Астарын ақтарамыз…
Әр апта сайын КТК телеарнасында көрсетілетін «Астарлы ақиқат» (орысша нұсқасы «Другая правда») бағдарламасының шыққанына біраз уақыт болды. Негізінде шындықты айтудан, біз естуден ешуақытта тайған емеспіз. Тіршілікті қызғылт түспен көруге құмар болғанымызбен, ондай емес екенін түсінеміз. Бірақ, жаңалықтың да жеткізілу жағынан бір ұстанымы болуы керек сияқты. Шығатын уақыты да прайм-тайм, 20:00. Ол уақытта адам баласы көбі үйде демалып, теледидар көрумен айналысады. Кейде отбасы болып та жаңалық көреді. Дәл сондай мезетте тыр жалаңаш әйелдер, еркектер, тіпті анайы сценаларға да куәгер боласың. Ата-анаңмен отырсаң, кірерге тесік таппай кететін мезеттер де болады. Басқа арнаға бұрайын десең, жаңалық көріп отырмыз.
Кейде бағдарлама шындықтың астарын ақтарамыз деп жүріп басқа жерлерді ақтарып кеткен сияқты көрінеді. Ең алдымен шоу жасағысы келетін сияқты. Бұрын соңды болмаған кадрларды ашық көрсетіп, көрерменді жинауға талпынады.
Өз басым Ресей арналарын қарамаймын. Бәлкім, ол жақта бұл үрдіс баяғыдан бар шығар. Көбінде осы бағдарламаны орыстардың «Максимум» бағдарламасымен салыстырады. Бірақ сол «Максимум» да түңгі сағат 22.00-23.00 аралығында көрсетіледі емес пе? Ол кезде балалар ұйықтап, мұндай сұмдықты көрмеуге бір жағдайы бар.
Өзімді тегі керемет періштемін демеймін. Бірақ шығарушы адамдар, сценарийстер кішкене ойланса нетті, қай уақытта шығып жатыр, кім көруі мүмкін, қандай тәрбие береді.
Алдында түскі асқа бардым. Ол жақта да теледидар қосулы. Осы бағдарламаның қайталымында 20-ға жуық адамның көзіне тағы сондай «редкий» кадрлар қойылып жатыр. Ешкім-ешкімді танымаса да бастарын шайқап, тәрелкелеріне үңіле қалды…
жалпы бізде менеджмент деген түсінік жоқ ау деймін осы. БАҚ тек үкіметтің ақшасымен ғана отыр, жұрт қызық нәрселер жасап, жарнамадан ақша табады ғой. ал, бізде тек мемлекетті сору.
Республикалық арналарды былай қойғанда, қазір облыстық телеарналар да камералары тұрмақ, к/ң штативін де көрсетпит, ақшаның ұшын көрсетпесең((
Тек қана басшылық баратын жерлер болса ғана, исключение жасауы мүмкін (!)
Мәселен,«Хабарды» шақырам десеңіз 1 млн;
РТРК "Қазақстан" — 800 мың;
«Астана» — 450 мың;
(т.б.деп кете береді) -дарыңызды ырт-ырт түкіріп санап қойыңызар алдымен,
уот!
пЫсЫ: десе де, НТВдағы (Ресей) «Максимум» бағдарламасы Мәскеуліктер үшін Мәскеу уақытымен 19-55те көрсетілетінін жазып өткім келеді. Бұл арада олардың (Ресейліктердің) бізден ақыл ойлары қатты дамып кетпегенін айтқым келеді.
Әзірше барғой, қолөнерінің қыр сырларына, бау-бақшаға, шеберлікке арналған бағдарламаның күніде алыс емес шығар деген Үміт отына ғана жылынамын…
Айналайын АҚИҚАТ сен бұлай бірінші орынға қойған видеоны жасырып, беліне балта шабу емес қып-қызыл пиар болды ғой. Оны көрген қаншама адамдар сол видеоны интернеттен іздеп, немесе видеодисктер сататын орындарға бармауына кім кепіл.
Үйде тамақтанып отырып, жаңалық көріп отқан әпкем, қарындастарымнын алдарында жерге кіріп кете жаздадық. Не керек бүгінгі істері менің көңілімнен шықпады.
рейтинг үшін жасап жатқандары шығар.
Onysymen qoimai, ar jerinen jylt-jylt etkizip korsetip, jurttyn' qyzygushylygyn oyatuga tyrysty. Tutynushyga tauardy otkizu ushin jasalgan marketingtik ailanyn' nagyz ozi.
Өткенде болып жатыр екен, жүргізуші қыз бағдарлама атауын солай айтты.