16 күн!
Иә, бұдан кем де емес, артық та емес. Тура он алты күн керек бізге Қазақстандағы әр интернет қолданушыға жеке блог бастату үшін. Қалай санадым десеңіз, қарапайым математика арқылы. Қазіргі таңда елімізде үш жүздей блоггер бар. Төрт миллион интернет қолданушы бар. Егер белсеңді блоггерлер санын жүз елу деп алсақ, әрқайсымыз бүгін бір досымызға блог бастауды үйретсек, ертең біздің санымыз 300 болады, арғы күні — 600, одан кейін — 1200. Солай келе-келе 16 күннен кейін Қазақстандағы блоггерлер саны 4915200 болады. (калькулятор алып, тексеріп көріңіз.)
Егер де күніне емес, аптасына бір адамға үйретсек, онда 16 апта керек болар. Бұл 4 ай деген сөз. (Онда келер жылы құрылтай өткізетін жер таба алмаймыз ғой деймін). Әрине, бұл — мәселенің теориялық жағы ғана. Оның сыртында кері әсер ететін факторлар да бар: уақыт жетіспеушілігі, пікірлерімен жұртпен бөліскісі келмейтіндігі), т.с.с.
Блог жүргізудің пайдалары көп. Оны жаза берсем, бітпейді. Мысалға, мұғалімдер үшін: оқушылармен сабақтан тыс байланыс және қашықтықтан қосымша материал беру мүмкіндігі, журналистер үшін: белгілі бір хабарды газет немесе журналдың баспаға шығуын күтпей, дереу оны халыққа жеткізу сияқты және т. б. Сол үшін қолымыздан келгенше білгенімізді басқаларға жеткізейік, достарымызға блог бастатқызайық. Олар өз таныс-достарына үйретсін. Сонда біраз блогшының пайда болуына себепкер боламыз.
Негізі осы айтайын дегенім. Айтпақшы, бүгін, яғни кеше, гимназиямыздың физика мұғалімі, Әлия Жүсіпбекова блог бастады.
Сурет: мына жерден алынған

Біреу бар еді, «екі аптадан кейін Мәскеу біздікі» деп айқайлап жүретін, Сіздің палатада емес пе?
Әрине, Талғат сенің айтып отырғаның өте жақсы мәселе. Әттең, сол бәрінің қолынан келмейтін сияқты.
Сосын, өзің тауешкісісің ғой қателеспесем, сенің блогтарың тартымды емес деп айта алмаспын, қайта керісінше ғой
Men blogosferamen eki ai burin tanistim. Mumkin menin dosimnin dosinin dosi senin dosinnin dosi wigar. :)
Eger bulardin bari tizbekpen bir birine uiretkende men blog jurgizudi erterek bastauwi edim…
Негізінде блог туралы достарыма айтып көрдім, ешкім қолдамады. Сол үшін де ешкімнен сұрамай, ешкімге айтпай, тыныыыш жүргізе бердім ))
Ол — шаян болатын..."
Men juldyz joramal boinwa toqtymyn :))) tak 4to, ewteme wykpaidy, kewiresin, Talgat :)))
Сенің мына тірлігің жақсы идея деп айта алмаймын.
Қазіргі оқырманы көп блогер саналатындардың көбісі блогты біреудің семинарынан үйренбеген.
Барлық адамдарды «писарь» етіп қою меніңше жеміссіз тірлік.
Арзан бұқарашыл-активист пен профессионалдың айырмашылығы, бұқарашыл активист саған не керегін айтып береді. Ал профессионалға барсаң, саған не керек екенін сенен сұрап алады.
Профессионалдан әйтеуір бір түсінікпен, маңызды-маңызсыз жауаппен қайтасың, бұқарашыл-белсендіден "үшінші көзің ашылып, Буддаға жақындап" келесің.
Мен профессионалға жүгінер едім.
Айналысатын жұмысым мұғалім болғаннан кейін, жинап отырған тестілерді, сабаққа байланысты материалдарды оқушылараға қол жетімді болу үшін интернетте жинақтайтын бір қор жасауды жөн көрдім. Он бірлердің сынып оқушыларының әсіресе соған мұқтаж екендігін байқадым. Мен үшін блог-тартымды жазбаларға толтыратын орта емес, оқыту құралы болып отыр. Оқырмандарым көп болсын деп жүрген жоқпын. Оқырмандарымнның аудиториясы да шектеулі: мұғалімдер мен оқушылар. Мен блогты қызықты жазбалармен емес, ұбт-ға дайындалуға көмектесетін бейнероликтермен толтырып жүрмін. сол…
ал деген есептеулерімді жай, қызық болсын деп жарияладым))
мен де утопист емес, релистпін.
Инетті ақтарып отырып, дәл осындай жоспар тауып алдым, жама'ат:
1939 — 1941 — Укрепление войск Великого Рейха в районах Зауралья;
1941 — 1943 — Переброска моторизованных войск на Персидский залив и укрепление позиций до Японского Моря.