Жезөкшелікті заңдастыру керек па?

Ауруды жазу үшін, сол ауру бар екендігін мойындау керек. Ал жезөкшелік жаман болсада Қазақстанда бар құбылыс, бырақ билік басындағылар бұл жаман құбылыспен күресу үшін ешқандай шара қолданбай отыр. Сіздің ойыңыз қандай, қалай күресу керек?

Жезөкшелікті заңдастыру керек па?

Бөлісу:

57 пікір

qonyrbai
Шыңғыс ханды Адайдың жезөкшесінен туды дей ме? Шірікбай білетін шығар. Кожура Насыбай да өзінің сасық пікірін жаза жатар.
Adiletshu
Заңдастыру керек. Салық төлесін. Кейін пенсияға шығатын болсын
MERmukhanov
Мен де заңдастыруды жақтаймын
AydanaAbdrahmanova
Құдай сақтасын. өз қарындасыңызды немесе қызыңызды сол орынға қойып көріңізші. солардың осылай заңдастырылғанын қалайсыз ба?
MERmukhanov
Cәлем :) Неге қоюым керек? Жоқ, шынымен, неге қоюым керек? Олар жезөкше ме не сонша?

Осы комментке дейін сізді жоғарырақ бағалаушы едім. Әрине, сіздің сөзде иманды қыз және намысты ару болу керек, және өзім де сондай екендігімнен, мұндай әңгіме маған жат деген месседж жатыр. Алайда, әңгіме төркіні — қыздарды жезөкшелікке тартуда не ұлғайтуда емес. Заңдастыру — бар нәрсені заң шеңберіне енгізу. Ондай қыздар үнемі болады, тіпті шариғатты елдерде де бар. Ендеше, кейде бар нәрсені заңдастырған оңтайлы шешім көрінеді бір мәселелерде.
мына бір нәрсені түсін: заңдастыр, не заңдастырма — ол жойылмайды, көлемі көбейіп кету мүмкіндігі (типі, енді заңды, белсене кірісейік) және азайып кету мүмкіндігі (ойбай, енді бәрі легалды, жасырыну қиын, сондықтан басқа дұрыс нәрсеге кетейік) — шамалас.


еуропада бұлар салық төлейді, кейін зейнетақы алады, мед тексеруде және зәбірден қорғауда. Заңдастыру — қыздың арына қатысты нәрсе емес, ол әркез отбасы, ошақ қасындағы тәрбиеден басталады. Және жақсы қыздар — бұл заңға тәуелсіз-ақ бұрынғыша өмір сүре береді, жақсы емес жай жатып жіберетін қыздар да солай, бұрынғыша қыдырыс, бұрынғыша болады, ал кәнігі кәсіби жезөкшелер — осылар ғана заң аясында қауіпсіз қызмет атқарады.

Сондықтан, журналиске жан-жақты ойлап үйрену керек — сіздің айтып отырғаныңыз басқа нәрсе.
Сосын, оның азайғанын қалайтыныңызды ұқсақ — заңдастыру — еркектер тарапынан да азырақ баруға әкелуі мүмкін. Тек өз абыройын тәуекелге сала алатын, енді менттер де қадағалайтынын білетін еркектер ғана бара бастайды. Хәм ақшалы бойдақтар. Мысал үшін айтып жатқаным. аурулардан қауіпсіздігі ұлғаюы тағы бар.

