Ұлттың арнасы

Бүгін...: Ұлттың арнасы
Жалпы телевидениенің "ішкі өмірін" бір көрсем деп жүргенмін. Күнделікті көретін жаңалықтар, түрлі бағдарламалар қалай дайындалатыны қызықтыратын. Ол тілегім қабыл болып, кеше Ұлттық арнаға блогтур жасап қайттық ;)
Алдымен арнаның өзінен бастасақ ;)
Әрі қарай

Менің Қазақстаным!

Қазақстан телеарнасына жұмысқа орналасқаныма көп болмаса да, арна туралы біршама нәрсе білемін ғой деуші ем. Қателесіппін.
Оны бүгінгі Қазақстан телерадио корпорациясына жасаған блог-турымызда байқадым.

Блог - aikarakoz: Менің Қазақстаным!

Корпорация басшысы — Нұржан Жалауқызы медианарықта көшбасшы бол үшін аянбай тер төгу керегін, еңбек етіп қана қоймай, тың идеялар, креативті ойлар керегін атап өтті.
Әрі қарай

Ұлт рупоры жайлы ұзақ фоторепортаж

Әгәрәки, реті келсе, мәтіні қалың пост түрінде жазамын деп ойлағанмын бұл тур жайлы. Көп әріпті, мол деректі. Бірақ Азамат Т. есімді беймәлім біреудің осы сайттағы жазбасы, әлеуметтік желілердегі біршама публикация ол ойымды толық қамти алып
Әрі қарай

ALESSIA MEMMOLA: «АСТАНАНЫҢ КЕЛБЕТІ МЕН ОЙЛАҒАННАН ДА ӘДЕМІ ЕКЕН»

Қазақстанда туристерді қызықтыра алатын орындар жетіп артылады. Тамаша табиғаттан бөлек қала өміріне қызығатындарды Астана мен мәдениет орталығы Алматы да талай қызыққа кенелте алады. Қазақстан елдегі туризм саласын дамыту мақсатында миллиардтаған доллар ақша құйып жатыр. Бірақ жұрт жаппай Қазақстанға ағылу үшін ақшадан басқа да көптеген дүниелер қажет. Қош. Өткен аптада Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасының кіре берісінде жөн сұрап жүрген итальян қызымен танысып қалдым. Есімі Алеся екен, түйдей құрдас болып шықтық. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген. Елімізге қыдырып келген қонақпен тіл қатысып, хал сұрастық.
Блог - Aya: ALESSIA MEMMOLA: «АСТАНАНЫҢ КЕЛБЕТІ МЕН ОЙЛАҒАННАН ДА ӘДЕМІ ЕКЕН»
Әрі қарай

Қазақстандағы үздік әлеуметтік желілер. Топ 5

Блог - ademi_alem: Қазақстандағы үздік әлеуметтік желілер. Топ 5
Cоңғы уақытта біздер жиі қолданатын сөздердің бірі – әлеуметтік медиа. Жиі қолданғанмен, бұл сөздің қандай мәнге ие екендігін терең түсіне бермейміз. Қарапайым тілмен «Әлеуметтік медиа – адамдарды бір-бірімен сөйлестіретін online технологиялар жиынтығы» деп айтсақ болады. Бұл жазбада Қазақстан бойынша жиі қолданылатын әлеуметтік желілердің үздік бесеуін анықтайтын боламыз.
Әрі қарай

Осы қазақ қашан оянады?

