Креатив жазудағы айла-амал, фишкалармен бөліссек
Тағы бір байқап көріңіз! Мүмкін келесіде ұтатын шығарсыз! © Казино дилері.
Очм, креатившілер, әңгімешілер, әзілқойлар т.б. жалпы блог жазудан қанағат алам деушілер.
Мен бұл жазбаны өзімнің түйгеніммен бөліссем, сіздер өз байқауларыңызбен бөлсеңдер, және соның қаншалықты рас-өтірігін, кәдімгі заңдылық па, әлде тек маған солай көрінгендігін айтсаңыздар.
Төмендегіні тәбәрік қылдым, қалғанын өздерің толықтырарсыңдар:
1) Қол жүрмесе, өзіңді қинап пост жазбаған дұрыс деген нәрсе көп айтылады. Өзіңді қинап жаз деген дұрыс емес дейді, бірақ кейде іштегі тәбетті ашу үшін, үстел басына отырып, дәмін көру керек сияқты. Басқада қалай екенін қайдам, мен мысалы, талай рет, өзімді қинап құсық бірдеңе жазып отырып, ойыма жақсы жаңа тақырыптар келген кездер болды. Нәтижесінде, бастапқы жазбаға қызуғылышығым таусылады да, әлгі жаңа идеяның жетегінде, өзімнің көңілімнен шығатын дүниелер жазып жатамын.
2) Жазып отырған тақырыбың өзіңді қатты қызықтырса, көбірек ізденіп жазсаң, қызық болатын сияқты.
3) Тақырып бар, ал контенті жүрмей жатса, аудармадан бастаймын, бірнеше ресурстың сол тақырыптағы мақалаларын оқып, ішіндегі өзіңе ұнағанын теріп аудара бастасаң, ол тақырыпқа өзіңнің қосарларың табылып қалады. "қой мына жерінде автор қыртыпты" деген жерін ойланбастан сылып тастап, орнына өз ақпаратымды тартынбай қоса берем.
4) Екі сөзбен бере алатын ойымды үш сөзбен бермеуге тырысып жүрмін. Кейде жазбаға еш құндылық қоспайтын (я әзілі жоқ, ә ақпараты жоқ, я психологиялық айласы жоқ) абзацтарды
жазып болған соң, сөзді көбейтіп тұр деп қырқып тастайтыным бар.
5) Менталитетке жаттау шығар деген ақпаратты өз ортамызға лайықтап, тіршілік қосуға тырысамын. Өз арамыздан мысалдар қосып, өзімізге жақын теңеулерді қолдануға тырысамын.
Әдемі болса да, өлі, оқырманмен қарым-қатынасы жоқ, көрмеде қырық қабат әйнектің артында жарқырап тұрғандай жазбаларға «оқылады, айтылады, есептеледі» дегендерді «пәленше оқиды, түгенше айтады, мырқымбай солай есептейді -деп ырықсыз етісті азайту арқылы дем беруге болады.
6) «Егер қырғын юморист, пародист, комик болмасам, онда мүлде креатив жазып әуре болудың қажет жоқ» деген жаңсақ ойдан аулақ болған дұрыс шығар. Эмоцияның басқа түрлеріне де аудиторияны қарқ қылуға болады. Сыннан қорықпа, әзілдерің өтпесе, іштей салмақты жазуларды жақсы жазатыныңды білсең, солай жасаған жақсы. Әр тауардың өз тұтынушысы бар дегендей
Бірақ бұл да қатып қалған заң емес.Кейде елді таңдандырып, саған тән емес жазбалармен эксперимент жасауға болады. Байқасаң, жасырын қабілеттерің оянып қала ма…
ЕЛдің бәрі сені трагик ретінде көріп, еті үйреніп кетсе, комик образында жазып таңқалдыруға қорықпа. Көп болса, «прозаңа қайта қойшы» дегенді естисің.
7) Психологиялық-мотивациялық жазбаларды жақсы көретін, жеке бас дамытуға қатысты мақалаларды сүйетіндер де бар. Мысалы, адамның әлденеге ынтасын оятуда «сөзбен көттен теуіп, ояту» әдісін ұнатамын. Өкінішке орай, маған ешкім бұл әдісті қолданбайды. Сондықтан, оқырмандардың «артынан теуіп» отырып, «оқырман саған айтам, Гаста сен тыңда» деп өзімді қайраудан басқа амалым жоқ.
