Болар елдің баласы айтады...

Болар елдің баласы айтады:
Мен елімді ақиқатқа, адалдарға жақ қылам!
Қара қылды қақ жаратын әділ досқа тап қылам!
Сүмірейіп, езілетін ез — ынжықты жат қылам!
Тіктеп айтар сөзің болса үрлей берем, от қылам!
Әр қазақтың шаңырағын бақытты етем, бақ қылам!
Астындағы жамау-жамау көрпелерін тақ қылам!
Нағыз қазақ — нағыз досым, тіл мен көзден сақ қылам!
Шала қазақ — жауыз досым, таудан төмен лақтырам!
Абылай Хамидулла 28.03.2014




Тыныштықбек Әбдікәкімовтың «Ақшам хаттары» атты тоқсан үшінші жылы шыққан мүкәммал кітабы қолыма жақында түсті. Ішінде бәрі бар. Махаббат та, ғадауат та, мұң да, қайғы да, қуаныш та… Кітапты ала сала алғашқы беттеріне көз жүгірткенімде осы «Жеке қоңыры» көңілімді ерекше толқытты. Көптен мұндай сезімге берілмеген едім. Өлеңдерінің барлығы сүт қатқан қызыл күрең қою шай ма дерсің?! Бірінен кейін бірі күшті кетеД. Ал, «жеп-ішіп» отырыңыздар