Плагиатшыларды жазалап жатыр аямай...

  • КВН
КВН: Плагиатшыларды жазалап жатыр аямай...

Жайдарманның айналасында жүргендер соңғы кезде Вконтакте әлеуметтік желісінде плагиатшыларды жазалаушы біреудің пайда болғанын айтып жүр. Бүгін кіріп көрдім. Ешқандай аяушылықсыз жазалап жатыр екен.

Плагиатты анықтап, оның түп төркінін анықтау да еңбек. Өз басым мұны қазақша КВН — Жайдарман үшін пайдалы болады деп ойлаймын.

Плагиаттарды қараймын десеңіз мінеки — vk.com/plagiatj
Youtube-тағы каналы: youtube.com/user/7132kz/videos
Қалай ойлайсыз, мұндай көт ашулар керек пе әлде үндемегені дұрыс па еді?





































Бөлісу:

30 пікір

asaubota
қадағалау да қиын ғой, редакторлар бәрін қарап отыруы мүмкін емес. бірақ мұндайдан кейін командалар қорқады деп ойлаймын.
Aikona
маған салса керек деп ойлаймын!
asaubota
видеолар қостым постқа
aza
Ұят екен… Әркімнің өзінің мәдениеті қалыптаспаса қиын ғой. Жайдарманның редакторлары да орысшаны қарап отыру керек қо…
alashaman
Керек! Мыналары тіпті ұят екен
nurbolkhan_
Уффф, біздің бидолар жоқ екен
MickThatsMyNick
«Атам қазақ айтады..» деген Тамаша театрындағы Асылбектен қалған ғо.)))
satibaldi
Бұл дым да емес нақ. Ұят деп әні — мынаны айт
Соңғы түзету:
SaryQazaQ
Бұл дүниеде артыңның ашылғанынан жаман зат жоқ шығар. Ұят екен.
SaryQazaQ
«Эхх-ейй деп қояд дид» плагиат емес қой. Пародияға келіңкірейтін сияқты…
torgai
Арттарын ашу керек. Көз бояу ғой. Көрерменді алдау.
BTuremuratova
Пирамида КВН командасынан ұрланған әзілдер )))
Emilia
Көрерменді күлдірсе болды емес пе?
nurbolkhan_
Плагиат көрсең көзін аш,-деген бар!
omarbirat
Бір әріптен қателестің
Aldeken
Құрдас, әңгіме жоқ, өртедің на...
asaubota
жігіттер цитатаға алыпты: vk.com/wall215538866_388
MadinaTomash
Ұят. Көрсін де өздері ұялсын. «Ел аузында» сияқтылар осыны неге тақырып етіп алмайды екен?..
Aldeken
Отандық телевидениеде кез-келген бағдарлама плагиат туралы тақырыпты көтеруге духы жетпейтін болуы керек, меніңше. Өйткені, өздері сонымен күн көріп отыр, авторлықбағдарламаларынссс… ИМХО.
Abilakim
Көріп, ұялатындарына сенімді емеспін
Aldeken
Мәселеге жан-жақты қарауға болады.
1. Плагиатқа жол берді деген команданың өзі плагиат ойнап тұрғанын білмеуі де мүмкін.
2. Немесе екі команда өзара келісіп, әзілдерімен алмасуы мүмкін. мысалы, бір команданың аймақтық деңгейде ойналған әзілін келесі команда олардың келісімімен жоғарғы лигада ойнауы мүмкін.
3. КВН-шілердің арасында "Әлемде шамамен 700-800 әзіл бар, қалғаны солардың вариациялары" деген сөз бар. бұны да ескеру керек.
4. басқа да себептер…
Бірақ, басқа команданың еңбектеніп дайындаған әзілін тігіп кетіп, өздерінің атынан шығару, сөзсіз, жазаның ең анайы да, сұрықсыз түрімен жазалауға лайықты!
nurbolkhan_
Алдеке шағып айттыңыз!
Ildar
Круто сказано!
BakitjanOmarkul
ВКда «Плагиат Плагиат»деген адам бар екен, менін ойымша ондай адам жок. Бәрін ұйымдастырып отырған, жайдарман ойыншысы деп ойлаймын.