Бәкі
Баяғы ата-бабаларымыз (баяғы болғанда қазіргі жетпіске жеткендерді де қосуға болады) қонышына кездік, бәкі салып жүретін болған екен. Онысы екіталай күн туса қару, қонаққа барса ет турау үшін. Қазіргідей пышақ күтіп отырмаған.
Бәкісін шығарған да турай берген ғой жарықтықтар…
Ауылға барған кезімде атам «Жігіт адамның қалтасында бәкі жүруі керек, ет турасаң да, көшеде біреу тиіссе де» дейді. Ол кісіге суық қару ұстауға болмайтынын түсіндірген болдым өзімше. Сіздің қалтаңызда бәкі жүре ме? Қонақтарда ет турайсыз ба(бәкіңіздің болу-болмауы шарт емес)?

Сұрамай алып кетіп, еттерін турап, жеп отырған кезде, шал келіп:
— Балалар-әй, көзден де қалдық қой осы күні. Тырнақ алып жүрген бәкім бар еді, столдың артына түсіп кетті ме, қарап беріңдерш — депті.
Дәл өзі, бәкімен ет турадым деген біртүрлі естіледі екен. Шаппаны мәсіге, бәкіні дамбалбауға орап жүретін еді 19 ғасырда туған атамыз.
Ал ұстара деген диалект болды ма сонда?
Шаппаға құмармын, бірақ, бірақ сол таңдап, қалап, сатып алған шаппамды ылғи жоғалтып ала берем…