Paltasheff-Party. Шарап дегустациясы

Бұлғариядағы іссапарымыздың 4-күні Поморие елді мекенінде орналасқан «Черноморское злато» арақ-шарап зауытына экскурсияға барған болатынбыз.
Алдымен қолымызға ұйымдастырушылар ұсынған бір-бір бокал шарабымызды ұстап, шарап жасалатын және сақталатын ғимараттар мен бөшкелерді тамашаладық.
ОҒМ жазбалары: Paltasheff-Party. Шарап дегустациясы

Мына бөшкелер тек қана Болгарияда өсетін еменнен жасалған уникалды бөшкелер. Үстіңгі нөмірі инвентарь, ал астыңғысы – сыйымдылығы. Мұндай бөшкеден 10 мың бөтелке шарап шығады. «Өзің көтеріп кетсең, тегін сыйлаймыз» деп қалжыңдайды қызметкерлері.
ОҒМ жазбалары: Paltasheff-Party. Шарап дегустациясы
Содан соң, сұлу келіншек бізді әдемі мейрамханаға шарап дегустациясына бастап әкелді.
Әрқайсымыздың алдымыздағы бос 4 бокал қара теңіздің таңдаулы ақ-қызыл шараптарымен толтырылды: Шардоне, Мускат, Мерло және Каберне Сувиньон.
ОҒМ жазбалары: Paltasheff-Party. Шарап дегустациясы
Келіншек шарап дегустациясының қадамдарын айтып өтті:
1. Бокалдағы шарап ернеуіндегі доға түсіне назар аудару. Мәселен, Шардоне шарабының жиегіндегі доғасы алтын жасыл түсті болады екен. Анықтап көру үшін ақ салфеткаға тақап қарау керек.
2. Бокалды баппен шайқап, шараптың исін байқау. Тағы да Шардоне шарабының исі турады айтсам, алма мен алмұрт хош исі мұрныңызды қытықтайды.
3. Үшінші қадам – асықпай дәмін көру. Бұл жерде енді Мускат шарабының дәмі есімде қалыпты, сарайыңды ашатын, балғын шампанды еске түсірді.

Менің келтірген мысалдарым – алғашқы ішкен 2 шарап. Қалған екеуі есімде қалмапты, айып етпессіздер. Әйтеуір, олар да ұнағанын білем
Кейін бәрімізді шарапқа әбден тойдырғасын, зауыт бағасымен сатылатын шарап дүкендеріне алып барды. Өмірге риза жамағат 6 бөтелкеге дейін алып жатты. Бағасы шынымен-ақ арзан, 800-1200 теңгеден.
ОҒМ жазбалары: Paltasheff-Party. Шарап дегустациясы
***
Болгар шарабының бізге бөтелкемен келмеуі себебі, Кедендік Одаққа байланысты, салынатын салығы үлкен екен. Сондықтан Ресейге, бізге цистернамен әкеледі екен, сәйкесінше сапасы нашарлау болады. Өткенде супермаркеттен Шардоне көргем, өндіру орны Алматы деп тұр. Сол цистернамен келген болгар шарабы ма екен, әлде біздің подделкалар ма?
Бөлісу:

46 пікір

patick
мен де таза шараптан ұрттап жіберуден бас тартпас едім
asaubota
ішті айдамай ма екен араластырып ішу?

фотореп үшін рахмет, көптен мұндай қызық реп болмап еді.
AKY
жоға, айдамақ түгілі, басың да ауырмайды. дегустациядан кейін кешкі асқа құмыра-құмырасымен әкелді ғой, тойдыө әбден. саясаттары күшті, тойдырып ап, дүкенге апару. мына рәсімге 30 евро бөлек төледік.
Marco
Тәәәк, базарлыққа шарап ішетін болдық
AKY
мен тым ақылды болып, 1-ақ бөтелке алыппын оның өзі…
asaubota
баяғыда Молдовадан күшті шараптар әкелген едім. соларды ешкімге бермей және тек қана ішу майталманы бір адаммен ғана ішкем, басқа ешкімге ұрттатпай. осылайша ол шараптардың обалына қалмадым!
AKY
қатырыпсың ғой))) мен де сөйтем онда!
Daniar-Alan
кетпей тұрып ФБ-да сөйлескеніміз жайлы жәәәйй ғана ескертіп өтейін
Daniar-Alan
ішу майталманы бір адаммен ғана ішкем,

