Жақсы сөз

Жақсы сөз адамның жанын түртеді.
Ішіңдегі зарыңды қуаныш өлтіреді.
Жүрегіңнің терезесін шан басқанда,
Жақсы сөз жүрегіңнің шаңын сүртеді.

Жақсы сөз бесігіңдей тербетеді.
Жақсы сөз ыстық шайдай терлетеді.
Жақсы сөз құлағыңды жайлап сипап,
Жүрегіңнен орын тауып төрлетеді.

Жақсы сөз адамды да өзгертеді.
Көтеріп көңіліңді көлдетеді.
Жақсы сөз жаныңа жылу беріп,
Асқар таудың биігіне өрлетеді.

Жақсы сөз жорытқанда жолдасыңдай.
Жақсы сөз киналғанда жүрер қолдай.
Жақсы сөз жұбатады сенім беріп,
Ісіңе қалғанда қөңілің толмай.

Жақсы сөз тазартады санаңды.
Жақсы сөз жүрек кілтін табады.
Жақсы сөзді айтар болсам қорытып,
Жақсылықтың қайнап тұрған қазаны.

Жақсы сөз шығады тек жүрек жақтан.
Шықпайды жаман тілмен қисық жақтан.
Айыра біл алдам сөзбен жақсы сөзді,
Арзан сөзді айтуға тіспен сақтан.
Бөлісу:

2 пікір

temir1986
Кімге болсада жақсы сөз айтқан жақсы ғой. (Тілімді тістейтін жерде тістей алмай қалатыным бар)