Ата-анаңа "сіз" деп сөйлейсің бе, әлде "сен" деп пе?

Кейбіреулер «сен» деп сөйлейді. Басында естігенде таңқалғанмын.

Ата-анаңа "сіз" деп сөйлейсің бе, әлде "сен" деп пе?

Бөлісу:

46 пікір

ken
сауалнама ашуды үйреніп алдым)
UlpanSamenkyzy
байқадық, қайта-қайта жалт-жұлт ете бердіңіз ғой
ken
қалай екен сұрақтарым?
UlpanSamenkyzy
майы шығып, талқыланып біткен сұрақтар!
MickThatsMyNick
бастауыш мектеп кезінде «сен» деп жүр едік, Қазақстан телеарнасындағы «Ақжүніс» бағдарламасын көріп, осындай сұрақ қозғалғаннан кейін, «Сіз» деп кеттім.)
meirzhan
«Ақжүніс» көрсеткен кезінде сен нешеде едің?)
MickThatsMyNick
Бастауыш сыныптардан кейін білем… 6-7 сыныптар, ол кезде 11-12-десің ғо, 2002-2003-ші жылдар.
Қоғамда көп айтылмайтын немесе айтуға болмайтын, жасырылатын өзекті мәселелерді тікелей эфирде қозғайтын бағдарлама ед. Бірақ соңғы жағына таман ол бағдарлама өз қызықтығын жоғалта бастад.
bizbike
Сен деп сөйлейміз. Сен деп сөйлеу жақындықтың белгісі.
neoaskar
Баланы бастан, екі ұлым да (негізі үш ұл) "әке" дейді, бірақ сен дейді, сіз бен сен дегенді ажырату шағына келгенде айтамын ғой деймін «сіз» деуді. әйтпесе, шешелері маған «сіз» дейді…
MamaAya
тож солай кішкенемде Сен дейтінмін, кейінен өзінен өзі сізге ауысты қазір балам сен деп сөйлейді… Кейін сіз дер… күйеуім әлі СЕН деп сөйлейді…
neoaskar
күйеуің ата-анасына сен дей ме, әлде саған сен дей ме?
MamaAya
ата-анасына, маған сіз деші мет?
neoaskar
"Әке-шешесінің немесе екеуінің бірінің көзі тірі кезінде олардың жағдайын жасап жұмаққа лайықты етпесе, ол адам масқара болсын!" деп Жәйбірейіл айтқанда Пайғамбарымыз "әмин" деген екен.
MamaAya
ол ата-әжесінің қолына өскен содан да шығар… бірақ қатты жағдай жасаймыз… ой, жасайды...
Adiletshu
Көбіне орысша тәрбие көргендер сен деп сөйлейтінін байқаймын
bizbike
Қойшы, мен орысша тәрбие көрмедім. Сен деп ең жақын адамдарыма, құрдас, дос-жарандарға ғана айтамын. Ата-енеме сіз деймін.
Ereimen
Мына сөзіңізге келісемін, менде сондай пікір жазайын деп отырған едім.
ken
«Сен деп сөйлеу жақындықтың белгісі» деген орысшадан аударылған сөз болса керек. Оларда бұрын тек «сен» деп қана сөйлеген, тпті патшаларына да. Сыпайы түрдегі сөйлеу орыстарға 18 ғасырларда келген, олардың француздарға еліктеу кезеңінде. Байқасаңдар, сыпайы түр ретінде көпше түрде сөйлеуді алып қоя салған.
aza
Сен ғо әркез. Ұнайды, сен деген оларға. Бірақ, кез-келген жаңа адаммен сен десіп кете алмай итім шығады Тәрбиенің орысша, қазақшасында ештеңе жоқ ау, мен студент болғанша көрген орыстарымның санын білем
Daniar-Alan
Әйелі күйеуіне сіз дейтін адамдарды көрдім. Ұнады.
MamaAya
қызықпай-ақ қой, мен де көргем, бір палатада жатқанбыз роддомда, Ташкеннің қызы, күйеуімен соткамен сөйлесіп отырған, күлііііп анау-мынау айтып, біз әркім өз орнында тып-тыныш жатқамыз ғой… И бір кезде анау «Хайуаааансыз ғой» дегенде бәріміз ваааааааааахахаааа қырылдық қой... Күйеуім олар сіз деп тұрып тігіп кететіндер дейді ғой... айтсам…
сіз деп алып, сұмдық өзі… біз қанша Сен десек те, әзілдеп болсын, кет! деуге ауыз бармайды ғой,,,, ары кеткенде қазанбас…
Соңғы түзету:
Daniar-Alan
Сол сол  Өзбекстанға жақын маңдар көбі солай айтады
Adiletshu
Хайуаааансыз ғой
bizbike
Қызық екен… хайуансыз дегені тым дөрекі екен. Бірақ Атырау, Ақтауда күейеулері қатты сөйлейді келіншектеріне.
MamaAya
Біз жақта да елдің көзінше дөрекі сөйлеуді авторитет санайды, а менікі құдайға шүкір басқа жақта өткен көп өмірі, қатты сыйлайды, елдің көзінше… жекеде пойдет... менің ағаларым әйелдерін ешқайда апара бермейді ғой, машинаның артына отырғызады, алдына жол жоқ. Менікі өзі қасымда отырады, охотаға барса да апарады, тойға да, маевкаларға да, банкетке де, мальчишникке де біртүрлі қыздармен араластырып болса да не деген жолым болған жанмын?! ииииииииииих!  Бірақ СІЗ деп сөйлеу планда соооовсем жоқ!
Ereimen
Мені де әйелім сіз деп сөйлейді.
bazuka
сен деп сөйлеймін, мен ваще мамканы атымен атаймын Заке деп, былай подрушкамыз ғой)) Әкеге де сен деп сөйлескенмін.
araika
сен деп сөйлеймін, мен ваще мамканы атымен атаймын
мен де солай, себебі әжемнің қызымын

