Қызылға тоқтағанда...
Келемін жалғыз көшемен тегіс,
Жолға да жеттім, аңғарсам.
Жасылы бітіп, сөнді де еміс
Қызылын жақты бағдаршам.
Бұл ұзын жолдың келесі беті
Сұлулыққа бір тұнып тұр…
Ойласам неге?! Не себепті?!
Алдымда бір қыз күліп тұр…
Тоқтады жүрек, тулады қаным,
Бағдаршам!
Жақпа,қызылды!
Бір кіріп қайта, бір шықты жаным,
Жан-дүнием қирап-бұзылды…
Бір айналған басты шыр айналып та
Әлгі қыз мүмкін мені күтуде.
Жатыр ғой денем дайындалып та
Қарама-қарсы өтуге…
Жасыл жанды!!!
Дүрсілде жүрек!!!
Иісі баурад танауды.
Асықпа уақыт, тоқташы бір рет,
Әр басқан адым санаулы…
Көзі мен көзім кездесті менің,
Мұрны мен мұрным алмасты иіс…
Әйтеуір жаным тапқандай теңін,
Жүрегім мұны сақтауға тиіс!!!
Өтті де кетті...Ұқпай бір сәттен,
Керемет балқып тұрғанбыз.
Артына карап өтпеді,әттең,
Қарама-қарсы тұрған қыз…
7 пікір