Генератор жасап көрейік

Генераторды – өздігіңнен жасап көр

Менің электростанциямдағы ток көзі асинхронды генератор болып табылады. Ол кәдімгі бензинмен оталатын екіцилиндрлік ауамен суытылатын қозғалтқыш(двига-тель) УД-25 (3000 айналым/мин). Ал енді, сол асинхронды генератор ретінде ешқандай өзгер-тусіз үйреншікті айналу жылдамдығы 750-1500 айналым/мин және қуаты 15 кВттық асинхрондық электрқозғалқышын аламыз.

Асинхрондық генератордың айналу жиілігі қалыпты жағдайда қолданып отырған электрқозғалтқыштың номиналдық (синхрондық) айналым санының шамасынан 10% артық болуы керек. Ол үшін — электрқозғалтқышты электр жүйесіне тек өзін ғана қосу (холостой ход) арқылы тахометрмен айналым жиілігін өлшейміз. Назар аударатын нәрсе — қозғалтқышпен генератор арасындағы таспалық байланыстың (ременная передача) салдарынан генератордағы айналым санының төмендемей, жоғарырақ болуы. Яғни, мысалы айналым санынның номиналдық шамасы 900 айналым/мин болатын электр қозғалтқыш – жеке өзінше(холостой ход) 1230 айналым/мин береді екен. Мұндай жағ-айда таспалық(ременная передача) қатынас генераторды 1353айналым/мин бере алатын-дай болуы керек
Менің қондырғымда асинхрондық генератордың орамдары(обмотка) «жұлдызша»(звезда) әдісімен жалғанған және 380 В тық кернеу бере алады. Асинхрондық генератордың номи-налдық кернеуін(напряжение) сақтау үшін әрбір жеке фазалардың арасындағы сыйымды-лықты яғни конденсаторларды дұрыс таңдауымыз керек.(Барлық конденсаторлар бірдей). Ол үшін (керексыйымдылықты дұрыс таңдау үшін) мен төмендегі кестені қолдандым. Тәжірибе жинағанша құрастыру барысында конденсаторлардың қызу — қызбауын сауса-ғыммен тексеріп отырдым. Кондесаторларды қатты қыздырып алмау керек. Егер қызса қосылған кондесатордың сыймдылығының тым үлкен болғаны жайлы мәлімет деп түсіну керек.
Генератор қуаты, кВт Сыйымдылық, мкФ
2,0 60
3,5 100
5,0 138
7,0 182
10,0 245
15,0 342
КБГ-МН немесе басқа типтегі 400 В кернеулікке арналған конденсаторлар жарамды бол-мақ. Генераторды өшірген кезде кондесаторларда электр зарядтары қалатындықтан қау-іпсіздік шараларын қолдану керек. Яғни конденсаторларды мұқият қаптау керек.
Тұрмыстағы күнделікті қолданатын 220 В.тық электрқондырғылармен жұмыс істегенде, төмендеткіш трансформаторды (ТСЗИ 380Вті і 220Вқа ауыстырады) қолданамын. Ал енді кейбір жағдайларда электростанцияға 3 фазалық қозғалтқыш қосқан кезде, бірден қосылмауы мүмкін. Мұндай кезле бірнеше рет (қысқамерізімдік) қосып өшіру арқылы немесе қолмен айландыру арқылы бастапқы жылдамдықты берсек жеткілікті.
Стационарлық асинхрондық генераторлардың осындай түрлерін үйді жылытуға қолдануға болады. Жанармаймен оталатын қозғалтқыштың орнына генераторды айландыру мақсатында — желдік қозғалтқышты немесе үй маңайындағы кіші гірім жылғаға орнатылған трубинаны қолдануға болады. Кезінде Чувашиядағы «Энергозапчасть» зауытында шығатын қуаты 1,5 кВт генераторлар(микро-ГЭС) осы асинхрондық электрқозғалтқыштардың негізінде жасалатын. Нолинск қаласының өнертапқышы өзінің желдік қондырғысында(ветроустановка) генератордың орнына асинхрондық электқозғалқышын қолданған екен. Мұндай генераторларды қозғалсықа түсіріп ток алу үшін мотоблок, минитрактор, мотороллера қозғалқышында қолдана беруге болады
Өзімнің элетростанциямды кішігірім бір осьтік тіркеме-рамаға орнатып алдым. Шаруа барысында керекті электқұралдарымды алып іске кірісе беремін. Роторлық шалғымен шөп шабамын, электротартқышпен(тягач) жер жыртамын. Мұндай жұмыстармен айланысу үшін станциямен бірге өзіммен төрттрмақтык КРПТ кабельді катушка алып жүремін. Кабельді катушкаға орау кезінде соленоид болып қалмауын қадағалау керек. Ондай жағдайда кернеу нашарлай береді. Ол үшін кабельді алодымен екі қабаттап алып сол бүктелістен бастап катушкаға ораған абзал.
(Фрагмент статьи, опубликованной в журнале «САМ», №2, 1995 г.)
bk
Бөлісу:

