"Дала сазы"- ол не?


Иа, иа, иа "Ғаламартты" тұрақты оқитын оқырмандар, достар бұл сұрақтың жауабын бірден айтар .
Дегенмен, өзім басы қасында жүргендіктен де қысқаша жаза кетейін . Менің ұйымдастыру жұмыстарына қатысып жатқан алғашқы жұмысым ғой, толқу да жүгіру де көөөп .
Көрме туралы қысқаша:

2012 жылдың 28 наурызында, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубымен бірлесіп «ДАЛА САЗЫ» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі ашылады.
Бұл көрмеде «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубы алматылықтарға және қала қонақтарына ұлттық музыка аспаптарының сан түрімен және оларды жасаушы жас шеберлермен танысуға мүмкіндік береді.
Көрмеге конкурс нәтижесінде іріктелген республикамыздың 20 жас шебері қатысады. Мұнда 12 түрлі музыкалық аспаптың түрі қойылады. Жалпы, 50-ден астам аспап қойылады.
Мынау көрменің заттарын қою жұмыстарынан:





Секрет айтайын ба?  ең арзан музыкалық аспап домбырадан 50 000 теңге тұрады
Сонымен, сөз соңында көрмеге келіңіздер! Ертең ашылуы болады.
Бөлісу:

46 пікір

monti
гип/гип уря жақс өтсін
a63a1
Осы домбыраны арнайы жасатпасаң, магазиннен алғандарың сувенирлікке болмаса тартуға келмейд күмігіп шығады дауыстары.
Aikona
бізде ондай емес, біз сапаға жұмыс істегендіктенде магазиннен даусын тыңдап, таңдап алсаңыз болады. Біздің басқа компаниядан ерекшелігіміз сол  Ал, көрмеге қойылатын домбыраларды да сондай талаппен іріктеп алдық, ең бірінші үнінің жақсы шығуына, сапасына талап қойдық
a63a1
Айтпақшы сен бала бұрын неге айтпағансың? Қашаннан домбыра жасауға кірісіп кеткенсің?
Aikona
Домбыраларды біз үш категорияға бөлеміз: а, в, с ға. Сәйкесінше бағасы да өзгеріп отырады. Категорияға бөлер алдында экспертіміз келіп тексеріп кетеді, онын соң консерваторияда сабақ беретін музыкант келіп дауысына қарай бөліп кетеді.
a63a1
категоряилырды жіктеп жеке жазып кетсең?
Aikona
Стандарт домбыралар, яғни 48 дер:
А- өте жақсы категория, бағасы 40 000 теңге. Көбіне күйшілер алып кетеді.
В-жақсы категория, бағасы 30 000 теңге. Көбіне, ән айтатын кісілерге арналған.
С- сапасы орташа, бағасы 20 000 теңге. Қызығушылар алады.
a63a1
по свойский қанша?
a63a1
өте жақсылары 100 мыңның әр-жақ бер-жағы деп жүрсем
Aikona
олар енді шабылған домбыралар ғой және олардың ағашына қарай бағасы да өсе береді
Abilakim
Менің баяғыда дүкеннен ала салған 8 000 теңгелік домбырамды біраз домбырашылар тартып көрді.арзан домбыраның сәтті шыққаны екен деп кетті.
Aikona
барлық домбыра бірден керемет шығады деп айту қиын. Мысалы, мықты деген шебердің өзінен нашар домбыра шығып қалуы мүмкін, жаңадан үйреніп жүрген шәкірттің жай жасаған домбырасының дауысы керемет шығуы да мүмкін. Қатып қалған дүние жоқ қой
Abilakim
ия, оныңа келіспеске лажым жоқ.
Aizhantabyn
Сәтті өтсін, жаным менің!!! Тамаша екен. Астанаға да келсеңдер, Ғаламарт))) Жазды асыға күтем)))))
Aikona
рахмет, айтсын жаным! Астананы жаулап алу мақсатымыз бар
Janasil
Банерлеріңді кім жасайды? Онша емес.
Aikona
өзімізде дизайнер бала жасады  неше түрлі варианты бар баннердің бізде  Мынау маған ұнаған вариант қой. Сенен бірінші естіп тұрм, біздің дизайнның ұнамағанын  обычно «уау, әдемі ғой» деген сөз еститін ек
Janasil
Түстері дұрыс таңдалмаған секілді. Өткендегі Құрылтайдағы да онша мес. Ал асппаптардың әдемілігінде дау жоқ.
Daniar-Alan
біртүрлі боп қаласң ия өстіп айтватса?!!!
Aikona
мен уже ондай пікірлерге үйреніп қалған сияқтымын. Қайта осындай пікірлер болғаны жақсы, қай жерден минустар кеткенін есептеп отырасың
aikarakoz
Тәәәк! Мен уақыт тауып, баруым кереееек… Ғаламарттың баннерін құшақтап
Aikona
ой жақсы болар еді  а то баннер алып кетуге уақыт жоқ сол
Kipshakkyzy
Өзімше барам деп құлшынып жүр едім. Уақытына қарамаппын.Енді реті келмейтін сияқты.
Aikona
көрме 10- сәуірге дейін созылады. Уақытыңыз болған уақытта келіп көре аласыз
bazuka
гитара жасайсыздар ма?
Aikona
болашақтың жоспарында бар
Nurshat
домбраны бұрын біздің ауылда бір ата жасаушы еді, ағаштан шауып, есімде қалуынша қарағайдың шәйірін пайдаланатын, желімдеуге, сосын ағаш Сыналар қағатын… қазір қалай жасалады екен? Ә
Aikona
нақты қандай ағаштан және қандай желім қолданылатыны жөнінде алдағы уақытта пост жазам деп уаде берем
Argyn
Бүгін барып түсіріп қайтайын… сеъмка(осылай жазыла ма өзі)
Aikona
урра, келіңіз!
Abilakim
өткендегі әнші жайы не болды?
Aikona
сол көрмеге іздестірген едім ғой. таптым Жасұлан Сахаев пен Мөлдір Манасованы. Әнші және күйші
Aldeken
Кеше Көкшетауға сапарлатып барып, түн ортасында келгендіктен, бүгін таңертең көзді тырнап ашқанмен, орнымнан тұруға әлім жетпей жатыр еді. Бір уақытта үйдің ішінен бір таныс дауыс естіледі. Опппааа, біздің үйде Айкона не істеп жүр деп атып тұрып, төргі бөлмеге барсам, Айкона… біздің үйдегі телебизірден сөйлеватыр… «Сәлем» деппін сасқанымнан…
Пы.сы. әдемі шығыпсың… бірақ, сұхбат бергенде жестикуляцияны шектеуге тырысу керек секілді…
Aikona
рахмет аға Иа, өзімде бүгін көріп соны ойлап отырғам, сонан кейін өте тез сөйлейді екем
Gulistan
Қай арнаға бердің сұхбатты?
Aikona
Қазақстан телеарнасына «Таңшолпан» бағдарламасына. Тағы бір каналға. Қалғаны газеттер болатын. Айтаберге бердім сұхбат