буынсыз жерге пышақ ұрып, орынсыз әңгімені әкеп телімеуіңізді өтінер едім, әйтпесе төменіректе ВКМ — қолдаушылар қатарынан, алайда оны ақылсыз жеңілтек қыз демес едім, дұрыс қыз.
Бұл ауызша әңгіменің тақырыбы, бірақ жалпы бағытты ұқтыңыз ғой деймін :)
AydanaAbdrahmanova
ҚҰдай сақтасын, ешкімнің отбасына тілемейтін жағдай. көңіліңізге келсе кшіріңіз. асығып жазған едім. сөйлемімнің астына мына сөздерді қосқым келген ед. әркімнің пікірін құрметтеймін. мың мәрте кешірім сұраймын. өкшежездік жоқ болса деген утопия болса да менің пікірім. басқаша ойлауға менің іш-құрлысым, миым мүмкіндік бермейді екен. Иә, түсінемін, Сізді және осындай пікірді. мен тек жүрекпен ғана ойланатын адам шығармын)
1. Біздің менталитет басқа. «Улица красных фонарей» деңгейіне жететіндей жағдайда емеспіз.
2. Физиологиялық тұрғыда өмір бойы осымен айналысып 58 жасында пенсияға шығуға мүмкіндігі жете ме? (Біздікілер көп болса екі, үш жыл шыдайын, жағдайымды дұрыстап алармын, не болмаса бір лохты алдап удачный брак туып қалар и т.д.)
3. мұндай жолмен мемлекетке ақша түспей-ақ қойсын.
4. Таныс "қыз" меннен қарыз ақша алған еді. уақыты жетіп, өтіп кеткенде әрең қайтарып және қалай тапқанын ұялмай айтып тұр. сол ақшаны бетіне шашып кетіп қалған едім. негізі қазақтың қыздарының көбісі есіргеннен барады. адал жолмен ақша табуға ерінед или жанын аяйды. Барша қазақ отбасыларының қыздарының намысты болғанын тілеймін! НАМЫСҚА ТИЕТІН ТАҚЫРЫП ЕКЕН. Басқа заңдарымызды өте қатырып орындап жатқандай
VKM
Мерей,қатырдың ғой. Неге мен қарсы еместігімді жаза салайын:
1.Олар Үкіметке салық төлейді, ал қазір полиция, сутенер, т.с.с төлейді
2. Олар үнемі дәрігерге қаралады
3.Әйтеуір ж/ө айналысады екен, еңбек стажы жүре берсін:)))
4.Тоқал алғандар алады, олар ж/ө бармайтын шығар, ал қалған ер адамдардың қажетіне жарайды
5.Біреулерге «жұмысы» ұнауы да мүмкін ғой:)))по призванию баратындар болатын шығар

Сонымен,қойш, бәрі өтірік, бәрі шын, күлкі үшін жазып отырмын. Алла сақтасын, олардан. Мен жанұя институты жақпын.Ері мен әйелі бір-біріне адал болғанын қалаймын.Ж/ө бармау үшін,өзінің сүйіп алған әйелінің білмегенін үйретсін не ұнамағанын ашық айтсын, бірден көзіне шөп салмай.

P.S. Бір-біріне өмір бойы адал болған жұптар бар екеніне 100 пайыз сенемін!!!
MERmukhanov
кәнігі кәсіби жезөкшелер
©
қандай тіркес, ә :))))))))
спасибо всем за дискуссию :)
MERmukhanov
Бір-біріне өмір бойы адал болған жұптар бар екеніне 100 пайыз сенемін!!!

