Қолданыстағы электронды пошта қызметіңіз қандай?

Өзіңіздің қолданатын пошта қызметінің сапасы туралы пікір қалдыра кетсеңіз. Әсіресе, спам өткізу жағы бойынша. Қажетсіз хабарламаларды көп аласыз ба? Қай пошта қызметінің қызметі сапалырақ екені туралы пікір қалдыруыңызға болады.

Қолданыстағы электронды пошта қызметіңіз қандай?

Бөлісу:

46 пікір

seyh
mail.ru д, yahoo.com да қолданып көрдім Қазір gmail.com-ға тоқтадым Gmailда ұялы телефонға forwarding жасалады
Janasil
осы жерде толығырақ.
Aizhantabyn
gmail 4ever DD sapasyna rizamyn, ote rizamyn. 2005ten beri koldanyp kelemin. Talai estelikterim saktauly  jalpy sol po4tamdy ote jaksy korem.
AL-ASTER
Өткен хаттарды оқу сондай керемет, себебі оған жауап жазудың қажеті жоқ ©?

Жалпы, хотмейлдің фильтрациясы ұнайды.
Aizhantabyn
hotmailym bolgan en algaw  birak, sosyn delete ete salgam…
asaubota
gmail-да барлық почталарым, жұмыстың және өз доменімдегілер де.
TOTY
Осы сұраймын деп үнемі ұмытып кетемін, соңғы кездері gmail поштама келген қыстырмалы файлдарды жүктеп алу мүмкіндігі болмай жүр, u>Прикрепленные файлы могут быть недоступны* деген жазба тұрады???
asaubota
оның емі туралы осында жазып едік. оңайлатылған түрін жазып қоямын ау деймін. бүгін күтіңдер.
saken
ок.кэйзэттен бастап жмэйлге дейін бәрінде болған шығар поштам )))
Ең ұнайтыны Жмэйлдегі поштам.
satibaldi
Мына тізімде ok.kz, xat.kz және mail.kz сияқты сервистердің аталмауы менің ұлттық-отансүйгіштік сезімдерімді балағаттап тұр. 15 мегабайт-ақ болса ше? Мельбурн бірден салынған жоқ қой???
AL-ASTER
Олардың орны ерекше ғой
Simona
 Ұлтыңызды aуыстырдыңыз бa aғaсы? mail.dr/mail.dö емес пе едi?
satibaldi
Егер өмір бойы драйвта жүргіңіз келіп, адреналинді кеселеп ішкіңіз келсе — mail.kz-тен ашыңыз, өкінбейсіз
satibaldi
ok.kz -те португалдық гейлерден маза жоқ, қожайыны спам-база қылып сатып, нәпақа табатын болса керек.
asaubota
mail.ru неге аз? ұят емес қой оны қолдану  бүкіл меморгандар, БАҚ сол поштада отыр. яғни, бүкіл типа құпия ақпарат
Janasil
Ол жақта зиялы қауым отырады.
chimaq
qq.com
AL-ASTER
көек деген осы екен ғой)) оқығанда солай
Gulistan
Әлбетте Gmail
2004-тен бері «доспын».Айжан айтпақшы, онда қаншама сыр сақтаулы
Gulistan
Чаты қандай керемет!
Aizhantabyn
ооо, чаты деген тұнған құпия ғой))) қаншама сыр жатыр, қаншама сезім сөз арасында қаңғып жүр))))))))))))))))
Zilola
Тiрi лентасы да бiр керемет дуние ед, келмеске кеттi жарыктык.
Тiкелей айта алмаганынды соган жаза саласын, рахат еД
saken
Тірі лента істемей қалды ма?
Abilakim
gmail да бар.көбіне таныстарым майл.ру-ға жазады.көбісі бұдан басқа электронды пошта қызметтеріне тіркелмеген
Zilola
rambler.ru & gmail.com forever
satibaldi
Иии чандық қиз-ай, сендікпін ғой мен.
QaradomalaQ
Орыстарды қанша жек көрсемде, әйтеуір солардың «мейлруына» жабысып қалған жайым бар, «непатриотично» болып тұр ғой біздікі, сондықтан жақын арада нейтралды Gmail-ге көшетін шығармын…
satibaldi
Джмайл көне түркілерден Енесайдың бойында мұра боп қалған еді дейсің ғой.
QaradomalaQ
Джмайлдың Америкасы қазаққа мейлрудің Ресейіндей зорлық-зомбылық көрсетпеген әйтеуір…
Sabions
mail.ru, gmail.com, rambler.ru, nur.kz, сосын басқа да поштам бар...өзім мэйлға дауыс бердім
nurjanbay
мен де. қалғандарында почтам бар. нур, рамблер, жмайл, яндекс, фейсбук, твиттер, керекинфо,… бірақ көбісін қолданбайм. негізгі почтам майл.руда.
saken
азаннан бері МэйлЫрудағы поштам ашылмай тұр.
Сіздерде ондай болып тұрған жоқ па?
araika
жоқ, менде ашылып тұр.
araika
Мэйл.ру-ды көп қолданамын, бірақ сапалы/сапасыз деп айта алмаймын.Су ішкен құдығыңа түкірме!
Спам хаттар, керексіз хабарламалар жетіп-артылады. Қамал жасауға болады ғой, бірақ оған құлшыныс жоқ.
bakhyt
gmail.com-сапасына ризамын. mail.ru почтам -спамнан көрінбейді.
konvict
Артына-алдына мэйл деген жазуы бардың бәріне тіркеліппін. Бірақ көбіне мэйл.ру-ды қолданамын. Бірақ өзіме Джимэйл ұнайды
asaubota
кезінде yahoo мен hotmail-ші едік. мессенджерлеткен ол да бір дәурен еді…
Aizhantabyn
msnnin kezderi ai DD
asaubota
әлі де популяр ғой негізі
muza
kezinde baikamai mail.ru,msn.com yahoo.com ,sosin domendegi mail adrester bar solardin barin jeke jeke tekserip otiru ushin kop uakit kerek edi.kazir barin br gmail-ga kosip koip tinish boldi.analardi 2-3 aida bir passwordin ozgertu ushin gana asham.Mail.ru-da buringidai emes spamdardi azaitkan siyaktigoi.birak gmail-dagi chat kizmeti jogarida aitilgandai koptegen nastolgiyalar bargo
rakisheva
Өзім негізінен джимэйл, фейсбук, вконтакте, яндекс и мэйлда отырамын. Барлығымен бірдей қолданамын, спам жагынан ееееееееееееееееең көп спам джимэйлға келеді бірақ оның барлығы СПАМ деген папкада турады. Баскаларына келмейді…
gaukhar
gmail.com сосын универдің emailін gmailге тіркеп(?) қойдым, енді универдің поштасына келетін хаттардың бәрі автоматты түрде gmailге келіп түседі, жалпы gmail- multifunctional, modern , сонысымен ұнайды