Автор: Серік Мақұлбекұлы

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ. Алашағың аз ба мына дүниеден, Болашағың емес пе еді зор, ғажап?! Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап! Ауырыңды арқала да, алға бас, Бауырыңмен не көрінді жорғалап?! Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ, Ер мінезбен өр рухқа болма жат. Ортасына жалғыз орыс кіргенде, Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ. Аталардан қалған асыл мұрамыз – Туған жердің қақ төрінде тұрамыз. Азаттығы ұмытылған ұлт болып, «Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз. Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз, Сұмдық сіңген сүйекке де – Қараңыз! Тойланады мерекеміз жат жұртша, Ойланады өзге тілде баламыз. Құранды да, Құдайды да сүймейміз. Сұлу көрсек, оңашаға сүйрейміз. Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз, Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз. Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз, Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз. «Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз, Бірақ оның не екенін білмейміз. Дүниенің пайдасына пысықпыз. Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз. Бауырларға арыстанбыз, барыспыз, Басқаларға бас игенде – мысықпыз. Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз, Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз. «Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп, Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз. Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып, Селтеңдейміз әуейі боп ән салып. Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде, Өлгендерге әуреміз там салып. «Қаным таза, жаным таза» дегенмен, Көш соңында қалып қойдық неге елден? Мойындаған күллі адамзат неміз бар? Не шығардық ел ынтыққан, еленген? Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп, Ғарышты да игеруде бұрын кеп. Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде Белесебет жасай алар білім жоқ. Шіренгенде үзеңгіні үземіз. Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз. Оралманға одырая қараймыз, Келімсектен дірілдейді тіземіз. Ертегіге есігін кең ашқаның, Ертеңіне қатырмайды бастарын. Қонағы би жаман үйдің тұрғыны, Шеттерінен шел басқан көз, месқарын. Құдай берген мұнай, көмір, мысың да, Біздікі емес, билігінде басқаның. Сырт көзге сыр бермегенмен тайраңдап, Ақылымыз ашып бітті айран боп. Қамқор Алла сақтамаса біздерді, Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ. Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!…
Әрі қарай

С.Камиев: Мені Нәзидің тағдыры қызықтырды

Блог - rakisheva: С.Камиев: Мені Нәзидің тағдыры қызықтырды
Сәуір айының 16 мен 17-ші жұлдыздары Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында режиссер Сайлау Камиевтің «Жекпе-жек» мелодрамасының премьерасы өтуде.
Блог - rakisheva: С.Камиев: Мені Нәзидің тағдыры қызықтырды
Аталмыш туынды қырғыз драматургы Мар Байжиевтің «Дуэль» шығармасының желісі бойынша сахналануда. Оны қазақ тіліне аударған қойлым режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Сайлау Камиев.
Блог - rakisheva: С.Камиев: Мені Нәзидің тағдыры қызықтырды
Жалпы бұл драматургияның қазақ тілінде аудармасы бар. Мен оның 1-2 нұсқасын оқып көрдімдағы, сахналайтын болғандықтан өзімнің аударғаным дұрыс болатын шығар деп ойладым. Мар Байжиевтің өзінің тұпнұсқа тілі орысша екен. Содан мен түпнұсқаға жақын, автордың өзінің стилін, драматургияның өзінің жазылу тілін сақтай отырып аударайыншы деген ой болды. Аудармамды жасап көргеннен соң біраз адамдарға оқытып көрсем жаман емес деген пікірлер алдым. Содан өзімнің аудармамды қоямын деп шештім. Бұл материал біздің Қазақстанның сахналарында жүріп жатыр, бұрын да қойылған, алдағы уақытта да қойлатын шығар, — деді С.Камиев.

««Жекпе-жек» деп автор қандай жекпе-жекті суреттеп отыр?», «Пьесаның атауын неге «Жекпе-жек» деп қойды?» деген сұрақтарға шығарма желісінен қысқаша мәлімет берер болсақ…
Блог - rakisheva: С.Камиев: Мені Нәзидің тағдыры қызықтырды
«Жекпе-жек» мелодрамасы екі адамның махаббат жолындағы қақтығысын суреттейді. Бас кейіпкер Нәзи көңілдесі Ескендірмен теңіз жағасына демалысқа барғанында өмірінің күрт өзгеріске ұшырайтынын үш ұйқтаса да түсіне де кірмейді. Ескендір-Нәзи-Әзиз арасындағы орын алған махаббат хикаясы спектакльдің басты оқиға желісі болып табылады.

Бұл пьесадан басты кейіпкер Нәзи деген қыздың тағдыры мені қатты қызықтырды. Сол бойжеткеннің тағдырына азамат ретінде, ер адам ретінде қарадым, көрдім және дәл сол тағдырды мен сахнаға алып шыққым келді. Қазір ол өзекті тақырып. Себебі қазіргі уақытта өзіне «дос», «демеуші» тапқысы келіп сондай өмірді аңсап жүрген қыздар да баршылық. Кейбіреулер «дос», «демеуші» тауып алғаннан кейін басқа тығырыққа тығылғанда неге ғана осылай істедім екен деп өкініп жүргендері де бар. Былай қарасаң бұл қазіргі жан-жағымызда болып жатқан дүниелер ғой. Азамат ретінде өзімнің көзқарасымды білдіргім келді. Және де ешуақытта өмірді қайта бастау, өмірде қателескен кезде, адасқан кезде психологиялық дағдарыстардан шығу, шыға білу, жеңе білу және сол көп жеңілістің артында үлкен бір жеңістің шығатынын, көкжиектің артында да көкжиек бар екенін халыққа көрсеткім келді. Бұл жерде Нәзи деген қыздың тағдыры баяндалады. Ол қыздың ұлты жоқ. Ол тек қыз бала. Ал қыз баланың тағдыры ұлтқа, ұлысқа қарамай ұқсас болып келеді, — деді режиссер.
Блог - rakisheva: С.Камиев: Мені Нәзидің тағдыры қызықтырды

