғой артыңда отқан кім?
AL-ASTER
артыма қарайм, ешкім жоқ. Қай хистори??
a63a1
1 апрель бфуахахахахахахываыхвха
AL-ASTER
тьфу осыны жазайын девотқам
AL-ASTER
барып агенттегілерді шулатып келдім

Мен үйлендім


осындай хаттан кейін капут болад екен көбісі )
ademi_alem
жоооқ, кешірмеймін! кешіре алмаймын… )))))))))))))
AL-ASTER
1 апрель ғо, сенбейм мына пікірге
ademi_alem
1 апрель ғо, сенбейм мына пікірге Сеніңізші, сеніміңізге мұқтажбын. )))
AL-ASTER
аа сіз айтыскерсіз ғой?
AL-ASTER
мен сізді көргем хабар арнасынан, айтысывоткансыз.
ademi_alem
мммммм ))))) қызық екен. )))
a63a1
лібә маған ешкім сенбейд, жай күндері қатты алдап жүрсем керек халықты
ademi_alem
маған ешкім сенбейд бұл мүмкіндікті пайдалана отырып, көптеген достарыңызға ойнап тұрып ойыңызды айтып-айтып алмайсыз ба?! ))))
a63a1
йә, мен жаман адаммын, ол расымен де солай
ademi_alem
«Жақсылар жақсымын деп айта алмайды,
Жамандар жақсымын деп айқайлайды» деуші ме еді?  
a63a1
жоқ, мен расымен тілсе бетінен қан шықпайтын адаммын
Erlan
жарияламауды отінген екен, неге жария кылдыныз, алде сурау сала алмайтын тірі олік дедінізбе?
ademi_alem
Жоқ, рұқсат сұрадық қой. Кетерде «Газетке шықсақ, оқуға алып келіңдерші» дейді. )))
bazuka
БОМЖдар мен қайыршыларға жыным келеді, сосын тәжік босқындарына
Adiletshu
Күзетші қоқысты күзетіп жүр ме
ademi_alem
Иә.
Adiletshu
Дос, неге ғҮ Ә?
ademi_alem
не?
Adiletshu
Қоқысты күзетудің не керегі бар
Erlan
қоқыстыда жуйемен токпесе болмайды гой, кіретін воротанын алдына тоге салады ,, сосын келесі коліктер кіре адмай жатады, соларга айт -хайт деп туратын бир адам керек кой
ademi_alem
Рахмет, Ерлан!  Осылай қысқа да нұсқа жауап бере алмай отырсам. )) Ол күзетші аптасына бес кун күзетеді екен сол жерді. Сосын ол жерде ағаш көп, егер қоқыстағы қағаз т.б. бірдеме аңдаусызда жанып кетсе, өрт кетеді ары қарай. Соны да бақылайды. (ойымды жеткізе алмай отырмын).
a63a1
Әдемі әлем сенің тегің Мұздыбай емеспе?
sammita
қызық үшін бе мынау? жаңалық жоқ дым. Белгілі ғой түк көмек жоқ, нәтиже де.
Жазатын басқа нәрсе таппадың ба, на… й?! Әлде үй әперетін ойың бар ма?
дұрыс айтты.
ademi_alem
Бұл жазба арқылы адамдар үнемі таңдау мүмкіндігін дұрыс пайдалана білмейтіндігі туралы айтқым келді. Бұларға үй алып, ыңғайлы жағдай тудырса да осы күйге түседі деп ойлаймын. Оған мақала жазу барысында көзім жетті. (Бұл қысқартылған нұсқасы). Әркім өзінше ой қорытар.