43 пікір

Gastarbaiter
Тесланың әруағы жар болсын!
asaubota
тақырыпты түсінетіндерге пайдалы болатын шығар, мұндай дүниелерді арнайы қауымдастық ашып, сол жерде жинақтасаңыз дұрыс болады.
KILYZAMAN
Айналайын бауырым! Менің дүниелерімді бір ауылға жинап бере аласыңба? Негізі солай бастаған сияқты едім, су миым қауымдастықты ашуға келгенде қайнап кетсе керек :-(
KILYZAMAN
Әкім шырақ "қауымдастық" деген дардай атына қарағанда, сол қауымға мүше болу жағы қалай екенін түсіне алмай далмын. Қауымдастықты аштым, ал сол қауымдастығыма қызығып мүшелікке өтініш білдіретіндер көрінбейді. Әлде ондай функционал қарастырылмағанба?
Gastarbaiter
Ондай функция бар, бірақ ол қосылғысы келген адамның еркінде, админнің емес.
Одмин әр қолданушыға аудитория жинап бермейді.Қажетті дүниелер көбейсе, адамдар қызықса мүшелікке өтетіндер де көріне бастайды.
KILYZAMAN
Қай жерінде? Сұрап отырғаным сол тетікше ғой…
Gastarbaiter
қауымдастық тұсында розетка бар
KILYZAMAN
Рахмет! Түртіп көргем. Түсінбегенім мен қосыламынба, жоқ қосып аламынба?
Gastarbaiter
қосыласың, біреуді еркінен тыс байлап алмақ па едің?
KILYZAMAN
Ә, ббббббббббббәссссссссе деген әнек есіме түсіп кетті.
VKM
Түк түсінбесем де,қазақша жазғаныңыз ұнап тұр. Аға, сәттілік!
asaubota
құрылтайда сөйлескен тақырыптарымыздың бірі сол еді, қазақша контенттің аздығы. адамдар осылай өздері жақсы білетін тақырыптарды қазақша жазып тұрса қазақша интернеттің дамуына үлкен үлес болады.
satibaldi
Мен де Жамбылдықпын!!!
satibaldi
Кабельді катушкаға орау кезінде соленоид болып қалмауын қадағалау керек.
Сол, соленоид болып қала беру мәселесін шеше алмағандықтан, электр қуатымен жер жыртатын тракторлар 1970 жылдары тарихтың қоқысына лақтырылғанын аса қадірменді назарбыңызға жеткізгім келеді.
asaubota
бұл жақсы ма, жаман ба, а? қазақша сөйлеңдерш :)
satibaldi
Былай ғой.
Бензинді генератормен газон кесетін аппараттар бар. Таң ата алдыңа салып алып, Ебейтіге(бұрынғы Крупская) дейін шөп шауып қайтуға болады.
Ал мына амигоның ұсынысы бойынша, сымға шұбатылып, газон кескеннің өзінде аулаңдағы ток көзінен аса алмайсың. Оның үстіне, жаңбыр басталып кетсе, Аспандағы Әміршілерге ертерек барып қалу қаупі бар.
asaubota
Вордпресстің темалары мен плагиндерін сұраңдар, любойын сындырам. алмына тақырыпты шынымен меңгералмадым.
KILYZAMAN
Роторлы шалғыға шалынып қалма Сатеке… Ал сымды қолданудың орны мүлде бөлек
satibaldi
Ренжіме, бірақ мынауың, ауылда «Алма-ата» кір жуу машинасының моторынан тары түйетін келі жасайтындардың деңгейіндегі өнер.
satibaldi
Аса мәртебеліңіздің көрсетуі бойынша, бұл муақала 1995 жылы шыққан екен.
1995 жыл қандай жыл? Ғылым ішіп, өндіріс шегіп кеткен жылдар. «МИГ» авиакорпорациясы кофе-молка шығаруға мәжбүр болған жылдар. Сол жылдарда өзін өзі демеу үшін, «біздің де қолымыздан келед!» деген сарындағы патриоттық аз-мұз басылымдар болды, мұндағы мақала да сол. Сол жылдардағы «За рулем» журналын ашып қарасаңыз, «мен баклашкадан қалай фара жасадым?» сияқты өнертапқыштықтан гөрі — жоқшылықтан жазылған муақаларға толы.
Ал қазіргі рационалды, шетелдік техника толы заманда аталмыш конструкция ехникалық, инженерлік, ақыры эстетикалық тұрғыдан тіпті сын көтермейді. Мысалы, әлгі конденсатор. Ол кезде иә, көшеде шашылып жатқан телевизордан тауып ала беруге болар еді, қазірде ондай жоқ.
Қорыта келгенде, аталмыш ұсынысқа «болашағы жоқ» деген директива қоюға мәжбүр бов отырм.
Назарб аударып оқығаныңызға рақмет.
AKY
сатыбалдыға табынып жатқан смай)))
VKM
бүгінгі сатыпалды журналист емес)Инженер ме? Әйтеуір білгені көп) кешегі басқа болған)))
KILYZAMAN
Аспандағы айдың сасығын ай деп ұлуыңа жол болсын тоқмейілсіген Сатеке батыр. Сірә, жағдайың тым жақсы сияқты…
satibaldi
Сонда мынау технологиялық құбыжықты жақсы десем ғана саған жақсы болам ба?
KILYZAMAN
Өзің розетка орнатып көрдіңбе екенсің үйіңде? Жоқ жәй аузыңмен орақ орума, қиялыңмен таза су ішіп…
satibaldi
Қойнақ, тоқтан қорқам.
Gastarbaiter
Қазақстанда урбанизация жағдайы соңғы деректерге қарағанда халықтың 54 пайыз қалада, 46 пайыз ауылда дейді.
Қазақтардың басты бөлігі ауылда тұратынын ескерсе, ауылдағы қазақтар санынынң пайызы тағы өседі.
Сондықтан, генератор жасау, үй жылыту, энергия үнемдеу сияқты мәселелер бірталай адамдардың тоқ ішегін әлі де толғандырады.
Ал эстетикалық жағы как раз сен айтқан себептерге байланысты оп-оңай шешуге болады. Қазір әдемілеу, әрлеудің түрлі материалдары бар.