«Жекпе-жек» қойылымының 16 сәуірде болған премьерасында бас кейіпкерлерді Нартай Сауданбекұлы, Алтынгүл Серкебаева, Олжас Жақыпбек ойнады.

Нәзиді сомдаған Алтынгүл Серкебаева өте жас актриса, әрі осыған дейін үлкен рөлдерде ойнамағандығын айтқан Сайлау Камиев:
Алтынгүл театрға өткен жылы ғана келген. Онымен осы қойылым барысында көп сөйлестік, көп пікірлестік. Барымша сол қыздың пікірін тыңдап, табиғатынан шығуға тырыстым. Көбінесе оның бойындағы бар адами қасиетін, актерлік патенциалына көбірек қарадым. Бұл жерде режиссер екенмін деп диктатор болмауға тырыстым. Өйткені мен режиссер ретінде өзімнің мақсатымды білдім. Музыканың өзін таңдаған кезде Алтынгүлдің талғамымен ақылдаса отырып, арасындағы драматургиядан бөлек детальдарды сахналамас бұрын әңгімелесіп көріп шығарып жаттық. Ол қыздың жастығы, таланттылығы, дарындылығы әрине ол өз алдына бір төбе. Маған дәл сол қыздың тап келгеніне өте қуаныштымын, — деді.

Мелодраманың 17 сәуірдегі қойылымында бас кейіпкерлерді Қаллеки театрының әртістері Мейрам Қайсанов, Ержан Нұрымбет, Нартай Сауданбекұлы ойнайды.
Блог - rakisheva: С.Камиев: Мені Нәзидің тағдыры қызықтырды
Мен осыған дейін Қ.Қуанышбаев театрының сахнасында «Қыз Жібек» драмалық трагедиясын қойған болатынмын, одан кейін «Бейбітшілік пен келісім» сарайында «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» мюзиклн қойдым. Менің негізгі мамандығым музыкалық театр режиссері. Ал бұндай драмалық дүниеге бірінші рет келіп отырмын. Бұл дүниеме өнер ортасында жүрген достарым ашық пікірлерін білдіріп жатыр, ал әлеуметтік желідегі пікірлер әзірге жаман емес. Мен бірақ та сол күні көрермендер арасында театр сыншылары да болғандығын байқадым. Журналистер көргенін жазып, ақпарат тарата бастайды ғой. Ал театр сыншыларынан қорқу керек. Олар мүмкін бүгін екінші құрамды көруге тағы келетін шығар. Кейбір театр сыншылары қойылымды 5-6 рет көргеннен кейін барып сын жаза бастайды. Сондықтанда менде қазіргі уақытта сондай бір кереметтей пікірлерге мен күшті етіп жасадым деген көңіл-күй ешқашан болмайды. Мен қашанда шығармашылық ашпын. Әсіресе мен енді бастап жатқаннан соң жоспарларым өте көп, — деп режиссер Сайлау Камиев ағынан жарылды.
Блог - rakisheva: С.Камиев: Мені Нәзидің тағдыры қызықтырды
Айта кетейін, Мар Байжиевтің «Жекпе-жек» туындысы – бірнеше тілге аударылып, Қазақстан, Болгария, Венгрия, Германия, Польша, Швеция, Аустрия, Румыния сынды бірнеше елдерде сахналанған танымал туындының бірі. Шығармада әр заманның өкілдерінің шынайы бейнесі суреттелген. Бүгінгі ұрпақ рухани құндылықтан ажырап, азып-тозып бара жатқан жоқ па… Мар Байжиевтің «Жекпе-жек» пьесасы әр заман ұрпағының, ішкі көзқарас тартысы арқылы адами құндылықты іздеуге шақырады…
Блог - rakisheva: С.Камиев: Мені Нәзидің тағдыры қызықтырды
Әрі қарай

Абай "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос".

