Күзгі тілек

Күз сығалап тереземнен, басқысы келеді еңсені
Күзгі көңіл-күй жайлап та алған кеңсені
Ал, көшеде… адамдар жүр түнерген
Шөгіп кеткендей ғимараттар да еңселі

Нөсерлетпекші, балаққа жағып батпағын
Өткен жаздай, өмір деген де қас-қағым
Үйкесем түсер балақтағы балшықтар
Қайтсем кетер арыма түскен дақтарым?!

Құссыз сұр аспан, қарғалар ғана бұтақта
Жаз болмағандай, сұрғылттық басым бұ жақта
Уа, Жаратқан! Бар әлемнің тірегі!
Мына біздей Пенделеріңді жылатпа!

Тілегімді қабыл ет, намаз оқымаушы едім бірақта…
Әрі қарай

Шын дос болсаң егер!

Шын дос болсаң егер!
Досың үйіңе келгенде,
Қуанып құшақ ашарсың,
Ашарсыңда бауырыңа басарсың.
Әңгіме қылып, қал жағдайын сұрасып,
Қайткендеде дос көңілін табарсың.

Күн арада көңілін сұрап барарсың.
Барған кезде бар жоғына қарарсың.
Басына егер қиын қыстау күн туса,
Көмегіңді ұсынып ақ бағарсың.

Досың саған сөз қылып,
Қуанышын айтып бөліссе,
Қызғанып іштей тырыспай,
Қуанып сенде қаларсың.
Қайғысын айтып бөліссе,
Жақсы сөзбен жұбатып,
Қайғысына дауа табарсың.
Әрі қарай

Айт, жүрегім...

Көре алмадың, білемін, ақ жүрегім,
Өмірімнің құштарлықсыз бос өтуін,
Көзіме салғаныңда жез құрықты,
Тілеп едім,өмірімнің өзгеруін,
Қиялдап ем,ғажайыпқа бір енуді,
Қалай қатты қателестім, сақ жүрегім?

Білесің ғой, бердім саған бар еркімді,
Сондықтан сұрауым бар, жауап қайтар.
Біле тұра адамдардан бездірмедің,
Неліктен қиын сыннан өткізбедің?
Неге енді үндемейсің, жұбатпайсың,
Кеудемде жанның барын ескермедің,
Қатігез, ұшып-қонған, мас жүрегім…

Ұйқыда кеткен екен, жас күндерім,
Жаңа көрдім арманымның құлағанын,
Ылғи саған пәк сәбидей сеніп келдім,
Қалайша атқан таңды түн қылғаның?
Енді кімге тастарсың рақымыңды,
Сырын қимай, жасырған, қас жүрегім?
Әрі қарай

Дала.Қала.Мен.

Сағынғанмен даланы алабөтен
Мен үшін болып кеткен қала мекен
Өткен жолы түсімде күрең мініп
Күн батысты бетке алып барады екем…

Бөктердегі су ішпей бұлақтардан
Телміремін кранға жылап қалған
Кейде өзімді қозыдай сезінемін
Енесінен адасып жырақ қалған

Қабылдамай қаланы түсінігім
Мен даланың адами пішінімін
Қан-жынымен қалаға тастап кеткен
Мен даланың жасанды түсігімін.

Сынаңдар, ұрсыңдар, ұрыңдар." Қалада не істеп жүрсің, кет ауылға" десеңдер жауабым міне
«Күн көру керек». Артыңдағы бауырларыңды ойлайсың дегендей…
Әрі қарай

"Вахтовик" сағынышы

Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын,
Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.
Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
Той-томалақ менсіз де өте жатар,
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.
Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
Қызым әне суретіме қолың сермеп,
Әрі қарай

Жақсы сөз

Жақсы сөз адамның жанын түртеді.
Ішіңдегі зарыңды қуаныш өлтіреді.
Жүрегіңнің терезесін шан басқанда,
Жақсы сөз жүрегіңнің шаңын сүртеді.

Жақсы сөз бесігіңдей тербетеді.
Жақсы сөз ыстық шайдай терлетеді.
Жақсы сөз құлағыңды жайлап сипап,
Жүрегіңнен орын тауып төрлетеді.

Жақсы сөз адамды да өзгертеді.
Көтеріп көңіліңді көлдетеді.
Жақсы сөз жаныңа жылу беріп,
Асқар таудың биігіне өрлетеді.

Жақсы сөз жорытқанда жолдасыңдай.
Жақсы сөз киналғанда жүрер қолдай.
Жақсы сөз жұбатады сенім беріп,
Ісіңе қалғанда қөңілің толмай.

Жақсы сөз тазартады санаңды.
Жақсы сөз жүрек кілтін табады.
Жақсы сөзді айтар болсам қорытып,
Жақсылықтың қайнап тұрған қазаны.

Жақсы сөз шығады тек жүрек жақтан.
Шықпайды жаман тілмен қисық жақтан.
Айыра біл алдам сөзбен жақсы сөзді,
Арзан сөзді айтуға тіспен сақтан.
Әрі қарай

Алтын қазық

АЛТЫН ҚАЗЫҚ
Қарттарды көргенімде,
Бір түрлі қалам налып.
Келмеске өздерімен кетеді-ау деп,
Ата-баба ұстанған ғұрпымды алып,
Ана тілім — қазына мүлкімді алып.
Шала қазақ, шұбар тіл олардан соң,
Он есе кететіндей сиқымды алып.
Ақ жаулығы жоғалса шешеміздің,
Жалаң бас қалатындай көрінеді,
Келешектің қара сөз сылқымдары.
Көкірегі — шежіре сырлы сандық,
Қара шалдың қатары сетінесе,
Жетімсіреп қалардай жұртым да азып.
Қазағымның қадірі қартында екен —
Ата жұртқа қағылған алтын қазық!

Үміт Жәлеке
Әрі қарай

Махаббат мұңы

Сені бүгін көрдім тағы жүрек шіркін сыздады,
Махаббаттың оты жанып жалын болып маздады.
Сүйген жаным саған қолым сәл-ақ қана жетпеді,
Сағынышпен көрген бейнең бұл жарамды жазбады.

Сенің мәңгі есімің жүрегімде мынау жазылган,
Ылғи жүрсең де ойымда сағынышым басылман.
Рахмет деймін тағдырға сендей жанды сүйдірген,
Ынтық болған сезімім басқа ешкімге ашылман.

Махаббаттың мұңын кешіп, уын ішіп жүрсем де,
Налымаймын тағдырыма ыза болып күлсем де.
Азат жүрек, бағынбайтын дүниенің құлы боп,
Зәбір көріп заманымнан күйзеліске кірсем де.

Енді ойла сен себебін, неліктен олай екен деп,
Ризамын жаным-ау бір жерді жүрсек мекендеп.
Кезінде айтқан Мұхтар ақын ұлағатты бір сөзді,
«Есте ұстаңдар, құлай сүю ерлікпен тең екен!» деп.
Әрі қарай