Қонаққа барғанда кием бе?

Ермек ағай басында ұстазым, кейіннен әріптесім болды. Сол Ерекеңе жеңгеміз бір күні жаңа іш киім сатып әпереді. Моншаға жиналған Ерекең затын түгендесе, әйелі сумкаға ескілеуін салып жіберіпті. “Жака, менің су жаңа іш киімім бар еді ғой, соны неге салмадың”,-деп кейиді Ерекең. Ештеңе жоқ, киесің ғой әлі деп жұбатқан болады жеңгеміз. “Не сонда жаңасын қонаққа барғанда кием бе?”,-деп ашуланған екен Ермек.
Әрі қарай

Дарвин ілімі бойынша эволюциялық даму

Құрметті детилер!

Меня атым Серджан! Әнипа апайларың болеть етіп қалды. Сондықтан бугын мен вам биология пәнінен учить етемін. Бугінгі тема… жазып етіңдер… Эволюциялық даму.
Бабамыз Дарвиннің өмір-боянын мына жерден учить етіп аларсыңдар. Мы оның наука туралы жазғандарын читать етеміз сегодня. Тыща сегіз пять тоғыз жылы ол «видтердің шығу тегі» деген книга жазған. Ол книга бойынша біз Abzal-дан жаралғанбыз. Қанеки этот плакатты видеть етелік:


Сонымен детилер! Урок түсінікті болса домдарыңа қайқайыңдар!
Әрі қарай

Креатив жазудағы айла-амал, фишкалармен бөліссек

Блог - Gastarbaiter: Креатив жазудағы айла-амал, фишкалармен бөліссек

Тағы бір байқап көріңіз! Мүмкін келесіде ұтатын шығарсыз! © Казино дилері.

Очм, креатившілер, әңгімешілер, әзілқойлар т.б. жалпы блог жазудан қанағат алам деушілер.
Мен бұл жазбаны өзімнің түйгеніммен бөліссем, сіздер өз байқауларыңызбен бөлсеңдер, және соның қаншалықты рас-өтірігін, кәдімгі заңдылық па, әлде тек маған солай көрінгендігін айтсаңыздар.

Төмендегіні тәбәрік қылдым, қалғанын өздерің толықтырарсыңдар:
Әрі қарай

Біздің қаззақтар

Қоянннн келіп тұр қонаққа

Тек қаззақтар ғана жер сілкінгенде далаға шықпай, «бісімілла» деп жата береді…
Қаззақтың екі-ақ ауруы бар: суық тию мен көз тию.
Біз ғана "Үйде кім бар?" десе, «ешкім жоқ, өзіміз» дейміз.
Әке-шешеміздің идеалы «Жұрттың балдары».
Тек қаззақтың жігіті ғана қызға жол беріп тұрып: «Сызылмай болсайШ, тез» дейді.
Біздер ғана қонақ кеткесін «енді өзіміз нармальна отырып шәй ішейікші» дейміз
Әрі қарай

Менің есімде қалған нәрселер әлі де көп. БІРАҚ.....

Бір кішкентай кезімде немесе осы 5-6-7 сынып оқып жүрген кездерімде менің ойымнан кетпейтін бір ғана нәрсе бар. Сол мені күлкіге айналдырады. Ол әзілдесіп жарысу. Мысалы мен бір балаға: Пеш деш деп айтамын. Ал ол пеш дейді. Сосын мен оған жауап ретінде Даңбалынды шеш деймін . Міне осындай. Әлі талай нәрсе білемін. Трактор деш деп айтсан ол Трактор дейді. Сосын мен Екі адам бұлаптыр деп айтатынмын. Дәл қазір есіме тура осылар түсіп тұр. Кезінде маған біреу: ӘУ деш деген. Ал мен ойланбастан ӘУ деп айтқанда ол бала маған жауап ретінде: Көтін дәу дейтін. Осы сөзге жыным ұстап ойланып тұрдым. Мен оған әлі ойланып тұрмын есіме түспей тұр. Түсіре алар емеспін. Түсіре алсам жазармын.

*********************************************************************************************
Бір кездері менен бір баллар сенде қанша Пигони бар деп сүраған. Мен түсінбей 2-еу дегенмін. Ал олар қарқылдап күліп жатыр. Мен не болды десем ештене. Үйінде қанша колбаса бар дегенде өтіріктен 3-еу дегенмін. Ал олар тағы әбден күліп алып болған соң. Ей не боп кетті дегенде олар маған бәрін түсіндірді. Содан кейін өзім де қатты күлдім. Түсінген шығарсыздар.