Ойланып қарайықшы, біз қазақ бір-бірімізді қаншалықты сыйлаймыз, қаншалықты көмек қолын созуға дайынбыз.
Байқағаным, орыстар, өзбектер, ұйғырлар және т.б. халықтар өте ұйымшыл келеді, әрдайым бір-бірінің сөзін сөйлеп, жақтасуға дайын тұрады.
Біздің қазақтың сөзі «Қазаққа қазақ жау», ия бұл сөзді негізі өзіміздің қазаққа қарнымыз ашығасын айтқан болар біреу. Бір-бірін көреалмаушылық, бір-бірінің аяғын шалушылық болып жатады. Ал енді басқа ұлтқа келгенде, қонақжай болып, әкесіндей сыйлап төріне отырғызып қояды.
Мысалға, ссср кезінде қаншама халықтарды (шешен, турк, курд, кәріс, армиян, неміс) товарный вагондарда салып Қазақ жеріне айдап әкелген, сонда қазақтар солармен нанын бөлісіп аман алып қалған еді, одан бөлек босып, тозып келген ұйғыр, өзбек, тәжектер бар, ал енді бүгінгі солардың ұрпақтары, біздің жерде тұрып, қазақты менсінбейді.
Өзбекстанда қазақтарға күн көрсетпейді, әлі есімде бала кезде Ташкентке барғанда менің қазақша сөлегенімді көріп, өзбектер көздері алайып «қазақ, қазақ» — деп маған жеп көріп қарағандары. Бүгінгі күні шекарада қаншама қазақты атып өлтіргендері бар, жаңалықтардан айтпағасын көп халық оны біле бермейді. Бір туған деп жүрген қырғыздарың да, Қырғыстанда қазақтарды жақтыра қоймайды дейді. Ал Ресейге барсаң, қазақты адам ғұрлы көрмейді, шовинисттер жатқан.
Осының бәрін ойлана келе түсінгенім, басқа ұлтқа қонақжай болып, ақкөңіл болып жақсылық жасаудың қажеті жоқ, бәрібір түсінбейді, түптеп келгенде барлық адам күштіні сыйлап, әлсізді жек көреді. Сондықтан бауырлар, бірінші кезекте өзіміздің қазақты сыйлайық, қолдан келгенше көмектесуге тырысайық.
Әрі қарай

Жезөкшелікті заңдастыру керек па?

Ауруды жазу үшін, сол ауру бар екендігін мойындау керек. Ал жезөкшелік жаман болсада Қазақстанда бар құбылыс, бырақ билік басындағылар бұл жаман құбылыспен күресу үшін ешқандай шара қолданбай отыр. Сіздің ойыңыз қандай, қалай күресу керек?
Әрі қарай

Қар жауып тұр...

