Плагиатшыларды жазалап жатыр аямай...

  • КВН
КВН: Плагиатшыларды жазалап жатыр аямай...

Жайдарманның айналасында жүргендер соңғы кезде Вконтакте әлеуметтік желісінде плагиатшыларды жазалаушы біреудің пайда болғанын айтып жүр. Бүгін кіріп көрдім. Ешқандай аяушылықсыз жазалап жатыр екен.

Плагиатты анықтап, оның түп төркінін анықтау да еңбек. Өз басым мұны қазақша КВН — Жайдарман үшін пайдалы болады деп ойлаймын.

Плагиаттарды қараймын десеңіз мінеки — vk.com/plagiatj
Әрі қарай

Қайтсек «жұлдыз» боламыз немесе кемшіліктерімізді білеміз бе?

  • КВН
Қазақша КВН жастар сүйіп ойнайтын ойын. Бұл ресми сөз. Бірақ қандай жастар ойнайды? Көрермені кім? Осы сұрақтарды көптеген командалар көп жағдайларда айналып өтетін сияқты. Ия, ия, білемін, қазір «Олай емес братан!», «Біз ойланамыз!», «Не істесек те барлығы көрермен үшін» дейтіндер табылады. Бірақ өкінішке (мүмкін бақытыма) орай мен КВНды көрермен ретінде қарай алмаймын. Сондықтан редактор көзқарасымен бізге не кедергі жасайды, қандай кемшіліктеріміз бар, санап өтейін. Бірден ескертейін, бұл жерден алып, жерге салып жамандау емес. Бір қорытынды шығарып, ары қарай сүйікті ойынымыздың дамуына себеп болса деген ой. Адекватты пікірлер болса тыңдауға дайынмын. Сонымен:

Бірінші кемшілік: Және де ең үлкен кемшілік сауаттың аздығы. Бұл жекелеген емес, жаппай құбылыс. Ешкім жаңалықтар қарамайды, оқымайды. Тіпті кейбір командалар ОБСЕны дұрыс айта алмай, қарапайым сөздерден сүрініп жатқанына қарның ашады;
Әрі қарай

Бейнебояннн: Қайырымды мәмбет

Осы видеоны түсіргендерге бір риза болам да. Жай камерамен спецэффект жасағаны жынды шыққан :))


ЕСКЕРТУ: Бұл видеоны YouTube-ке мен салған жоқпын. Демек, роликтің атын қойған да мен емес. Сол себепті, роликтің атауына қатысты арыз-шағымдарыңызды
Әрі қарай

Кішкентай елдің "ҮЛКЕН АДАМДАРЫ"

Ютюбті ақтарып жүріп, КВН-нің Премьер-лигасында ойнаған ҚБТУ командасының құрамында Бішкектің КВН-шілері де ойнағанын біліп едім. Опшым, ҚБТУ командасының жартысы өз елдерінде «Большие люди» деген әзіл-қалжың бағдарламасын ашып алыпты. Солардың ютюбке шығарылған әзілдерін көріп, риза болып, соны Интернетке салған Шиваалтықолыменарқасынамассажжасапбергірлерге респект айтып отыратыным бар :)

Әрі қарай