Күзгі тілек

Күз сығалап тереземнен, басқысы келеді еңсені
Күзгі көңіл-күй жайлап та алған кеңсені
Ал, көшеде… адамдар жүр түнерген
Шөгіп кеткендей ғимараттар да еңселі

Нөсерлетпекші, балаққа жағып батпағын
Өткен жаздай, өмір деген де қас-қағым
Үйкесем түсер балақтағы балшықтар
Қайтсем кетер арыма түскен дақтарым?!

Құссыз сұр аспан, қарғалар ғана бұтақта
Жаз болмағандай, сұрғылттық басым бұ жақта
Уа, Жаратқан! Бар әлемнің тірегі!
Мына біздей Пенделеріңді жылатпа!

Тілегімді қабыл ет, намаз оқымаушы едім бірақта…
Әрі қарай

Ақыретке иман келтіру

Қазақтардың басым көпшілігі Аллаға және пайғамбарға толыққанды иман келтіретінін айтып жүр. Тілдерімен «Алладан өзге ғибадат етуге лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед — Оның елшісі» деген кәлиманы да айтады. БІРАҚ…
Әрі қарай

Пенденің сиқы...

Баяғы Үміт...
Тұтанады да, бықси-бықси лапылдап кетеді.
Арманның(ат қойғыш елім ай — байқау керек қой, байқасаң — Үмітті әкпе(апа) қылып нем бар еді?) жынысында шаруам жоқ — елітеді, ынтық қылады, соңынан ертеді, себебі ол барлығымен қызықты.
Ере бересің, ере бересің, елти бересің балқи бересің… Ол жерден бәрін табуға болады. Саналы, санасыз түрлері көп — мейлі ғой,
бар болғаны қандай жақсы сол Арманның!?
Арасында сен армандамаған нәрселер де көп. Мысалы — дәрет(хана)???! Жаратушымыз бітеу қылып жаратудың жолын таппаған сыңайлы.
Өсімдік-жәндік-жануар тағы не қалды өзі? Біреусінің дәреті біреуіне тамақ… Қызық өзі!
Еее, Адам демекшімісің? Оның жануардан(аюан) қай жері артық? Ақылы десең қателесесің. Артықшылығынан кеміп отыр емеспе? Іші пысып — жыртқыштануды(соғыс, ашкөздік-тойымсыздық...), байып алып құдаймен(болсам...) таласуды……
Сенбеймін дейсіз бе? Қараңызшы жан жағыңызға — тып тыныш нәпақаны бөліп жеп, жаратушыға құрмет қылуға не кедергі?(Діндарлар дараланбаңдаршы)
Әрі қарай