ЖҰмыссыздық қысқан шақта, өнертапқыштық туралы статьялар қызықтыратын. Ақша түсіп тұрса, сатып ала салған әрине жеңіл ғой. Ақша көп болмаса, бірақ бала шағаң тоңдым деп жатса, бала шағаңа эстетика туралы философиялық трактат айтып тұрмайсың ғой.
satibaldi
һАталмыш генераторды қолдан жасау — сатып алғаннан он есе қымбатқа шығатыны атүсті шәйнек жөндейтін адамға да көрініп тұр. Жоқшылық эволюциялық кері кетуге еш себеп бола алмайды.
Gastarbaiter
Расында да Алма-ата кір жуғыш машинасының моторын диірмен қылуға қарағанда қымбат екен. Өзім атүсті шәйнек жөндеуші ретінде айтарым, анау техникалық мәндер мен сандар, одан қалды Чувашиядағы «Энергозапчасть» зауытында шыққан микрогенераторлардың жасы да менен үлкен болса керек.
Бірақ дизельмен жұмыс істейтін зит мотормен телевизор қарап, жарық өндіруге болатынын ғана білетіндерге
мынадай мүмкіндіктер:
Мұндай генераторларды қозғалсықа түсіріп ток алу үшін мотоблок, минитрактор, мотороллера қозғалқышында қолдана беруге болады

«Роторлық шалғымен шөп шабамын, электротартқышпен(тягач) жер жыртамын. Мұндай жұмыстармен айланысу үшін станциямен бірге өзіммен төрттрмақтык КРПТ кабельді катушка алып жүремін.»