Далада қар жауып тұр. Ақ ұлпалар ауада қалықтап, «қысқы вальс» биіне жаттығу үстінде. Үрімшінің көше тазалықшылары мен бірінші курс студенттерінің қолына амалсыздан күрек ұстатқан бұл қардың жауғанына бір аптадай уақыт болып қалды. Пердені ысырып, терезені аштым. Менің құрқылтай ұясы секілді кішкене бөлмеме салқын желмен еріп қысқы тымық, таза ауа лебі енді. Жоқ, кешіріңіздер, таза емес. Тымық та емес. Үрімшінің ауасы бұлай суреттеуге мүлдем сәйкес келмейді… Дұрысы машина түтіні, мұнай зауыты мен металлургия зауытының түтініне жол бойы тізбектеле орналасқан ұйғыр саудагерлерінің қой еті кәуабының түтіні, одан қала бере қытай асханасынан шыққан чоу дофу (сасық сүзбе) иісі, бұрышта дүнген шал сатып отыратын қақталған тәтті картоп иісі, араласқан ауа лебі. Осы бір қысық көз қытайлар мен мұртты ұйғырлар мекендеген кішкене қалашыққа келгелі бір жылдан астам уақыт өтіп кетті. Үйренген секілдімін… Алғаш аяқ басқанда еденнің бес батпан кірін көріп жүрегім айнып енді келместей боп кері бұрылып кеткен дүнген асханасы, казыр жиі барып тұратын жеріме айналды. Тұңғыш рет ұйғыр самсасының дәмін татқанда,ішінен үлкендігі бас бармақтай құйрық май атып шыққан кезде, үш күн бойы ас атаулыны аузыма алмағаным есімде, ал қазір таңғы асқа не жеп жүр деп ойлайсыздар?.. Бірінші рет автобусқа отырып айналаны тұмшалаған қолаңса иісіне шыдамай түсіп кетіп жатақханаға дейін таксилетіп жеткенім есімде, қазір ол иіс те«моңғол әтірі» деген ресми бренд атқа ие болып, үйреншікті иістердің қатарына заңды түрде қосылды. Жаңадан келгенімде көзіме аса жабайы көріген қысы жазы басынан алуан түсті орамал (орамал неғұрлым реңкті болса соғұрлұм «сәнді») мен бұтынан гамаж тастамайтын (гамаж шамасынша қалың болу керек, оның сыртынан қара шұлық пен қызыл туфли киіп алсаңыз сізден өткен «сәнді» адам жоқ) ұйғыр бойжеткендері мен үстіне «моңғол әтірін» сепкен (ондай әтіріңіз болмаса соңғы сән үлгісінен қалып қойдым дей беріңіз, және ұйғырдың «крутой» жігіттерінің мазағына қалу қаупі бар)қиылған,қара мұртты ұйғыр бозбалалары да күнделікті күйбең тіршіліктің бір көрінісі болып кетті.Бұл қалаға енді келгенде қалыпсыз болып көрінген, түскі асын ішіп отырып, ащы бұрыштың әсерінен танауынан аққан сұйықтықты барынша қатты дауыспен шығарып тастап, ары қарай тамақтана беретін, немесе уақыт тығыз болып бара жатса, жұмысқа не оқуға кетіп бара жатып жолда тамақ жей беретін, автобуста отырып уақытты бос өткізгісі келмей қалтасынан тістеуігін шығарып тырнағын алып отыратын қытайларға да, күннің ыстық суығына қарамастан көтенінде кең жырығы бар шалбар киіп алып, асыр салып жүретін қытай бүлдіршіндеріне де, кітап дүкенінде не кітапханада тізілген кітап сөрелерінің арасында жерге отыра кетіп кітап оқитын, отырған жерінде оқулықты құшақтаған күйі қаннен қаперсіз ұйықтай беретін қытай студенттеріне де көзім үйреніп кетті.
Үйрендім… бәріне де… үйренгенім соншалықты жалығып кеттім… Күнделікті қайталана беретін көріністерден, бірізділіктен… Бірқалыпты сұрықсыз сұрқай өмірімнен… Еңсемді басқан бір ауыр нәрсе… Сағыныш сияқты… Ия шынымен сағыныш… Туған жерге сағыныш.....Қазақстанға деген сағыныш....Қанша жерден пафосты естілсе де бұл шындық…
Далада қар әлі жауып тұр. Толастайтын кейпі жоқ. Түнімен жауатын секілді…
Әрі қарай

Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !

Кәсіпкерлік. Бизнес. Қолдау. Серіктес .


Ия, бұл сөздер баршамызға аян. Күні бүгінде елімізде шағын және ірі кәсіпкерлікті қолдайтын ұйымдар ашылып, жұмыс жасап отыр. Олардың басты мақсаты — кәсіпкерлікті қолдап, олардың басшылық қасиетін дамытып, елге тиер пайдасын алу.
Дегенмен, әр бір бизнестің басы жоспардан тұрады. Бізге экономика сабағынан беретін ұстазым ылғи солай дейтін.
Күн сайын, жаңа жобалар іске асырылып, бірнеше өзгертулер енгізіліп жатыр. Әрбір кәсіпкер өзінің жұмысына сенімді, әрі сақ адам болу керек. Сондай — ақ, қиын жағдайда тез шешім қабылдай алатын, шешім қабылдай алатын жан болу тиіс.
Дегенмен, әр кәсіпкер білу керек ережелер бар. Бұны, біреулер білгенмен, біреулері біле бермес. Сонымен, сатылап басталық.
1. Сенімділік. Өзіңізге өзіңіз сенбесеңіз, сізге ешкім сене қоймас. Егер, болашақта өзіңізді қожайын ретінде елестетсеңіз үйрене беруіңіз керек. Өйткені, басшы ретінде өзгелердің сеніміне кіре білу керек.
2. План Б. Міндетті түрде болу керек. Өйткені, бизнес бар жерде шығыс және дағдарыс болуы заңды құбылыс.
3. Сәтсіздіктерді жеңе білу. Бір мәселеден кейін, жеңіле салуға болмайды.
Қызықты мәлімметтерге сүйенетін болсақ, әйгілі ірі байлардың басынан талай қиындық болған. Бірақ, олар мойымай жеңе білді. Әлемдегі ең бай адамдардың тізімі:
Керек тілші: Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !
1. Билл Гейтс
Дәулеті: $77.2 млрд
Кіріс көзі: Microsoft, инвестиция
Мемлекет: АҚШ