20 жыл бойына мама деп сөйлемеген құрбыларым тұрмысқа шыққан соң автоматты түрде айтатын болыпты, алғашқыда енелерін айтып отыр екен десем))
ken
мамаңның апа-сіңілілеріне де сен дейсің ба?
araika
Жоқ, сіз дейді екенмін. Олардың қандай қатысы бар?
satibaldi
Пақанға — пақан, ал мақанға — мақан дей береміз.
Gulistan
Тақырыпты оқысымен бір ретте ТВ-дан Ислам Каримовтың Нұрсұлтан Назарбаевқа «Ты, Нурсултан...» дегені еске түсіп кетті.
Мен де кішкентай кезімде сен дейтінмін, қазір сіз-ге көштік. Бірақ «сіз» десем, алыстап кететін сияқтымыз
Armanjan
Әкеме сіз, анама сен деп сөйлесе беремін
Ispek92
18 жасыма дейін сіз деп келдім, кейін жәәәәәйләәәәәәп сенге көштім. Қазір сен дей берем…
Dzhonsaken
Менің бір Құсбегі деген тамырым жүзграмдатып алғанда әке-шешесін «Сен» ал келіншегін «Сіз» дейді, ал қалыпты кезде әке-шешесін «Сіз», келіншегін «Сен» дейді…
edige
Сіз деп, сен жүргенде еш өзгеріс жоқ… Көзі тірісінде жақсылап сыилап үлгеруге жазсын тек.
Adiletshu
Уот, ең жақсы пікір болды
MamaAya
ааа қатты еркелеп кеткенде, енеме де қоооойшыыыыыыы маааам! деп сен деп алам
NKhamitkyzy
Кішкентайымыздан бізді «Сіз» деп үйреткен.
«Сен»-деп қалсақ қайтадан,«ойвай! -Сіз деп жөндейміз
Ал, арасында еркелеп екеуіне де сеееен дей берем)))
87014087892
Әрине «Сіз» деп сөйлейміз!
satibaldi
Нигіңізді 1 желтоқсанға дейін тіркемесеңіз байланыстан мақұрым қалатынңызды білесіз бе?
Adiletshu
Уатсапта бар екен
satibaldi
Бұрын сыйлап пақан, мақан деуші едік, қазір жұмысбастымыз — «Эу!», «Фьшьт!» дей саламыз.
UlpanSamenkyzy
мен «сіз» деймін, ал ағаларым «сен» дейді, себебі 8 сыныптан үйден алыс жүрдім, сол үшін болар…