Тағы да бір қызықтарды есіме түсіріп жатсам жазармын. Анау ұятсыз нәрсе үшін бәрінен кешірім сұраймын.
Әрі қарай

Жәкемнің дамбалы екен ғой

Ауылда Несіпбала деген жеңгеміз болды. Қыршаңқылығымен елді қыран-топан қылып жүретін. Ағамыз жуас, жеңгеміздің еті-тірі. Кеңес Одағы күшіне мініп тұрған заман. Алыс қыстақта қой бағады, бала-шаға жас, шаруа бастан асады. Ағамыздың рабочком құрдасы келген-кеткен сайын сынап-мінеп, жеңгемізге салақсың, үйің лас деп кетеді екен. Бір күні рабочком ауданнан өкіл ертіп келеді. Осыны пайдаланып жеңгеміз өкіл үйге ене бергенде бір шелек суды еденге төгіп жіберіпті. Су арса-арса еденнің тақтайларына сіңіп жоғалыпты. Шиеттей балаларымен тозығы жеткен үйде тірлік кешіп жақтанын көрген өкіл сол жолы рабачкомды сөгіп кетіпті дейді.
Қой төлдетіп, адам қолы жетіспей шабылып жатқан шақта ағамыздың үйіне сау етіп бір топ кісі келеді. Әдеттегідей ет асып, бас салынған табақты ортаға тартса, қойдың тісі қағылмай қалыпты. “Укробымен, укробымен астым” дейді екен жеңгеміз, тістің арасындағы шөптерді көріп.
Тағы бірде шаруа жайымен келген рабочком құрдас шайды енді ала беріп, “мына шәйің суып қалыпты ғой”,-деп мысқылдайды. Несіпбала жеңгеміз күс-күс саусақтарын шәйнекке малып жіберіп, ”кәне, ып-ыстық қой”,-деп еш саспастан шәй құюын жалғастыра беріпті.
Жаз келіп, елдің қол-аяғы кеңіп, мамыражай болған шақта жеңгеміз рабочком бастаған біраз құрдасты қонаққа шақырады. Үй мұнтаздай таза, дастархан жайнап тұр, қып-қызыл бауырсақты төгіп тастаған. Дәмі тіл үйіретін қуырдақты асап, бал қаймақпен шәй ішіп, келген қонақтар арқа-жарқа боп қалады. Жеңгемізде үн жоқ, сызылып, бір шүберекпен кеселерді қайта-қайта ысқылап сүртіп шәй құяды. Құйған сайын кесені жуып жіберіп, қайта сүртеді. Ел шәйға әбден қанды-ау деген заматта жеңгеміз жылан шағып алғандай орнынан атып тұрыпты. “Ойбуу, мынаны шүберек па десем, Жәкемнің дамбалы екен ғой”,- деп қолындағы ыдыс сүрткішті рабочком құрдасқа қарай лақтырып жіберіпті дейді.
Балаларымды жеткізсем деп, өзгеге есесін жібермей, бейнеттен көз ашпаған ағам мен жеңгем бүгінде бақилық болған. Артында езу тартқызар әдемі естеліктер қалды. Ал ұл-қызы ержетіп, бір-бір шаңырақтың егесі болып отыр. Адамға басқа не керек бұл өмірде.
Әрі қарай

КВН

Бүгін емес, кеше және оның алдыңғы күні (14, 15 наурыз) Қазақстанның КВН-нан ашық біріншілігінің ашылу фестиваліне бардым. Қысқа ғана айтсам: Жаман емес!

Жаңа командалар пайда болыпты. Бұрын Алматыдағы универлердің өзара сайысымен шектелетін елдің ашық біріншілігі. Қазір оқу орындарының ғана емес, мекемелердің (мысалы, Алматытелеком), өңірлердің (Ақтау, Өскемен, Қостанай, т.б.) құрама командалары да көбейе бастапты. Ойындар да телеэфирге лайықталып көрсетіледі, яғни сапаға көңіл бөле бастапты.
Әрі қарай

Кішкентай елдің "ҮЛКЕН АДАМДАРЫ"

Ютюбті ақтарып жүріп, КВН-нің Премьер-лигасында ойнаған ҚБТУ командасының құрамында Бішкектің КВН-шілері де ойнағанын біліп едім. Опшым, ҚБТУ командасының жартысы өз елдерінде «Большие люди» деген әзіл-қалжың бағдарламасын ашып алыпты. Солардың ютюбке шығарылған әзілдерін көріп, риза болып, соны Интернетке салған Шиваалтықолыменарқасынамассажжасапбергірлерге респект айтып отыратыным бар :)

Әрі қарай

Оралманның ойы

Келіншек алар тойымда менің…

(Наурызға налу)
Жат мінезділікті қойыңдар елім.
Наурыз келді тойыңдар елім.
Қателек болса ойымда менің,
Мойындар едім, бойымда менің.

Тойлаңдар елім, ойнаңдар елім.
Айтайын деген ойды аңғар елім.
Қазақылықпен қарсы алайықшы
Қазақылықты жоймаңдар елім.

Қасірет барма бойымда менің?
Қайғысыз суға тойнған да едім.
Қазақылықты көрсетер едім,
Келіншек алар тойымда менің…
Әрі қарай