Керек тілші: Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !
2. Карлос Слим Элу

Дәулеті: $ 70.9 млрд
Кіріс көзі: коммуникациялық индустрия
Мемлекет: Мексико

Керек тілші: Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !
3. Уоррен Баффет

Дәулеті: $ 65.7 млрд
Кіріс көзі: Berkshire Hathaway
Мемлекет: АҚШ

Керек тілші: Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !
4. Амансио Ортега

Дәулеті: $ 63.7 млрд
Кіріс көзі: бөлшек сауда
Мемлекет: Испания

Керек тілші: Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !

5. Лоуренс Эллисон

Дәулеті: $ 50.2 млрд
Кіріс көзі: Oracle
Мемлекет: АҚШ

Керек тілші: Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !
6. Алико Данготе

Дәулеті: $ 3,3 млрд
Кіріс көзі: цемент, қант, ұн өнәркәсіптері
Мемлекет: Нигерия


4. Тауар. Ұсыныс және сұраныс.
Белгілі бір жобаны қолға алғасын, міндетті түрде халықтың сұранысына мән беру керек. Және ол зат мейлінше, ешкімнің алуға қаржысы жетпейтіндей болу керек. (яғни, бәсекелестеріңіздің)
Керек тілші: Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !
Енді біраз суреттерге назар аударсақ.
Керек тілші: Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !
Бұл архивтен алынған құжаттар. Яғни, әр бір жеке кәсіпкерліктің осылай шығыны мен кірісін зерттеп, анализ жасап отырады.

Керек тілші: Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !
Осы суретте шағын бизнесті қолдайтын банктер мен акционерлік компаниялардың тізімі. Бұнадығ атаулардың барлығы баршаңызға танымды.
Керек тілші: Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !

Керек тілші: Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !
Өзіміздің елімізде тамаша жобасы, жалынды жастарды қолдау үшін " ДАМУ", " ҰКП " секілді тамаша қорлар ашылған.
Ел басының өзінің кезекті сөзінде былай деген:
— Біріншіден, Қазақстандағы кәсіпкерлік ұлттық экономиканың ілгерілеуші күшіне айналуға тиіс. Шағын және орта бизнестің үлесін кемінде екі есеге арттыру қажет. Екіншіден, жекешелендірудің екінші кезеңін өткізу жөнінде ауқымды міндет қойылды. Іскерлік қабілеті бар және тиімділік көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпкерлер оның субъектілері болуға тиіс. Үшіншіден, ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің орта топқа тезірек өтуін ынталандыратын шараларды жедел әзірлеп, жүзеге асыру керек. Төртіншіден, бизнес кооперациясы үшін, әсіресе, өңірлік деңгейде жағдай жасау маңызды. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті қатысуы үлгісінің жобасын талқылаған жөн. Бесіншіден, Жаңа саяси бағдарға экономикалық қызметті реттеу мәселелеріне мемлекеттің қатысуының жаңа қағидаттары сәйкес келуге тиіс. Соның ішінде, әңгіме кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың сапалы деңгейі туралы болып отыр .
Айта кететін жай, елімізде белгілі бір күндері Жас кәсіпкерлер форумы өтіп тұрады. Бұл кәспкерлерге өте пайдалы және маңызды дүние. Ақпарат көздеріне сүйенетін болсақ, жақында Ақтөбе қаласында алғаш рет Жас кәсіпкерлерді қолдау форумы өткен.
Толық ақпарат үшін :http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/29585-orumy-tude
Керек тілші: Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !
Уоррен Баффеттің мына бір қағидасын қмытпаған жөн:
Өзің түсінбейтін бизнеске ешқашан қаржыңды салма.

