Сүйген адам кешірімді (Бәйтерек)

Сөзі: Қанат Жүнісов
Әні: Қайрат Баекенов


Аңғармадым қалай?
Өтті күндер талай,
Айтшы, алыстады арамыз неге?
Жүрек күйін шертер,
Өзегіңді өртер,
Жылаттық-ау біз бекер…
Бал сезім тәтті,
Қауышқан сәтті,
Қия алмадым, көңілімнен кетер ме?
Біз аңсаған арман,
Бақыт болып алдан,
Жанымызға жетер ме?

Қайырмасы:
Ашып бақыт есігіңді,
Айтар мәңгі есіміңді,
Сүйген адам кешірімді,
Айтшы соңғы шешіміңді.
Оралар ма сонау бір шақ?
Оралар ма ұшырған бақ?
Өкініп қалма бірақ…

Жапырақтай жүрек,
Сарғаяды жүдеп,
Кінәлама тәкаппар жан деп мені.
Махаббат нұр төгер,
Жанға шуақ себер,
Сезіне алсаң егер.
Жаралап жанды,
Алмайық мәңгі,
Жалғыз адам дүниеге сыймайды.
Сені сүйген жүрек,
Асыл арман-тілек,
Махаббатты жырлайды…

Пы сы: қайырмасының 1 жолына күмәнданып отырмын. Дұрысын білсеңдер айтыңдаршы. Ашық дей ме,ғашық дей ме, адам түсінбейді)))
Бөлісу:

9 пікір

sammita
анығын білмедім бірақ мен, "Ғашық бақыт десе кімді" орнына «Ашып бақыт есігіңді» деп ыңылдап жүрмін:))
Сөзі: Қанат Жүнісов
Әні: Қайрат Баекенов
TERISKEI
Саммитанікі дұрыс, "… ашып бақыт есігімді..." дейді. Әйгерім, сосын "… махаббат мұң төгер..." деген жерде мұңның орнына «нұрды» төккізе салшы:)
AKY
Сендерге рахмет, түзеп қойдым.
satibaldi
Жазар алдында басыңды түзетсең нетті.
AKY
Кечі, өздері (Бәйтерек) мыңғырлап анық айтпайды.
satibaldi
Мең-зең болып отырған адамға Бибігүл де анық естілмейд.
AKY
Гыгыгы Тамаша ән ғой, айтшы?
NaylyaTergemes
"қона алар ма ұшырған бақ " қой деймін