Лянга ойыны есіңде ме?
Балалық шағымызда ойынның неше түрін ойнаушы едік. Сол ойындардың ішінде ең сүйікті ойындардың бірі ляңкі ойыны осы. Мектепте команда болып бөлісіп алып жарысатынбыз. Негізі түбі қытайдан шыққан дейді интернет бойынша іздестіріп көріп едім. Жалпы азияда кең таралған екен.
Қазіргі балалар осы ойынды мүлдем ойнамайды. Тіпті атауында білмейтін сияқты. Ал ойнағандарың болса бөлісе отырыңдар достар.
Мынау роликты көріп еске алып қояйық балалық шағымызды
Мына қыз шебер ойыншы екен
Қазіргі балалар осы ойынды мүлдем ойнамайды. Тіпті атауында білмейтін сияқты. Ал ойнағандарың болса бөлісе отырыңдар достар.
Мынау роликты көріп еске алып қояйық балалық шағымызды
Мына қыз шебер ойыншы екен
пост авторының өнерін талай тамашалап едік подряд 25 люраларды ))
Сол бала кезімнен ойнамап едім, былтыр наурыз тойында ойнап жұмыстас жігіттермен бір мәз болдық Бірақ бұрынғы қарқын жоқ
Әдейі 3 размерге үлкен етік киіп алатын едік, аяғың шаршағанша түсірмейсің бірақ. кейде қарау жасадың деп, ондай етікпен ойнатпайд
Біреулері болады, аяғымен бірге қолы да ойнап жатады:
Ал енді атдуши ойнап, ләззәт алу да бар бұл істе:
неге бұл ойынға қарсы болғанын түсінбедім? өте пайдалы ойын түрі ғо
Мектеп окып жүрген кезде менде ойнағам ләңгіні, дөнгелек ағашқа теріні байлап тастайтын.
Куріш ләңғі деген не ол? Жалпы ләңгі зиян сияқты бүйрекке зірк- зірк етіп секірген, аяқ киімді де бычытын шығарады!
Бізде қой терісінен жасайтын. Аккумуляторды сындырып, ішіндегі қорғасынды ерітесің. Сосын оны дайындап қойған жерге құйып, екі ортасын түйме секілді тесесің. Қорғасын қатқасын бағанағы теріге жез сым арқылы қаттылап бекітесің. Бітті.
Айтпақшы, біз лянга емес, «ләңгі» деп атаушы едік