Инвестициялау. Қаржы салу керек, бірақ оның көзін білу қажет. Барлық артықшылығы мен кемшілігін таразылаңыз, барынша көп ақпарат жинаңыз, проблеманы жете зерттеңіз, негізсіз тәуекелге жол бермеңіз. Тәуекел орынды болу керек, ал инвестициядан түскен кіріс шығысты жабу керек.

Қазақстан Президенті кәсіпкерлікті дамыту 2050 Стратегиясының негізгі міндетінің бірі екеніне тоқталып өтіп.

– Менің Жарлығымның жүзеге асуы Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қажетті жағдайды түбегейлі жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл – бизнес жүргізіп отырған әрбір қазақстандық үшін нақты көмек. Кәсіпкерлердің жұмыс жағдайын ұдайы жақсартып отыру жайы әрқашан мемлекеттің басты назарында болады. Бұл – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жолындағы тағы бір маңызды қадам. Осы шара және кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттен қаражат бөлу экономикамыздың өсуіне, жұмыс орындарының көбеюіне, барша қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына серпін береді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Ия, бизнес бастау бұл оңай нәрсе емес. Ең тамаша әдіс, экономиканы меңгеру және түсіну. Жеке кәсіпкерлікті ашу ойыңызда болса, бүгіннен бастап экономикалық терминдерді меңгерген дұрыс. Биік шыңдарды бағындыруда сәттілік тілеймін!
P/S: Жалпы, бұдан басқа тамаша ой болып еді. Бірақ, ол жүзеге аспады. Сондай — ақ, осы турдың 2 тапсырмасын орындаған жоқпын. Кешірім өтінемін. Дегенмен, менің міндетім ескерту. Сіздің міндетіңіз баға қою! Турға қатыстырылмай қалсам да, ренішім жоқ !:)
Әрі қарай

Аяқ алысымыз жаман емес

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Жазғы Азия ойындарының негізгі жарыс күні бүгін басталды. Алғашы нәтижелеріміз жаман емес. Лондон Олимпиадасында Александр Винокуров алтын алып, сол жеңісті жол соңғы күнге дейін жалғасып еді. Бұл жолы да сол бақытты сәт ұзағынан болсын деп тақымды қысып отырмыз.
Жиырмасыншы қыркүйекте жарыс жолына алдымен құралайды көзге мергендер шықты. Қыздар 10 метрлік қашықтықтан, жігіттер 50 метрді нысанаға алды.
Юлия Дришлюк 27, Зәуреш Байбосынова 30, Юлия Комендра 34-ші орыннан әрі аса алмады. Ерлер арасында Владимир Исаченко 12, Вячеслав Подлесный 28 Рашид Юнусметов 31-ші орынмен шектелді.
Блог - Bek-enu: Аяқ алысымыз жаман емес
Қоржынымызға алғашқы алтынды ауыр атлетикадан 17 жастағы Маргарита Елисеева салды. Ең жеңіл салмақтағы аруымыз қарсыластарынан оқ бойы озып кетті. Екінші орын алған индонезиялық Агустиани жеті келіге қалып қойды.
1. Маргарита Елисеева (Қазақстан) — 194 (88 + 106)
2. Сри Вахьюни Агустиани (Индонезия) — 187 (80 + 107)
3. Мальо Тогоева (Өзбекстан) — 187 (81 + 106).
Блог - Bek-enu: Аяқ алысымыз жаман емес
Екінші алтынды дзюдодан Елдос Сметов еншіледі. Бұл қазақ дзюдосы тарихында сары құрлық ойындарындағы алғашқы алтын. Жастар арасында тұңғыш әлем чемпион атанған 22 жастағы жамбылдық спортшы қуаныштан жылап жіберді. Сметов осымен тоқтап қалмай, келесі жылы Астанадағы әлем біріншілігінің алтынын да алады деп үміт білдіреміз.
Елдостың алтынынан бөлек, екі қоламыз бар.(Ленария Мингазова ( 52 келі), Азамат Мұканов 66 келі).
Синхорнды жүзуден апалы-сіңілі Александра мен Екатерина Немичтер үшінші орынға қол жеткізді.
Ушудан Райлин Ризайдин (56 келі), Ришат Ливеншо (65келі) ширек финалға жолдама алды.
Баскетболдан ерлер құрамасы жеребе бойынша «В» тобына түскен еді. Біздің құрама алғашы турда Сауд Арабиясы кездесіп, 89:59 есебімен жеңіске жетті (15:17, 20:12, 25:17, 29:13). Осы матчта 18 ұпай жинаған Анатолий Колесников ең нәтижелі ойын.шы атанды.
Ертең енді Пәкістанмен кездесеміз.
Әсел Жақаева, Айжан Ақылбаева, Аружан Егембердиева секілді қаракөз қыздарымыз өнер көрсететін су добы құрамасы да алғашқы ойында жеңіске жетті. Алты құраманың арасында өтіп жатқан жарыста біздің қыздар алдымен Гонгонгпен кездесіп 25:1 есебімен ұтты. Ең үздік ойыншы Айжан Ақылбаева (5 ұпай). Ертең Өзбекстанмен кездеседі. Олар бүгін Сингапурдан басым түсті.
Жағажай волейболынан әйелдер құрамасы «С» тобындағы алғашқы ойындарын бастады. Татьяна Машкова мен Ирина Цымбалова жұбы жарыс қожайындарының намысын қорғаған Хьюсук Юн мен Юн Ли жұбымен кездесті. Ойын аса тартысты болған жоқ. Жерлестеріміз екі партияда (21:6, 21:15) ұтып тастады.
Одан кейін «Д» тобындағы ерлер құрамасы Мальдивтен келген волейболшы жігіттерде ширақ танытып, оңай ұтты ((21:14, 21:16) есебімен ұтты.
бүгінгі бағдарламаның соңында Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко Оман құрамасынан басым түсті.
Ал нағыз спорт кешенінде өткен волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореядан үш партияда ұтылды (16:25, 21:25, 23:25).
Ендігі қарсыласы Катар құрамасы. Ойын 23 қыркүйекте өтеді.
Семсерлесуден жолымыз болған жоқ. Эльмир Әлімжанов бастаған спортшыларымыз ширек финалдан әрі аса алмады.
Алғашқы күннің қорытындысы:
1. Оңтүстік Корея — 13 (5, 5, 3);
2. Қытай — 11 (5, 1, 5);
3. Моңғолия — 4 (2, 1, 1);
4. Қазақстан — 5 (2, 0, 3).
Әрі қарай