:) ойпырмай, наивный порыв ұрып тұр

Әйел — асханада күң аспаз, қонақта ханша, спәлніде жезөкшең болу керек қо
VKM
Әйел — асханада күң аспаз, қонақта ханша, спәлніде жезөкшең болу керек қо
Өмірің өз қолында деуші еді ғой, Мерей. Аспаз бен ханша болу қолдан келмейтін нәрсе емес ғой,үшіншісі ер адамға да байланысты деп ойлаймын.
MERmukhanov
:)) звучит как вызов
aza
Білмеймін… Маған поқ.
merekeee
Заңдастырғаннан не өзгереді? Заңдастырмағаннан ше? Қазір оларды көрсе, ұстап қамайды, ал, заңдастырылса, «Ж» деген справкасын көрсетіп, кете бере ме?
Sherkeshbay
Қоңырбайға! (15 наурыз 2015 жыл 10 сағат 53 минут) Әй, бала! «Шыңғыс ханды Адайдың жезөкшесінен туды дей ме? Шірікбай білетін шығар. Кожура Насыбай да өзінің сасық пікірін жаза жатар.» дегеніңе айтарымыз:
Мен сені Алшын Атамыздың үлкені Әлім атамыздың ұрпағы болғандығың үшін, сені азамат деп есептеп және Ұлы Атамыздың аруағын сыйлағандықтан менің және Атамның (Шыңыс қаған) атына қаншама лас сөздер айтып жатсаң да, бүгінгі күнге дейін саған «Әлім Ата ұрпағы», «Әлім Аға баласы» және сені өзіммен тең Азамат деп есептеп, өзіме жақын санап «Інім Қоңырбай» дегеннен басқа сөз айтпаған едім. Бірақ сен сөздің иесі емес екенсің.
Мен саған өткенде «Мен Шектінің ұлымын, Не өзгерді осыдан? (Өзгергенде қандай? Оқығанда жаның түршігіп, жаның шығып кететіндей етіп, жақсылап тұрып «сыбағаңды» бермекші едім. Мені сенің Әлім-Шекті деген Ұлы аталарымыздың аруағы тоқтатып отыр. Бұл шын сөзім. Келесі де тағы осылай сөйлейтін болсаң, сыбағаңды дұрыстап тұрып алатын боласың. Осы ескертуімнен кейін тағы қайталап жатсаң Әлім-Шекті аталарымыздың аруағы маған емес, сізге ренжитін болады) дегенмін. Бірақ сен сөзге түсінбедің. Сөз түсінбейтін соншама милау болармысың???
Мен сені Әлім-Шекті деген әлемге әйгілі, қазаққа Аса сыйлы Ұла аталарыңның аруағын сыйлайтын азамат боларсың, деп ойлап едім. Қатты қателескен екенмін. Мен бұдан былайғы «комментеріме» Ұлы аталарымның атын қоспаймын. Сен үшін олардың құны бес тиын екенін кәміл түсіндім. Ол аталарымды сен сыйламасаң да мен сыйлайын. Сенің таза «Дарвиннің «Адам маймылдан жаралды, адамзаттың атасы маймыл (айуан)» деген сандырақ ілімімен мұздай қаруланғаныңды айқын аңғардық. Қызық. Адам деген де осындай милау болады екен-ау!
Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі Ақтан Керейұлы (1850-1912) атамыз мына сөзін сендейлерге қаратып айтқан:
«Сөйле» десең жыршыңыз
Алдарыңда жортақтар.
Туған айға ат берген,
Ақ қағаз бен хат берген
Екі ерін мен тіл-таңдай
Сөйлесін деп жақ берген.
Айтқан сөзге түсінбес
Адамның мыйсыз ақымағы» (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет);
Мынау сенің сондағы «сыбағаң» болатын. «Демек, сен менімен «Шал мен бала» ойынын ойнағың келіп жүр екен ғой. Оныңды да қабыл алдық. Атам қазақ та сөз түсінбейтін, дамбалына күнде жіберіп қойып, құйрығы боқ-боқ болып, әке-шешесінен күнде май құйрығынан шапалақ жейтіндерді бала деп атайды. Бұл атау негізінен 7 жасқа дейінгілерге қаратып айтылады. Одан кейін бозбала, жігіт, жігіт ағасы, ел ағасы, азамат, қария т.т. болып кете береді. Өзің көріп отырғандай «бала» деген сөз, тек қана балаға қаратып айтса жарасымды. Ал, өзін азамат деп есептейтіндерге қаратып айтса, ол сенің санаң, яғни ақылың мен білімің «дамбалына жіберіп қойып, құйрығы боқ-боқ болып, әке-шешесінен және барлық жасы үлкендерден күнде шапалақ жеп жүретін» баладан артық емес деген сөз. Өз обалың өзіңе. Обалың саған адамша дұрыс сөйлеуді және өзінен жасы үлкендерді сыйлау деген Атам Қазақтың ең ұлы қағидасын үйретпеген, дұрыс тәрбие бермеген атаң мен анаңа, өскен ауылыңа, мектебіңе т.т. сен араласатын барлық ортаның бәріне».
Мен сонда саған осы айтқандардан дұрыс қорытынды шығармасаң, менің бұдан былайғы саған берер жауабым «Әй, бала» деп басталып, оның қасында «осы комментарий» бірге берілетін болады дегенмін.
«Әй, бала» Атам Қазақтың Ақын жыраулары Шыңғысханды былай жырлапты:
Шыңғыс ханды Қазақтың суырып салма, ақиық ақыны Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) былайша толғапты:
… Кешегі Дүиім Баян кеткен соң
Алты жыл анық өткен соң,
Ар-сар болып жүрегі,
Қанға толып білегі,
Шыңғыс туды Арқардан?.(2)
Оның туған тұқымы
Патша болып таралған.
Осы бір сөздер көңіліме
Бұрынғы өткен үлкеннен
Қағида болып қалынған.
Шежіре болып жазылған
Тілімі түзу бағытты
Көңілім зерек қалыпты.
Аңдаған жақын, алысты,
Болжаған қисық, шалысты,
Бұрынғы қарт атамның сөздерін
Құлағым естіп, көргенін
Осындай құралы келген жерлерде
Шығарып жүрмін жарыққа.
Шариғат қарап, жол пәмдеп.
Мұсылманға үмбет деп,
Атасын анық білмеген,
Айтса болар мүрдет? деп..(3)
2 – Шыңғыстың тегі туралы аңызды айтып отыр. Осы бір ауыз сөзбен Шыңғыс ханның тегінің қазақ екені анық көрсетілген. Себебі, ең алғаш рет дала аңы Арқарды қолға үйретіп, қой мен қошқарға айналдырған, бүгінгі күнде қой мен қойшының пірі ретінде дәріптелетін Қазақтың атақты ұлы Шопан ата болатын. Шыңғысхан елінің ұраны «Архар» болатыны осыдан.
3 – Кәпір деп отыр.
Қашаған атамыз Шыңғысты Адай ұрпағы және оны білмей ұмытсаңдар кәпірсіңдер деп анық көрсетіп тұрған жоқ па?!
«Шын ұлындай Шыңғыстың
Сұрасаң асыл тектері,
Ерлігін айтып мақтасам
Толып жатыр еткені». Бұл Адайдың ақиық ақыны атанған Сәттіғұл Жанғабылұлының «Адайдың он жеті бай-мырзасына айтқаны» атты толғауындағы Адай ата ұрпақтарының «Ірілік жақтан озғандарының» қатарында аталады («Аманат» Алматы-1996. 206 бет).
Sherkeshbay
Шыңғыс ханның тегінің қазақ екендігін Қазақ халқының ұлы ақыны Қазанғап өзінің ата-тегі жайлы жырында:
«Төле дейді ұранын,
Қоғалы дейді тұрағым,
Бақтиярдан ажырап
Бәйдібек бай, Жәнібек
Жалғыз ұлы Жарғышақ
Домалақ деген ананың
Албан, Суан, Дулат боп,
Бөлініп бері шығамын
Жарылғамыс, Жанту боп
Жаныстан келіп тарады
Патша менен ханы көп
Ілгері өткен заманның
Ұлы Шыңғыс ханыңды
Алдымен баян қылайын» (Төле би. –Алматы 1991.-18 бет.) Міне өздеріңіз көріп отырсыздар, Қазанғап атамыз Шыңғыс ханды Қазақтың ұлы ханы деп айшықтап айтып отырған жоқ па?! Егер Шыңғыс ханның тегі қазақ болмаса атамыз өз тегін баяндай отырып Шыңғыс ханды аузына алмаған болар еді.

