Уайтхиллдық Хэтроуда!

Жаңа жылды туған Ақтөбеде өте-мөте қарапайым түрде қарсы алып, 5 күндік демалысымды пайдаланып, сол уақыт аралығында өзіме жаңа қала көру туралы шештім. Сөйтіп ат шаптырым жердегі Атырауды таңдадым. Екі күн ішінде қаланы жаяу аралап, фотоға түсірдім. Сонымен, кеттік:

Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Хэтроуда!
Ауа-райы Ақтөбенікінен жылы және қары өте аз екен… айтпақшы, темір жол вокзалының перронына шығу үшін осы ғимараттың екінші қабатына көтерілу керек, яғни перрон қаладан биік орналасқан.)
Әрі қарай

Шахерезада шаһары

Иорданиядағы қатты әсер алған жерлерімнің бірі болды. Мені, тіпті, адамдардың бәрін таң қалдыратын сол елдегі Петра қаласы да, Джераш қаласы дәл осылай таң қалдыра алмаған. Иорданиядағы Өлі теңіз жағалауындағы осы отель қалашығында өзімді «1001 түн» ертегі әлеміне кіріп кеткен дарынсыз оператордай сезіндім ғой… ))
Бер жағы
Әрі қарай

Блогкемп сыйлаған достарым

Блогкемп байқауына. Мәтін бөліміне.

Былтыр дәл осы уақыттарда «Блогкемпте не істейм», "Қалай өтеді" деп, қорқып, сасқалақтап жүргенім есімде. Дәл осы уақыт.
Блогкемп мен ойлағаннан да керемет өтті. Қаншама адамдармен таныстым, қаншама дос таптым…

Содан бері тура бір жыл өтіпті. Бұл жолы басқаша сезімдемін. «Блогкемп таныстырған, табыстырған достарыммен қауышамын» деген қуанышты езім.
Ия, блогкемптің арқасында көптеген достар таптым. Бала күнімнен бірге өскен құрбыларымның өзі қызғанып қалады кейде)). Достығымыз мәңгілік болғай!

Сол достарыммен алғаш танысқан кез есіме түсіп кетті...

Керекинфоға келуіме себепкер болған Аршат еді. Виртуалда қатал, ұрса беретін ағай боп көрінетін. Кездескенде сөзбен жер-жебіріңе жетіп, кекетіп тұрады деп ойлайтынмын. Сөйтсем, өмірде өте сабырлы, маң-маң басқан жігіт екен . Ұрсып сөйлемейтін, сыпайы адам боп шықты.
Әрі қарай

Ойнайықшы!..

Адал досым, аспанға бір қарашы,
Асыр салған бала өзіңді санашы.
Ойнайықшы аппақ қармен атысып,
Жазылады, бәлкім жанның жарасы.

Қардай таза көңіліңді таптама,
Жазылғанын көреміз тағдыр – тақтаға.
Ал әзірге ойнайықшы алаңсыз,
Ұлпа қардан жасап алып аққала.
Әрі қарай

Осындай әншілер бар еді

90-жылдардың соңы. Алматы. ТВда осы әншілердің клиптерін күніге көрсететін. Түнгі клубратда, мерекелік күндері алаңдарда осылар ән айтатын. Очм танымал болған кезінде.
Көбі осы күнге дейін жетпеді. Жоқ болып кетті. Кейбірлері 2000-жылдардың ортасына дейін ТВдан көрініп жүрді.
Тағы Шармани деген бір әнші бар еді. Бірақ оның сол кездегі бір де бір клипін де, әнін де таппадым. Сосын Яшлык, Тахир Ибрагимов дегендер де болған.
Есіме түскендері осылар.
Төмендегі клиптер 90-жылдардың соңы мен 2000-жылдардың басындағы клиптер.


Кирилл Ли
Әрі қарай

Paltasheff-Party. Шарап дегустациясы

Бұлғариядағы іссапарымыздың 4-күні Поморие елді мекенінде орналасқан «Черноморское злато» арақ-шарап зауытына экскурсияға барған болатынбыз.
Алдымен қолымызға ұйымдастырушылар ұсынған бір-бір бокал шарабымызды ұстап, шарап жасалатын және сақталатын ғимараттар мен бөшкелерді тамашаладық.
ОҒМ жазбалары: Paltasheff-Party. Шарап дегустациясы
Әрі қарай

«Батыл жүрекке» барасың ба, қазақ тілінде көресің бе?



Тұрмысқа шықпаймын, одан да бойдақ болып жүре беремін арғымақтың үстінде құстай самғап, жебем көкке жетсін деймін...
Мериданың әкесі король Фергюс*

Стив Джобс кезінде бас болған Pixar студиясы еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін бірдей қызықты болатын кезекті туындысын елге ұсынып отыр. Бұл жолғы фильм біз үшін алабөтен ыстық, себебі «Батыл жүрек» (Храбрая сердцем/Brave) прокатқа қазақ тілінде шықты.
Әрі қарай

Даяшылардан пайдалы кеңестер

Оcылай екен...: Даяшылардан пайдалы кеңестер

— Бардағы фирмалық коктейль деген нәрсе бөтелкелердің түбінде қалып қойған ішімдіктер жиынтығы немесе арзан ішімдіктерден құрылған сұйықтық. Бұл коктейлді 2-ші рет сұрасаңыз дәмі алғашқындай болып шықпайды. Көбінесе бұл біраз ішіп алған клиенттерге беріледі.

— Солянкаларды біраз тұрып қалған шұжықтардан істейді.

— Үлкен банкет, тойларда тамақ пен ішімдіктің 30 пайызы үстелдерге бармай қалады.

— Алкоголь көбінесе мөлшеріне жеткізілмей құйылады. Мұны клиент әрине байқамайды, ал кафе табысы арта береді.

— Әдетте қымбат арақтың орнына салқындатылған немесе мұз салынған арзан арақ құйылады. Дәміне қарап мұны айыру мүмкін емес. Тіпті қымбат арақ шишаларына арзан арақ құйылып қойылады.
Әрі қарай