жобалап біліп тұрм
19852407
 по секрету по всему свету
bazuka
рахат шараптың түр-түрінен дәм татыпсын ғой, менде қатысқым кеп кетті
aikarakoz
«Сенімен неге бірге бармағам» деп, аузымды сүртіп алдым
Жақында Франциядан әкелінген шарапты татып көріп ем, дәмі әлі кетпеді ауыздан. Болгариянікін де көретін шығармызӘ
AKY
бұйырса, Алматыға алып барам, астаналықтар ренжімес, Жапонияға барып жатсам, 1 сәке менен
aikarakoz
 Кідәй, жәнім! Сені одан сайын жақсе көрееееп кеттім
19852407
Вообщым маған бір бокал қалдырып қой бөтелкенің түбіне  нешауа не знаю
nurbergen_makym
Бұлғарияның теңіз жағасындағы қызараң кеші, қызыл шарап пен қызып алған АКҮ… Бұдан кейін әлдебір Меган Фоксты да армандау күнә болар еді.
Nurshat
Cөредегі шараптар қандай керемет… Ішермеме еді, сыңғырлы бокалдарға толтырып…
Marationok
AKY әдемі болып кетіпті
Gastarbaiter
Бұрынан әдемі, просто бұрыңғы алқаш фотографын қуып жіберген сияқты.
Marationok
Үшінші суреттегі күлкісін қараш
Gastarbaiter
Мені күнәға итермелей бердің ау сен де, онсыз да тулаған нәпсі мен адам тежегісіз арам құлқындар, азғын ойлар оянып жатыр ед)))
Daniar-Alan
жоға, айдамақ түгілі, басың да ауырмайды. дегустациядан кейін кешкі асқа құмыра-құмырасымен әкелді ғой, тойдыө әбден. саясаттары күшті, тойдырып ап, дүкенге апару. мына рәсімге 30 евро бөлек төледік.

ага. мөлшерден сәл асып кетсе, ұйықтай алмай, құсам. бірақ похмелье деген жоқ тож) © Айгерім Кеулімжай

байғұс Бұлғар теңізі
AKY
ол жерде қаттырақ ішімдік туралы айтқан болатынмын
шарап деген не, тәйірі
SaZhaM
негізі не ғой… бөтелке көргенде адамның жымию — алкоголизмнің алғы шарттарының бірі деуші еді…
19852407
Бәрекелді! Бино ішу де — өнер дейді ғой осы еуропалықтар
Күшті екен.

«Менің келтірген мысалдарым – алғашқы ішкен 2 шарап. Қалған екеуі есімде қалмапты, айып етпессіздер. Әйтеуір, олар да ұнағанын білем
Бокал-мокалымен сөмкеге ыңқыта берсең қайтеді-еу қасқа
ken
маған бірдеңе әкелдің бе?
boztorgai
саясаттары күшті, тойдырып ап, дүкенге апару
қалтамандар десеңЧ өншең
SaZhaM
Түркияда болғам… Ондағылар саған адам деп емес, жыбырлап жүрген доллар ретінде қарайды…
edige
Тарихы терең Бұлғарияның ішінен тұп-тура шарап қоймасына саяхат…
AKY
тарихына да үңілдік, не болды сонша түңіліп антика мұрасы т.б. музейлерін араладық. бірақ өзіме осы ұнады
know_how88
Ол жайында да әңгіме ілсеңіз, «Тарихы терең Бұлғарияның» парағын зерделеуді көңілі жағатынын білдіріп қалды ғой edige . Сондықтан ол постыңыз да плюстеліп, пікірленетін болар.
Arys_arlany
шарап сусын емес, ішімдік
AKY
Спирттік сусын.