«Зұлқарнайын Ескендір»,
«Әзірет Әлі», «Шыңғысхан»,
«Қырық тарау ноғайлық»
Дастандарым тағы бар,
Бәрі бізден табылар.
«Бұл да болмайд» десеңіз,
Мына отырған жыршыңыз
Жан қалтасын қағынар.
Өздеріңнен аяйтын
Жыршының не жаны бар?!.. (Сұлтан Қадір «Бір тыңдауға бұл қалай?» Атамыз «Зұлқарнайын Ескендірді де», «Әзірет Әліні де», «Шыңғысханды да», «Қырық тарау ноғайлық (Қырымның қырық батырында» бәрінің тегін қазақ деп отыр. Әйтпесе, ол дастандарды жырлап не істесін, жырлағанда да оны кім тыңдар еді. Мысалы, сен өзің орыстың бірінші Петрі жайлы жыр жазып оны жырлар ма едің. Әрине, жоқ деп жауап берерің сөзсіз.
Әділеттің ақ туын» құлатпай, биік ұстаған ел ғана мәдениетті ел болып аталуға құқылы.
«Дүйімбаян, Шыңғысхан –
Нәсілің нұрдан жаралған,
Халқына әділ қараған
Ауыз тимей парадан,
Пақыр-міскін, бай мен бек,
Жарлы, жалсыз, аз бен көп
Бәрінде бірдей санаған» (Сәттіғұл «Аманат» Алматы 1996 115 бет). Адам – Адам болғалы (70 000 жыл) бүткіл жер бетінде қазақ қағандарынан әділетті билік иелері болып көрген емес.
Сол сияқты Адайдың Қосайы Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) өзінің «Адай тегі» атты толғауында:
«… Он төрт қабат жер мен көк,
Жаратылған нұрдан, — деп –
Атамыз Сапи, Сапиолла,
Жаралған топырақ, құмнан,-деп,
Хазіреті Шейіш пайғамбар!
О да жаратылған
Бір алланың ішінен,
Рақым еткен күшімен,
Бір тамшы тамған судан, — деп,-
Әр нәрсе солай болатын,
Алланың еткен ісімен,
Естуіңіз жоқ па еді;
Хазіретті Айсаны
Мариям ерсіз туған, — деп,-
Ол күндегі пендеге
Ғайыптан талай бала келіпті
Мезгілсіз туған бір күннен,
Жалтыраған сәулеге
Жеті қабат жер астында
Сарайдың іші толыпты
Онан Дүйім Баян хан
Бізге келіп жолықты
Оның туған анасы… десе, тағы бір көне жырда:
«Дүйін Баян – Шыңғыс хан,
Нәсілің нұрдан жаралған» деп, аруағын атап, бас иіп, тағзым етіп жүретін болған. Дүйім Баян дегені – Шыңғыстың арғы атасы, жазба деректерде Дубу Баян делінеді. Нұр деп Әлеуке (Алан-гуа) ананың нұрдан бала туғанын айтып отыр.
Тура осындай деректі, яғни Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оның «нәсілінің нұрдан жаралғандығын» Адай – Тобыштың — Зорбайы Бәйімбет Телеуұлы «Замананың құлқына» атты жырында:
«Ертеде өткен ерлерден
Ноғайлының Едіге,
Шыңғыстың өткен заманы
Асылы нұрдан жаралған,
Таймаған жолдан табаны» деп жырлаған.
Бүкіл әлемді мойындатқан Мұңал мен Шыңғыс ханның тегінің Қазақ, Адай екендігі Манқыстаудың өзге ақын-жырауларының шығармаларында да айқын көрініс тапқан. Мысалы, Адай-Мұңал-Жары-Тастемір ұрпағы Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966) атамыз:
«Атамыз Адай – Мұңалдың
Кіші жүздің ішінде
Қарасам қатар теңі жоқ,
Шашылған дабыл-даңқыңның
Баяны болса кемі жоқ.
Бүгінгі жүрген адамнан
Дәрежесі артық жаралған,
Адайдан Мұңал болғанда
Тұсында озған ешкім жоқ» (Жыр-дария 252 бет).

