Махаббат мұңы

Сені бүгін көрдім тағы жүрек шіркін сыздады,
Махаббаттың оты жанып жалын болып маздады.
Сүйген жаным саған қолым сәл-ақ қана жетпеді,
Сағынышпен көрген бейнең бұл жарамды жазбады.

Сенің мәңгі есімің жүрегімде мынау жазылган,
Ылғи жүрсең де ойымда сағынышым басылман.
Рахмет деймін тағдырға сендей жанды сүйдірген,
Ынтық болған сезімім басқа ешкімге ашылман.

Махаббаттың мұңын кешіп, уын ішіп жүрсем де,
Налымаймын тағдырыма ыза болып күлсем де.
Азат жүрек, бағынбайтын дүниенің құлы боп,
Зәбір көріп заманымнан күйзеліске кірсем де.

Енді ойла сен себебін, неліктен олай екен деп,
Ризамын жаным-ау бір жерді жүрсек мекендеп.
Кезінде айтқан Мұхтар ақын ұлағатты бір сөзді,
«Есте ұстаңдар, құлай сүю ерлікпен тең екен!» деп.
Бөлісу:

23 пікір

a63a1
жүректен шыққан өлеңге жаман деп айтуға дәтім бармайды, күшті!
Abilakim
Зәбір көріп заманымнан күйзеліске кірсем де.

Заманыңыз не істеді сізге?
naz0605
Заман менің барымды алды. Мен жалғыздықтан шаршадым…
Aldeken
Не ғо, қарындасым, көңіліңе келмесін, бірақ,
Заман менің барымды алды. Мен жалғыздықтан шаршадым…
деп айту үшін әуелі, кеше ғана алған жеке куәлігіңді жарамдылық мерзімінің соңына дейін пайдаланып көрш, жақсы ма? Содан кейін көре жатарсың шаршау, жалғыздық дегенді…

Пы.Сы. өлеңің туралы шешімді қосадминге қалдырдым…
Nurgisa
Махаббаттың мұңын кешіп, уын ішіп жүрсем де,
Налымаймын тағдырыма ыза болып күлсем де.
Азат жүрек, бағынбайтын дүниенің құлы боп,
Зәбір көріп заманымнан күйзеліске кірсем де.

«Ақ тырна» шипагеріне барып емделген келіншектің мақамына келіңкірейді екен. Ол да суырып салма еді…
Abilakim
бетіне су шашып тоқтатпаса болмайтын секілді ме?
a63a1
Құрметті сынақ комиссиясының мүшелері жабылып кету әдетін қойып, ептеп болсчада адамдардың БІРІНШІ жазған жазбасына сыпайылықпен қараңызсаңыздарсыңдарың екен
Abilakim
Сонда маймыл сөйледі
сөйлегенде бүй деді
a63a1
е ЖАРАНДАР ЖАРАНДАР
ЖАҚСЫ СӨЗГЕ САРАҢДАР
БІРІНШІ ЖАЗҒАН ЖАЗБАҒА
СЫПАЙЫЛЫҚПЕН ҚАРАҢДАР
AKY
Крышовать етуіңе қарағанда, танысың ба?
a63a1
ЖОҚ ЕКІ ТУЫП БІР ҚАЛҒАНЫМ ДА ЕМЕС, ПРОСТЫ ЖАНБАЙ ЖАТЫП СӨНДІРІП ТАСТАЙДЫ ҒОЙ, МОЖЕТ КЕЛЕШЕКТЕ ЖЫНД ЖЫНД ӨЛЕҢДЕРІМЕН СУСЫНДАТАТР ДЕГЕН ҮМІТ ЖОҚ ЕМЕС БАР
naz0605
Үмітіңізге рахмет
a63a1
қайтпас қайсар бол, қаймықпа бас кеспек болсада тіл кеспек жоқ, жаза бер жаза бер.
Abilakim
саусағын да ешкімнің шапайтынын ескере сал
a63a1
  — мынау саусақ, жо жоооқ шаппайд
Abilakim
қызымен ұрсысып қалып, ана қызға движение жасап отырған түрі шығар
a63a1
Сени сагынудан шаршадым.
Будан былай хат жазбаймын.
Мынау менин сонгы хатым.
Салем кал калай. Бари аманба.
Дурыс болды ау дим.
Саганда маганда.
Созди осымен тамамда.
Махабат бирде баянды.
Бирде баянсыз.
Бирде аяулы бирде аясыз.
Сенде менде жай ашеин пенде.
Сен мени ойына алмасанда.
Баска жанды тандасанда.
Касымда калмасанда.
Жанымда болмасанда.
Мен сени сагынбаймын өліп қалсанда.
Солай маган да онай саган да онай.
Жолына карай карай.
Откиздим тунди талай.
Сагаттарды санай санай.
Жаралы каскырдай жарамды жалай.
Козим жетти.
Бари отти кетти.
Енди маган огейсин.
Баска не дейсин.
Бурынгыдай еркелеп
касыма.
Келесинбе демейсин.
Ойткени баска жанды бакытка болейсин.
Барекелди, шаттыгым шырайлым.
Кудай каласа менде биреуге унаймын.
Артык кетсем кеширим сураймын.

Сенде менде жай ашеин пенде.
Сен мени ойына алмасанда.
Баска жанды тандасанда.
Касымда калмасанда.
Жанымда болмасанда.
Мен сени сагынбаймын анда санда.
Солай маган да онай саган да онай.
Жолына карай карай.
Откиздим тунди талай.
Сагаттарды санай санай.
Жаралы каскырдай жарамды жалай.
Козим жетти.
Бари отти кетти.
Енди маган огейсин.
Баска не дейсин.
Бурынгыдай еркелеп
касыма.
Келесинбе демейсин.
VKM
Кімге тиісерін білмей отырғандарға жақсы болды(
Жаза бер, көп қазақтар жазбақ түгіл сөйлей де алмайды)
satibaldi
«Онекібұрыш додекаэдр келсін айналасы»
satibaldi
«Муза шешейдің шала-жансар денесі тиелген пәуеске орталық мәйітхананың алдына келіп тоқтады» © Гийом Апполиниер, «Транснонген көшесі».
araika
Бір кездері мынандай жолдар жазыппын (бәлкім біреудікі):
Есіңе алып қайтесің бәрін, өткенді
Бекерге, босқа әнгіме етіп, сөкпе енді!
Қуанышта емес, қайғы да емес болғаны
Өткерген бастан оқиға еді көктемгі

Жіберші енді, босатшы мені жаныңнан
Жүрегіңнен,өшіріп тасташы жадыңнан
Кездесіп қалар күндер боп жатса егерде
Жайқалып өскен гүл көрейін бағыңнан

Махаббаттың мұңына батпағын! Өзгеге бақыт тілесең, өзіңе тілегеніңмен бара-бар