Бәкі

Баяғы ата-бабаларымыз (баяғы болғанда қазіргі жетпіске жеткендерді де қосуға болады) қонышына кездік, бәкі салып жүретін болған екен. Онысы екіталай күн туса қару, қонаққа барса ет турау үшін. Қазіргідей пышақ күтіп отырмаған.
Әрі қарай

Махаббат арман (Бақытжан Мұстафаев)

Өзіңменен талай бардым өткелге,
Аппақ гүлдер бүрін жарған көктемде,
Көз алдымнан кетер емес сол бейнең,
Балалық кез бізден ұзап кеткен бе?
Сені іздейді әлі күнге жат жаным,
Сағынышты тек өзіңе сақтадым,
Сол кездері мен өзіңе ғашық боп,
Саған арнап алғаш рет хат жаздым.
Әрі қарай

Келем саған (Әлішер Кәрімов)

Өмірімнің бақ-тұрағы,
Мен өзіңді таңдадым,
Қос аққудай теңіздегі.
Көңілімнің шаттық әні,
Алып-ұшты арманым,
Іңкәр жүрек сені іздейді…

Қайырмасы:

Алаулаған от па екенсің,
Жана алмаған шоқ па екенсің?
Тағдырымның тармағында бар ма екенсің, жоқ па екенсің?
Күнім десең, күнде келем,
Айың болам түнде де мен,
Арамызда жатса да алқап келемін саған…
Әрі қарай

Сүйген адам кешірімді (Бәйтерек)

Сөзі: Қанат Жүнісов
Әні: Қайрат Баекенов


Аңғармадым қалай?
Өтті күндер талай,
Айтшы, алыстады арамыз неге?
Жүрек күйін шертер,
Өзегіңді өртер,
Жылаттық-ау біз бекер…
Бал сезім тәтті,
Қауышқан сәтті,
Қия алмадым, көңілімнен кетер ме?
Біз аңсаған арман,
Бақыт болып алдан,
Жанымызға жетер ме?
Әрі қарай

Шкафтағы скелет

Бұл жазбаны жазуға сенімділік берген Қылизаманның мына тақырыбы еді.
Шкафтағы скелет
Мұны жасау аса қиын емес.
Қажетті компоненттер: көнетоз шкаф, қартамыс көңілдес.
Қытайлық он саусағынан және сонша башпайынан өнер тамған шеберлер көңілдесіңнің қайтыс болғанын күткіңіз келмесе, жергілікті мәйітханалардың көмегіне жүгінуді ұсынады. «Шүкір, шахта мен жолда мерт болатындар бұ күні тірілерден көп» деп сақ-cақ күледі паталоганатом Ху Циань.
Рас, классикалық үлгідегі өз көңілдесіңнің скелетіне не жетсін! Бірақ бәзбіреулер қара топырақсыз көкөніс өсіріп жатқан ит-шошқа заманда скелетті мәйітханадан ала салған да тез заманның жылдамдық талабына сай сияқты.
Әрі қарай

Астарын ақтарамыз…


Әр апта сайын КТК телеарнасында көрсетілетін «Астарлы ақиқат» (орысша нұсқасы «Другая правда») бағдарламасының шыққанына біраз уақыт болды. Негізінде шындықты айтудан, біз естуден ешуақытта тайған емеспіз. Тіршілікті қызғылт түспен көруге құмар болғанымызбен, ондай емес екенін түсінеміз. Бірақ, жаңалықтың да жеткізілу жағынан бір ұстанымы болуы керек сияқты. Шығатын уақыты да прайм-тайм, 20:00. Ол уақытта адам баласы көбі үйде демалып, теледидар көрумен айналысады. Кейде отбасы болып та жаңалық көреді. Дәл сондай мезетте тыр жалаңаш әйелдер, еркектер, тіпті анайы сценаларға да куәгер боласың. Ата-анаңмен отырсаң, кірерге тесік таппай кететін мезеттер де болады. Басқа арнаға бұрайын десең, жаңалық көріп отырмыз.

Әрі қарай

Шкафтағы бақша...

ШКАФТАҒЫ БАҚША НЕМЕСЕ АС БӨЛМЕДЕГІ ГИДРОПОНИКА
Бұрынырақ – Үйішіндегі бақша жайлы идеяны көзім шалған еді. Ол жерде идея авторы — үйішінде көкөністі өсіріп баптауға ыңғайлы шкафты қалай өз қолымен жасап алғаны жайлы әңгіме жасап еді.(Отбасына
Әрі қарай

Генератор жасап көрейік

Генераторды – өздігіңнен жасап көр

Менің электростанциямдағы ток көзі асинхронды генератор болып табылады. Ол кәдімгі бензинмен оталатын екіцилиндрлік ауамен суытылатын қозғалтқыш(двига-тель) УД-25 (3000 айналым/мин). Ал енді, сол асинхронды
Әрі қарай