Адай- Қосай ата ұрпағы Қалнияз жырау Шопықұлы (1816-1902):
«Ақ ордасы Адайдың
Үлкен үйім Мұңалсың,
Батырда өзің, пір де өзің
Ұлы жиын құралсың,
Төрт мұңалым тұрғанда
Басқасы келіп Адайдың
Қолынан қалай ту алсын?!!! (Жыр-дария. 43 бет). Өте әділ бағасы берілген, Шыңғыс ханды (мұңалдарды) әлемнің ең ұлы тұлғалары деп ЮНЕСКО да мойындаған жоқ па?!
Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оны хан көтергендер қазақтар екендігін Маңғыстаулық Қалнияз ақын Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Хиуа ханы Мұхаммед – Рахимге:
… «Аржағым Алаш ұранды
Ел едік байтақ құралды
… Хан көтерген қазақпыз
Шыңғыс хан – арғы бабаңды»… деп жырлаған. «Маңғыстаудың жыр-дастандары» (52 бет).
«Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
Қайран саланың жатқан аңғары-ай.
Ақ шалмалы пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Кәпірден теңдік алуға,
Қайтып та келер деймісің,
Мұсылманның баласы,
Шыңғыстан туған хандар-ай»… Бұл Қазтуған жыраудың атынан айтылған Мұрат ақынның
зары. Біз бұдан бүкіл қазақтың 700-800 жыл бойы, Шыңғыс қағанды әулие деп қадір тұтқанын көреміз.
«Шыңғыс, Бату хандық құрып тұрған ел,
Қарақыпшақ Қобыландылар туған ел,
Ерегескен дұшпан-жауын қуған ел
Емес пе едің – жұртым саған не болды?!»… (Ғұмар Қараш). Қазтуған да, Мұрат та, Ғұмар Қараш та Шыңғыс ханды қазақ деп анық айтып тұрған жоқ па?