Егер мотивациялық жазбалар жазу көңіліңнен шықса, қазақ тілінде әлі онша ашылмаған ұлан ғайыр қызықты тақырыптар бар.Мәселен, »Сенімділік пе, өзімшілдік пе?» «Адамдардың ишараттарының түсіндірмесі», «Ұялшақтық пен ұяттылық», «Зиянды үрейлер»… т.б, «Шығыстың этикет нормалары», «Батыстың этикет нормалары» т.б
Материал көп, бір кешіңді тапқан таянғанды оқып шығуға, екінші кешіңді соның бәрін ықшамдап жүйеге келтіріп (немесе сериал) етіп жазуға болады. Тіпті сондай сериалдық әдіспен, өзіңе ұнаған кітаптары аударып тастауға болады.
8) Өлең шығару, проза жазу. Қарапайым блогшыға, жоғары әдеби талаптар қойыла бермейді. Жақында болған дүниелерді әсерден айырылмай тұрып жазсаң, көбіне тәуір бірдеңе шығады. Өйткені әрбір әсер әлі сол күйі басыңда. Кез келген проза құр қиялдан шықпайды, бірдеңеге сүйенеді.
Әңгімеңнің сүйеуін тауып ал, басты айтары не? Соны жазып ал, сосын сол басты түйінге кіріспесін жазасың.
Сөзбен суреттеуді, жалпы өлеңді суретшілер сияқты суретке қарап отырып жазған жақсы екенін кездейсоқ, осы керекинофо сайтында байқадым. Көзіңді жұмып сурет елестете алмасаң, суретті сал параққа, немесе ғаламтордан жазғың келген тақырыпқа байланысты суретті тауып ал да, соған қарап отырып жаз. Оңай жүреді. Ілік те көбірек. Тың ассоциациялар оянуы мүмкін.
8) Жалпы қиялдай бер. Табан астынан тіл біткен монитор болып кеткеніңді елестетіп, адамға монолог жазуға болады. Міндетті түрде махаббат емес, далағамусор төгуге шыққанда, бомждарға назар аудар, бір екі философиялық сұрақ қой да, оның жауабын өлеңге қос, біреуге арнап емес, қиялыңдағы біреудің атынан өзіңе арнап жазсаң болады. Ондайды әлі ешкім жасап көрмесе керек.
«Пәленше бүйтсе не болар еді?» -деген сұраққа жауап жазсаң да қиялың дамиды. «Иса Мәсіх 20 ғасырда туып, қазақ болса не айтар еді», «Сериалдар болмаса не болар еді». Болмашы нәрседен шабыт алған ақындарды қара, құмырсқаға қарап отырып, оның еңбегіне өлең жазжіверед.
9) Айтарыңа қатысты, біреудің кішігірім үзіндісімен, мақалмен бастау жақсы амал екеніне көзім жетіп жүр.
10) Мынадай да бір тәсіл бар, әңгімені көтінен бастау. Сосын, сондай оқиғаның алғышарты не болғанын оқуға қызығып кеткен соң, неден басталғанын жазасың.
11) Асыра қиялдау мен елден еректік фанаттары
Қиялдаудың шегі жоқ, бірақ оның азғындалған түрлерінен өзімізді шектеудің сөлекеті болмаған. Елден еректікті қуалап, небір үрейлі, адам психикасына зиянды дүниелерді тудырған рухани мүгедектер бар.
Бір кісінің дәстүрлі сурет өнерінен түңілгені соншалық дәретхананың қабырғасына өз тезегімен «шедевр» салыпты. Құдай сақтасын, қандай болса да, тап осындай боқжағыстың адепті болудың қажеті жоқ шығар деп түйдім.
«Жатырмын барғым келмей жұмысқа да.
… Біздерге жету қайда, беу, дүние-ай,
Аяқтың астындағы құмырсқаға?!
… Дұрыс па, аға?!»
қылтима деген не?
Ол жақтың 80 пайызы Кеңестік рухпен жазылса да, бүгінге дейін көйкестілігін жоғалтпаған жазбалар табатыныңызға сенімдімін, тек «жазба кітапханадан алынды» демей, Авторы мен туынды атын жазып қойыңдар.
Үлкен және жан жақты өмір тәжірибесі + оқырмания кітапқұмарлық + жазармания (түн болсын, күн болсын ойыңдағыны ерінбей жазуға, оны шыңдауға деген қышыма құлшыныс) болды. Құлшыныс бар жерде, қалған майда-шүйдәларын үйреніп алу ең оңайы.
Негізі блог жазуда журналистердің көбісі әлі де болсын мақаланың стилімен ұрып жібереді. Сосын админ ағайдың да вкусы жоғары. Онша-мұншаны ұната бермейді. Баста осы «Керекке» келгенде сен, Сатыбалды, Аршат үшеуіңнен қатты қорқатынмын.
П.С. Бұл менің алғашқы тәй-тәйімнің ең оңай, қарапайым тәсілі. Негізінде өзің қатты қызығатын, түсінгің келетін тақырыптарда жан-жақты ізденіп жазғанға не жетсін.