Күзгі тілек

Күз сығалап тереземнен, басқысы келеді еңсені
Күзгі көңіл-күй жайлап та алған кеңсені
Ал, көшеде… адамдар жүр түнерген
Шөгіп кеткендей ғимараттар да еңселі

Нөсерлетпекші, балаққа жағып батпағын
Өткен жаздай, өмір деген де қас-қағым
Үйкесем түсер балақтағы балшықтар
Қайтсем кетер арыма түскен дақтарым?!

Құссыз сұр аспан, қарғалар ғана бұтақта
Жаз болмағандай, сұрғылттық басым бұ жақта
Уа, Жаратқан! Бар әлемнің тірегі!
Мына біздей Пенделеріңді жылатпа!

Тілегімді қабыл ет, намаз оқымаушы едім бірақта…
Бөлісу:

23 пікір

bi2
күлкімді келтірмеңдерші…
Abilakim
Барлығымыз Сіздің күлкіңіз үшін жұмыс істеп отырмыз ғой…
Marco
Бұ не ахи? Өлең дейін десем, өлеңге ұқсамай тұр. Прикол дейін десем, сенің приколдарың өткірлеу болатын еді…
Abilakim
мен бүгін дәл осындай болып отырмын.
Abilakim
негізі Жаратушы намаз оқитындардың ғана тілегін қабыл алмайтын шығар?! Кейде осындай бір ойлар келеді басқа.Неге біз қиналғанда ғана Оны еске алады екенбіз?
Gastarbaiter
Ішпейм деген сияқты едің ғо?
Abilakim
ішкен жоқпын
edige
Бұ не ахи? Өлең дейін десем, өлеңге ұқсамай тұр. Прикол дейін десем, сенің приколдарың өткірлеу болатын еді…с.Marco  
Ішпейм деген сияқты едің ғо? с.Gastarbaiter
Осындай да пікірлер болған екен ау ә… )))
aikarakoz
Жылы жаққа тырналар қоштаса ұшып барады,
Жалғыз қалған ғашықтың жүрегі тағы жаралы.
Сусып түскен жапырақ дір еткізіп жүрегін,
Қуып отыр Әбләкім, лақпа өлең жазып қаламы
Мен де қуа алад кем
Abilakim
бірге қуайықшы, сосын фонтанның суын шшайын мен саған…
Armanjan
Бірінші сынып табалдырығын аттаған жылғы күзде жаңа ортаға үйренісе алмай жүріп жазғаны шығар деп топшыладым, әйтпесе қазіргі жігіт ағасы болған Әбіл жазатын өлең бе бұл
a63a1
Адамның, түзетпеген, жүрегінен сол беті шығып кеткен өлеңі осындай болады. Жақсы өлең әсерлі
Gastarbaiter
Каждую осень я в говно
Каждую осень я в говно
Каждую осень…
VKM
почему же только осенью?)))))))
Gastarbaiter
Каждую осень я в г… глубокой депрессии, глубокой-глубокой депрессии ))
aza
Әбеке, өлеңің жақсы екен)))
Tyulpan
ух ты )) Азадан осындай баға алсаңыз, жәмән болмағаны да өляңіңіздің ))

жақсы кен күзгі күндері осындай нелер )) рахметик! ))
b-asan
Намаз окымаушы ем биракта — кудайды ауызга алып койганын ушин акталу ма, алде, уйкас куу ма?
ruben
 шумақтан тыс қап қойған ұйқас бола ма?
AKY
Неге болмасын?!
ruben
Шарықтау шегі соңғы тармаққа келмегесін болмайды-ау деп үйреніппін. Рахмет, түйдірдім.