Ал, Шыңғыс қағанның өзі елінің амандығын ойлап, ұрпағына мынадай сөз қалдырыпты:
«Құлаш бойымнан тұтамы қалса да,
Сен аман бол, Төре елім!
Тұла бойымнан қайратым кетсе де,
Сен аман бол, Ұлысым!» (С.Сыпатайұлы «Алаш, үш Жүз һәм Қазақ»).
Sherkeshbay
Адайдың әйгілі жауынгер — ақыны Қалнияз Шопықұлы «Бұл Адайдың атасы» толғауында:
«… Бұл Адайдың атасын,
Төре сүйек, ер деген.
Нәсілім төре болғасын,
Қай жерімді кем деген...»-дейді. Бүгінгі өздерін біз жүзге жатпаймыз деп жүрген Төрелердің тегі осы. Олардың да ұраны «Архар».

«… Танымадың атаңды,
Қазақтың ұлы қағаны
Шыңғысхандай бабаңды.
Танымасаң атаңды
Танытайын мен саған
Атамыз Мұңал Жарыдан
Мұңалжар деген тау қалған (Ақтөбе облысы, орысша Мугаджар деп аталады).
...Ұлытауым ардақтым
Сарыарқамның төсінде,
Шыңғыстау деген тау қалған.
Сол Шыңғыстың шыңында,
Мұңал деген шың қалған
Алтайдың арғы шегінде
Мұңал деген ел қалған (қазіргі Монғолия).
Тоқтамасаң оғанда,
Соншама милау болмасаң,
Айтқан сөзге көнбесең,
Ақиқат деген ауылдың
Қонағы болып «қонбасаң»
Ұрпағы оның мен қалғам.
Атамыз Жары болған соң,
Шыңғыстан әрі болған соң.
Тоқтамыс-Табай шығады,
Жошыдан бізге қалған жол»
Шеркешбай
Ал сендердің «жезөкшелікті» талкылауға салып, оны қолдап жатқандар «Маймылға (айуанға) бала болуға» жақындап қалғандар. Қазақ үшін мұның басқа бағасы жоқ.
Жарайсыңдар! Аттарың шықпаса жер өртеңдер.
Sherkeshbay
Қоңырбай! Әй бала! Сенің аты-жөнің Жансанов Медет қой. Байқоңыр қаласында тұрасың.
Сенің «Құранды құр ән демеңіз» (Алладан қашып не етпексіз? Біздерде қайтып кетпекпіз, Алланың айтқан сөзі сол. Құранды құр ән демеңіз» деген мақалаңды оқыдым. Маған ұнады. Тек түсінбегенім, сенің сөзің мен ісің бір-бірінен өте алшақ болып, мына саиттердегі мені келемеж қылып жүрісің не жүріс? Алланы ауызға алатын адамда осындай әрекеттер жасай ма екен. Құдай қаласа, Батыс (Алматы-Төретам) поезының 13 вагонының 26 орынынан күтіп аламын. Сонда бетпе-бет жүздесіп, сөйлесерміз.
Sherkeshbay
Қоңырбай! Әй бала! Жол бойы сен келемеж қылып жүрген Мұхамбеткәрім ағамыздың "Қазақ хандығына 550 жыл" атты Республикалық конкурсқа қатысып жатырған мына материалын жаттап кел. Кездескенде бір сөзін қалдырмай айтып беретін боласың?

ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ҚАҒАНЫ

Қазақтың Ата салты (Ата заңы) бойынша ұлттан ұлттың айырмасы төмендегідей:

1. Мемлекеттің (ұлттың) тілі.

2. Діні.

3. Ұлттың рулық (тайпалық) құрамы.

4. Жерінің (территориясы) жалпы атауы және сол жердегі өзге де топономикалық (жер, су) атаулар. Жер бетінде мұндай айғаққа тоқтамайтын жан жоқ.

5. Таңбасы (Гербі).

6. Билеушінің мөрі.

7. Ұраны (бүгінде ол «Ән ұран» деп аталады).

8. Жалауы (туы).

9. Салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы.

10. Ел (мемлекет) билеушілерінің шыққан тегі.

11. Ел басшылары мен адамдарының есімі.

12. Мемлекеттің ақшасы. Сонау Атам заманнан бері кез-келген елдің ақшасында (валютасында) ұлттық мемлекеттің атауы міндетті түрде жазылады. Шындығын айтқанда осы бір ақшаның өзі-ақ, ежелгі ұлттардың (мемлекеттің) бүгінгі ұрпақтарының кімдер екенін айқын ажыратып бере алады. Ақшаға жазылған мемлекет атауының жалғыз өзі-ақ сол ақшаларды шығарған елдің кім екенін айғақтап береді және қалған айғақтардың бәріне соңғы нүктені қоя алады.

Шыңғыс қаған құрған қағанаттың (мемлекеттің) тегі қазақ екендігі дауға жатуға тиіс емес:

1. Шыңғыс қаған қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Оның өзге елдердің мемлекет басшыларын

жазған хаттары осы тілде жазылған. «Құпия шежіре де» қазақ тілінде жазылған. Тіл ұлттың тұғыры. Атам қазақтың «Тіл тұғырың, дін діңгегің» дейтіні осыдан. Қазақтың Ана тілі дегені менің шешемнің тілі дегені емес. Шеше жұрттың бәрінде де бар. Бізден және бізге ең жақын елдерден басқа ешбір ел өз тілдерін Ана тілі деп атамайды. Олар тілдерін туысқан (родной), немесе орыс тілі, қытай тілы, ағылшын тілі т.т. деп атайды. Демек, қазақтың Ана тілі бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз.

2. Шыңғыс қаған Тәңірге (Құдайға) табынған. Бұл сол замандарда жазылған барлық тарихи

еңбектерде айқын көрсетілген. Біздің «О, Құдайым!» және сонымен қатар «О, Тәңірім!» дейтіндеріміздің сыры осы. Оларда дәл біздегідей әулиеге түнейді, туыстарының басына барып садақа жасайды. «Құпия шежіреде» Шыңғыс ханның үш рет жаны қиналғанда «Мойына бұршақ салып» Тәңірден тілек тілегені жазылған. Үш тілегі де қабыл болған.

3. Шыңғысхан құрған хандықтың құрамы қазақ руларынан болды. Сол рулар күні бүгінде де қазақ халқының құрамында.

Күн қағаны Мөде б.з.д. 209 жылы құрған империядан бергі 1500 жыл ішінде қазіргі Мұңалия (Моңғолия) аймағында қазақ этносын құраған көптеген тайпа мен рулар өмір сүрген. Бүгінгі күні Керілген (Керулен) өзенінің арнасынан 25 шақырым жердегі Шыңғыс ханның жазғы жайлауы Аваргада 1990 жылы қойылған ескерткіште қырыққа жуық қазақ тайпасы мен руының таңбасы қашалған. Олар: арғын, бағаналы, балталы, шапырашты, беріш, ошақты, жалайыр, тарақты, тама, табын, жаппас, шекті, қаңлы, телеу, керей, алаша, таз, ысты, адай, сарыүйсін, дулат, уақ, қоңырат, рамадан, алтын, кете, төртқара, қарасақал, жағалбайлы, шеркеш, сиқым, албан, ботбай, шымыр, матай және терістаңбалы. Қазіргі қазақта барлығы 105 таңбалы қазақ руы бар делінеді.

