Келем саған (Әлішер Кәрімов)

Өмірімнің бақ-тұрағы,
Мен өзіңді таңдадым,
Қос аққудай теңіздегі.
Көңілімнің шаттық әні,
Алып-ұшты арманым,
Іңкәр жүрек сені іздейді…

Қайырмасы:

Алаулаған от па екенсің,
Жана алмаған шоқ па екенсің?
Тағдырымның тармағында бар ма екенсің, жоқ па екенсің?
Күнім десең, күнде келем,
Айың болам түнде де мен,
Арамызда жатса да алқап келемін саған…

Сені көріп сезінгелі қуанышын жанымның
Сәулем маған ай да, күнсің…
Көңілім құмар көз ілмеді,
Сайран бақты сағындым
Бақыт құсым-ау, қайда жүрсің?
Бөлісу:

11 пікір

sammita
Әдемі ән. Біраз уақыт телефонымда осы ән қоңырау болған.
Abilakim
Әлішердің де телефонында осы музыка болды деп сенейік
edige
:)…
Бірақ ол неғылсын…
AKY
Әуені өзбәкский болса да, сөздері жақсы)) Бұрын суперстарға қатысқанда жыным ұстайтын осыған, аяқ-қолдарын ербеңдетіп билеп жүргенде)))
TERISKEI
… сол әуені өзбекский болмай тұр ғой, бұның оригиналы HÜLBEN Ergen деген түрік әншісі айтатын «bay doğru» әні ғой. Сазының аптыры грек (аты тілімнің ұшында:)), біздікі шіркіндер аранжировкасын да өзгертпестен «шырқай береді» ғой! До-Мажор құсап бұл да «соттасып» жүрмесін:)))))
Zere
Солай ма еді? :( Мен оны өзі шықарған әні мен деп жүрсем.
TERISKEI
Гугл ағайдан сұрап жіберсеңіз, куә боласыз:))))
satibaldi
Иәә… Муза шешейдің құлпытасына бір тиын да көмек бермеді-ау оның үстіне, өлтіргенімен қоймай…
monti
кімде бар, постама лақытрсаңыздар плз ;)
TERISKEI
поштаңды жаза қой