Төрт ұста

ТӨРТ ҰСТА

Айтайын мен бір тымса әңгімені,
Мал табу, жер көру ме, әлде нені?
Ойына алып, ел-жұртын таң қалдырған,
Кезіпті төрт өнерпаз дүниені.

Бірігіп бұл төртеуі келер еді,
Біреуі – ағашқа ұста шебер еді.
Біреуі – киім тіккіш, бірі – зергер,
Қолынан алуан жұмыс келер еді.

Әрі қарай

Мен сені сүймеймін

Жаныма сыйлайсың жылу шын,
Сол жылу бірақ та жүк болар.
Сен неткен сұлусың, сұлусың,
Сен шығар әлемді құтқарар.
Сен, мейлі, ұнат не ұнатпа,
Мен өзге біреу деп күймеймін.
Мен саған тәнтімін, бірақ та,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Көзіме түскен бір елессің,
Мен саған тәнтімін себепсіз.
Сен маған сәйкес еш емессің,
Бірақ та басқалар керексіз.
Адуын алаулап айнала,
Сергелдең сезімнен күйреймін.
… Бәрі оның сұлу сөз жай ғана,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.
Әрі қарай

Владимир Высоцкий: "Ұнатпаймын мезгілсіз өлімді мен"

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Владимир Высоцкий: Ұнатпаймын мезгілсіз өлімді менТақырыптың атауына шығарылған сөздер оның әйгілі «Я не люблю» деген өлеңінен алынған.

Бұл өлеңге бұрыннан шатырым кетім жүрген болатын.

Маған мейілінше автордың айтпағын мән-мағынасын бүлдірмей, артық ештеңе қоспай және қандай да бір ұйқас бен буын санын сақтап, гитарамен қазақы мақамға салып айтуға келетіндей ету керек болды.
Аудару барысында білдім, кей өнер алыптарының өлеңін аударғанша, жаңа шығарма жазу оңайырақ екен.

В.Высоцкий
"Ұнатпаймын"
Ауд. А.Базарбай

Ұнатпаймын мезгілсіз өлімді мен,
Өмірімнен ешқашан түңілмегем,
Ұнатпаймын кез-келген күнімді мен,
Айта алмасам ән шырқап, көңілді өлең.
Әрі қарай

Салфетка

Ақын емес болғандықтан азулы,
Бос сөзде де білмейді екем қажуды.
Таусылғандай әлемде бар тақырып
Тапқан екем мен де нені жазуды!

Сүртейін бе не қолымды, бетімді,
Салфеткамның түрлері бар не түрлі.
Пайдалану осы жұмсақ қағазды,
Мәдениеттің көрінісі секілді.

Әне жатыр салфетканың құрғағы,
Міне жатыр антимикроб-ылғалы.
Жол жүруші адамыңа бұл нәрсе,
Аса қажет жарақ болып тұрғаны.

Пах, салфетка! Демеңіздер далбаса,
Шала біткен ақын жырын арнаса.
Мына өлең шықпас па еді жарыққа
Жазатұғын бір салфетка болмаса.
Қаңтар, 2010
Әрі қарай

Қазағыма

Туын жерге түсірмеген қазағым,
Болашаққа үлкен қадам тастадың.
Артта қалсын көрген мұң мен азабың,
Шоғы биік, арманы асқақ қазағым.

Бабалардың қаны сіңген қара жер.
Әліде талай қазақ жұртын тербетер.
Ерлікпенен туған жерін қорғайтын,
Жан даламда туар әлі талай ер.

Бүгінде көп елін ойлар жастарың,
Әйтеуір біріксе екен бастарың,
Шықса екен ел бастайтын ер жігіт,
Орындайтын елінің асқақ арманын.
Әрі қарай

Қатал тағдыр

1. Шерхан

Көрдім көзбен айтарым рас құба құп,
Тағдырға да пенде болар шұбар құл.
Тазалықты жуып шайып пасықтық,
Жүректегі сенімді де қылар құм.

Қара сый да, жарық сый да бір Алладан,
Қаралықты тілеп алар адамдар.
Бір тамшы сұм ойың хасіл болар-ау?
Басқа түсер ағат басқан қадамдар!

Аққу қанат сынып құжға таланған,
Алтын тұқым аспас екен шабаннан.
Бастан өтіп таттым дәмін заһардың,
Арбап-сулап кірді тікен табаннан.

Зарын ашып гүлім қурай жылаған,
Мұңлы күйдің үні баурай тыңдағам.
Тамыр кесіп көктем бүрін аттырмай,
Аллам оны сынақпенен сылаған.

Қыз да, ұл да харам іске уланған,
Жамбы жинап фәнилікке буланған.
Шәкәрімнің ізін басып жырлайын,
Шері мүңкіп шабыт туған тұманнан.