Тақырыптық группаларымызға қосылыңыздар!

Kaztube.kz бейне порталының қолданушылары үшін жақсы жаңалығымыз бар. Жақында ғана Facebook жəне Vkontakte əлеуметтік желілерінде бейне порталдың тақырыптық группалары ашылды.
Ол группада бейнепорталдағы ең таңдамалы, ең озық видеолары салынатын болады.
Блог - kaztube: Тақырыптық группаларымызға қосылыңыздар!
Группаның біреуі "Алға, Қазақстан!" деп аталады. Аты айтып тұрғандай, Қазақстан халқының, елінің мақтанышы бола білген адамдар туралы, оқиға туралы, тұлғалар туралы, тағысын-тағы видеолардың сілтемесімен осы группада бөлісетін боламыз. Қазақстандық жастарды патриоттыққа тəрбиелеу мақсатында ашылған бұл группада елімізді асқақтатуға үндейтін видеоларды табасыз. "Алға, Қазақстанға!" жазылып қойыңыз.

Блог - kaztube: Тақырыптық группаларымызға қосылыңыздар!
Екінші группамыз көтеріңкі көңіл-күйге, ойын-сауыққа арнап ашылған болатын. "MuzRoom" деп аталатын бұл группаның ашылу мақсаты — əлемдік жəне отандық музыка əлемінде болып жатқан жаңалықтар мен оқиғалар, əндер, бейнебаяндар, түрлі əн кештерінің видеоларын бір жерге жинақтау. Яғни, аталмыш группаға сілтемелерін топтастыру. Сондықтан, музыка, өнер əлемінен хабардар болғыңыз келсе, біздің "MuzRoom" жазылып қойыңыз.

Білмеген болсаңыз, Kaztube.kz порталының барлық əлеуметтік желіде аккаунты бар: Facebook, Вконтакте, Twitter, Instagram, Yvision.kz, КерекИнфо, Мой Мир. Сайтымызға жаңа видео салынғанын күтпей, əлеуметтік желідегі аккаунттарымызға жазылып қойыңыз!
Әрі қарай