Махаббат арман (Бақытжан Мұстафаев)
Өзіңменен талай бардым өткелге,
Аппақ гүлдер бүрін жарған көктемде,
Көз алдымнан кетер емес сол бейнең,
Балалық кез бізден ұзап кеткен бе?
Сені іздейді әлі күнге жат жаным,
Сағынышты тек өзіңе сақтадым,
Сол кездері мен өзіңе ғашық боп,
Саған арнап алғаш рет хат жаздым.
Қайырмасы:
Махаббат арман, дүние жалған,
Ойласам өзіңді, сағынам, сағынам…
Бала көңіл алдамшы ғой демегін.
Аз болмады саған жазған өлеңім,
Арамызда өтсе-дағы қанша жыл,
Әлі күнге өзіңді іздеп келемін.
Аппақ гүлдер бүрін жарған көктемде,
Көз алдымнан кетер емес сол бейнең,
Балалық кез бізден ұзап кеткен бе?
Сені іздейді әлі күнге жат жаным,
Сағынышты тек өзіңе сақтадым,
Сол кездері мен өзіңе ғашық боп,
Саған арнап алғаш рет хат жаздым.
Қайырмасы:
Махаббат арман, дүние жалған,
Ойласам өзіңді, сағынам, сағынам…
Бала көңіл алдамшы ғой демегін.
Аз болмады саған жазған өлеңім,
Арамызда өтсе-дағы қанша жыл,
Әлі күнге өзіңді іздеп келемін.
1 пікір