Асыл шешей үміттенген арман бар,
Оңдайды ғой ондайды да Тарлан шал.
Өркен жайса шөберелеп шөпшекті,
Көне қосын тамыр жайып жосылар.

Білім теріп кеуде қаққан ұлы бар,
Қажет! — депті, — сұлу ару, білімдар.
Дастарқанды мұштап ұрып ақырды,
Егде ана жылап болды кіріптар.

Үйлі-күйлі, шоқып терген қыз барды,
Шоқалақты сыннан өтіп шыдапты.
Машайықтан текті туған жар етсең,
Боларсың-ау қылыш тері қынапты.

Тыңдап жігіт анасынан қолқаны,
Өткір қанды, ыза туды қылқанды.
Көзі қызыл, уыт төгіп иір тіл,
Осы болды керегенің сынғаны.

Жылдар-жылдар көшкін көшіп ауыпты,
Шерхан өрбіп өсіп білім сауыпты.
Тәкәпарлық бойға дарып қайыспас,
Қызыл қағаз иемденіп даурықты.

Түйе түяқ еңбек ақы суырды,
Төрт тағандап жылан тері шұбырды.
Ойын қуып ұмыт қылды мейірді,
Өзді-өзі жанын отқа қуырды.

Жалғасы бар…
ТӨРЕХАН Арыстан
Әрі қарай

Белгісіз жан

Белгісіз жан
Соны көрсем, тулай соғар жүрегім,
Себебі ол жан қымбат маған, білемін.
Бірақ өзі жырақ менен, амал не,
Шын көңілден бақыт қана тілерім.

Көңілімде бір қаяу, алаң бар,
Бір соны ойлап, жан – жүрегім алаңдар.
Қандай жақсы, мұңайғанда, мұндайда,
Жайыңды ұғар жанашырың, досым бар.

Досымен сыр ақтарып, бөлісемін,
Осы жанның ақылына бас ұрамын.
Бірақ сол бір белгісіз жан гой кеудемде,
Сеп бола алар сезіміме тасыған.
Әрі қарай

Өмір...

Не айтайын, айтатын сөзім бардай,
Қиындықпен күресіп, өмірден келемін талмай.
Бар болса ішімдегі мұңымды айтайын,
Досым тыңдашы сен, айтайын аузым талмай.

Сәулесімен, шуағын шашқан күн нұрындай,
Жан бересің, жылуыңды жүрегіме мұздай.
Қайта ояттың, тірілттің сен,
Мына өмір қызықтанып баражатқандай,

Кейде алдайсың, ей-өмір кейде мойындайсың,
Өз қатеңді жасаған, бірақ оны жоя алмайсың.
Не айтайын, «ӨМІР ОҢАЙ» деп айта алсамшы,
Жүректегі жылуымды озге адамға бере алсамшы.

Әмірхамзаева Әйгерім
Әрі қарай

Сәттік сыр...

Қазанның күзі, асығам саған,
Жасырам деп сары көрпеңе мұңды.
Қазанның күзі, сағындым сондай,
Ертегі айтатын ерке желіңді.

Өлеңсіз жанған өгей көңілді,
Биыл тағы да басам дегенсің.
Мүсіркемейтін мөлтек мұңымды
Қазанның күзі,
Қашан келесің?

пы.сы: Майлагенттің блогынан алынган оленсымақ
Әрі қарай

Ая қыз. Алматы

Жалықты ма екен қаладан қабағы ғарып,
Мұңайып тұрды Ая қыз жанары налып.
Бұрымын тербеп, жанына еркелейтұғын,
Сағынды ма екен Семейдің самалын-мамық.

Талпынып еді арманның жырақ таңына,
Жолықты жаны ызғарлы жыл ақпанына.
Ұяттан, жаным, Алматы өртеніп жатыр,
Семейдің ерке елігін жылатқанына.

Мұзбалақ емес қанатын дауыл шыңдаған,
Жасүлпек еді қайырылды, қауырсын — қадам.
Бір қызды несін жылаттың, нән шахар едің,
Миллион адам әуенін ауырсынбаған.

Құшағына алып «Періште», «Періні» кілең,
Құшатын еді даңсалы еріні бір ем.
Көз жасын қыздың қорқаудай сіміріп жатыр,
Алматы енді арудан жеріді білем.

Сұлуға айтушы ең сырыңды, елден жасыра,
Үркіттің неге, елікті келген қасыңа.
Алматы ішті тойынып атаукересін,
Шөлі бір қанып Аяның кермек жасына.
Жақсылық Қазымұрат, 18.09.2009 жыл
Әрі қарай