Күзгі тілек

Күз сығалап тереземнен, басқысы келеді еңсені
Күзгі көңіл-күй жайлап та алған кеңсені
Ал, көшеде… адамдар жүр түнерген
Шөгіп кеткендей ғимараттар да еңселі

Нөсерлетпекші, балаққа жағып батпағын
Өткен жаздай, өмір деген де қас-қағым
Үйкесем түсер балақтағы балшықтар
Қайтсем кетер арыма түскен дақтарым?!

Құссыз сұр аспан, қарғалар ғана бұтақта
Жаз болмағандай, сұрғылттық басым бұ жақта
Уа, Жаратқан! Бар әлемнің тірегі!
Мына біздей Пенделеріңді жылатпа!

Тілегімді қабыл ет, намаз оқымаушы едім бірақта…
Әрі қарай