Кішкентай елдің "ҮЛКЕН АДАМДАРЫ"
Ютюбті ақтарып жүріп, КВН-нің Премьер-лигасында ойнаған ҚБТУ командасының құрамында Бішкектің КВН-шілері де ойнағанын біліп едім. Опшым, ҚБТУ командасының жартысы өз елдерінде «Большие люди» деген әзіл-қалжың бағдарламасын ашып алыпты. Солардың ютюбке шығарылған әзілдерін көріп, риза болып, соны Интернетке салған Шиваалтықолыменарқасынамассажжасапбергірлерге респект айтып отыратыным бар :)
аааа, сосын өткенде қырғызбазарда жүріп бір қырғыздардан әңгіме естіп қалдым, базардағы саудагер қырғыз ағайлар (3 ағай) бір біріне әңгімесін айтып тұр. қысқасы былай
«кеше қасыма кішкентай бала келіп:
— интернетке 10 сом берщь байеке, деді
-кет-ей, сабақ оқымайсың ба?!
бұрындары ақшаны нанға сұраушы еді, қазіргі қайыршыларға қайранмын» дит :)