Шкафтағы скелет

Бұл жазбаны жазуға сенімділік берген Қылизаманның мына тақырыбы еді.
Шкафтағы скелет
Мұны жасау аса қиын емес.
Қажетті компоненттер: көнетоз шкаф, қартамыс көңілдес.
Қытайлық он саусағынан және сонша башпайынан өнер тамған шеберлер көңілдесіңнің қайтыс болғанын күткіңіз келмесе, жергілікті мәйітханалардың көмегіне жүгінуді ұсынады. «Шүкір, шахта мен жолда мерт болатындар бұ күні тірілерден көп» деп сақ-cақ күледі паталоганатом Ху Циань.
Рас, классикалық үлгідегі өз көңілдесіңнің скелетіне не жетсін! Бірақ бәзбіреулер қара топырақсыз көкөніс өсіріп жатқан ит-шошқа заманда скелетті мәйітханадан ала салған да тез заманның жылдамдық талабына сай сияқты.
Бөлісу:

16 пікір

Zere
Болды, енді ілмектер үшін сізге ренжимін!
satibaldi
Қойдым.
konvict
Сатыпалдыға тілін шығарған смайл
VKM
Мяяя, біреулер түсінді ғой осы жазбаны, мен сияқты орта қабылдау деңгейіндегілерге қиындау. Саян да жоқ аударыв жверетін… әйтеуір біреу өлу керегін түсіндім… детектив… махаббат...қыз… жігіт))))
AKY
Гыгы, Алик Деткиннің өте қорқынышты оқиғасы есіме түсіп кетті))
Karakyz
Оо! Алик Деткин… еміс еміс есімде… детектив сияқты… Әйтеуір, өте мөте қызық повесть екенін білемін. Сосын мұғалімінің есімі есімде қалыпты Нинель Федоровна деген. Тауып алып қайта оқымасам)

АКҮ, балалық шағымды еске түсіріп жібердің ғой)))
AKY
Ана бір кітәп алмасуда әкеп берейін. Ол жерде тек қазақша кітап тарату керек пе еді әлде?
asaubota
толығырақ ашып жазыңдар енді біздің болашақ, әзірше құпия істерімізді :)
AKY
Упс))
Gastarbaiter
Болды ғой, азғын фантазиямызға ерік беріп, толық сюжет жасап үлгердік))))))))))))))))
Karakyz
анығын білмедім… тссс, ешкімше айтпай жасасайық онда бартерді)) *рахмет

негізі кітап ол Африкада да кітап дегендей, әр тілде кітап алмассақ, әбестігі жоқ шығар деген ойдамын.
Gastarbaiter
Енді көрші ВКМ, түсінікті болу керек:
топырақсыз көкөніс өсіріп жатқан заманда көңілдестің қартаюын күтпей, скелетті мәйітханадан ала салған жылдамдырақ сияқты..
VKM
түсінбедім… маған турасын айтып берш,қиын болмаса.
Gastarbaiter
иии, Қилызаманға прикол ұстап жатыр, күле салшейш сол да қиын боп па?
VKM
иии, мені ме? басқалай түсіндім.Кешірерсің, молодая, исправлюсь)