Ауыл шаруашылығындағыларға әжептәуір көмек сияқты көрінеді.
Жоқшылық эволюциялық кері кетуге еш себеп бола алмайды.
Болады, және сен оны менен жақсы білесің, бірақ ол басқа тақырыптың таласы:)
omarbirat
Мұндағы «мен» деген сөздер, Қилеке, өзіңіздікі ме, әлде аталмыш журналда солай берілген бе?
KILYZAMAN
Бұл аударма, журналда солай берілген…
omarbirat
Еее, онда сіз үжі жасап алып, қолданып жүрген шығар деп ойлап қалдым ғой :)))
KILYZAMAN
1996 жылдары жарық болмағандықтан, жасап қолданып көргем… Әрі қарай жетілдірембе деген кезімде Алматыға өшіп кеттімде ол қондырғыны бір бауырыма сыйға тартып кеттім
Abilakim
/ өшіп кеттімде/
бұл сөзді мына екі нұсқамен оқып көрдім ішіп кеттімде немесе көшіп кеттімде
Әлде шынымен өшіп кеттіңіз бе?
KILYZAMAN
Ол енді, пиғылың санаңды қалай бұрғанына байланысты нәрсе ғой Әбеке… Бір қәріп жоғалып қалыпты — ойлан, тап!!!
edige
Үлкен алматы өзенінің бойында тұрамын. Сол өзеннен электр энергиясын алсам ба деп жүрмін. Естігендер «Ол Заңға қарама қайшы» "Қораға кіресің" дегендей пікірлер айтып жүр. Биыл көрем шешессс… болса болды, болмаса бордай тозды дә… Камаздың генераторын /өзеннің ағымы мықты жыл 12 ай/ алып соған 220 ға айналдыратын конвертер қоссам болмай ма а? Қилеке қалай ойлайсын?
KILYZAMAN
… Заң жағын білмедім. Былай ойлап қарағанда: суды ластамайсың,қазына мүлкін ұрлап жатқан жоқсың, станцияңды қоятын жерді қорғаштап тазалап жүресің… деп кете береді ғой.
1. Қаншалықты жақын тұрасың?
2.Трубинаны қалай жасамақшысың, жоқ басқа әдістеме ойлдаыңба?
4.Камаздың генраторының қуаты қандай болды екен(3 фаза бере алама), бағасы ше?
5.Конвертер жайлы тарқата айтып кетсең мүмкіндік болса(себебі — ауылдық жерлерде тұратын ағайындарға пайдасы зор)
edige
50 метр қашықтықта тұрамын. Генератор 24 қана береді. Инвертор /Преобразователи напряжения/деген зат бар 12 не 24 ті 220 ға айналдыратын. Оған тек тоқ келіп тұрса болды. Қарапайым әдісті қолдансам деп отырмын.
"Өзің би өзің қожа, рахат болар еді"
KILYZAMAN
Естімеген елде көп деген осы. РАХМЕТ!
KILYZAMAN
Естімеген елде көп деген осы. РАХМЕТ!
Қашықтау емеспе? Біреудің қорасынан өтетін болсаң сол ғой нағыз ҚОРА
KILYZAMAN
Дипломы бар энергетик(ауылдағы) асинхронды қозғағыштың генератор бола алатынына сенбей айтысып шаршатты осы жолы. Байқұстарда не интернет жоқ екен… Ендігі жерде (қалаға баласына келгенде)сайтқа кіріп осыны көрмесем деп тісін қайрап, кіжініп қалды…
edige
ия. Ауылда тұратын менің Экспериментші ағам бар Төрехан деген. Сол келген үйге. Принтерге краскы кұйып үлгере алмай қалдық. «Бәрі керек оған… Бәрі қызықтырады...» Алматыдан жеті қоян тауып қайтты :))))
/Бірде ауылда оны қарбыздың қанша пайызы судан тұратынын күнге кептіріп қойып, ең төменгі көрсеткішпен көрсететін таразы сатып алып ақыры біліп, мақсатына жеткен /
satibaldi
KEGOC жоқ сендерге!!!