4. Шыңғысханды «еншілеп» жүрген бүгінгі моңғолдардың жері 1921 жылға дейін Түркістан деп аталған. Моңғолиядағы жер-су атауларының бәрі «әсем әннің қайырмасындай» болып қазақ даласындағы атауларды түгелдей қайталайды. Мысалы, бала кезімізден бәрімізге жақсы таныс, мектеп қабырғасынан жаттап өскен

«Әй, Тайқарбай дегенде, Әй Тайқарбай,

Қойыңды Тайқартасқа жай Тайқарбай», — деген жаңылтпашқа арқау болған Тайқар өзені де, Тайқар жазығы да, Тайқар тасы да осы Мұңалия (Моңғолия) жерінде. Тайқартас Қаңға үстіртіндегі Тарбағатай мен Ұлытаудан бастау алатын Тайқар өзенінің бойындағы көк жазықтың ортасында орналасқан. Қаңға үстірті демекші, осы Қаңға бабаның жерленген жері Маңғыстаудың Түпқараған ауданы жерінде. Күні бүгінде де Қаңға баба деп аталады.

5. Шыңғыс қағанның бас таңбасы (гербі) «Тіл таңба» болған. Оны «Қас би» таңба деп те

атаған. Мысалы, «Алтан Тобыш (Алтан Тобши)» атты еңбекте осылай көрсетілген. Бүгінгі Каспий теңізінің дұрыс атауы осы. Бүгінгі Маңғыстаулық Адайларда екі таңба бар. Біріншісі «Тіл», екіншісі «Жебе». Екеуі де Адайдың лақап аты. Себебі, олар бүгінгіше айтқанда осы ұғымдардың «авторы». Адайлар күні бүгінде де «Тіл таңбалы Адайлар» деп аталады. Бұл таңба Моңғолиядағы Шыңғысханның туған жері Аваргада да Шыңғысханға арнап орнатылған обелискіге салынған.

6. Шыңғыс қағанның «1206 жылғы мөрінде «Көкте тәңір, жерде қаған бар. Әлем иесінің таңба мөрі» деп жазылған (Эренжен Хара-Даван, Чиргис – хаан как полководец и его наследие. Алматы 1991, 19 бет). Қаған таза қазақ сөзі, негізі ман, хан, қазан (қазақ елі) деген сөзден шыққан. Бізге жеткен ұлы шежіреде тек қана қазақтан шығып әлемді билеген ұлы көсемдер ғана қаған атын иемденген. Бүкіл әлем тарихының бірде-бір елінде, қазақтан басқа билеушісін қаған деп атаған мемлекет болып көрген емес. Мысалы, Қазақ қаған, Ұлы Алаш қаған, Өгіз (Оғыз) қаған, Тоны көк Білге қаған, Бұмын каған, Күлтегін қаған, Шыңғыс қаған т.т. Яғни қаған деген сөз бүкіл әлемге билік жүргізетін ұлы хан, хандардың ағасы, яғни ең жоғарғы әмірші дегенді білдірген. Бұл жөнінде Әбілғазы: «Қағанның мәнісі мынау. Кім де кімнің ғиззаты және дәулеті хандық мәртебесінен артық болса, әмірлер мен халық оны қақан дер және кімнің мәртебесі қақаннан жоғары болса оны қаған дер. Қағаннан жоғары мәртебе, құрмет болмас» дейді. (Түрік шежіресі 110 бет).

Шыңғысханның Мөрі қазақша жазылған. Оны ешкім теріске шығара алмайды. Ал енді ойлап қараңыз, Орыс мемлекетінің мөрі ағылшын тілінде, француз тілінде болуы мүмкін бе? Англия корольдігінің мөрі неміс тілінде болуы мүмкін бе? Қазақ мемлекеті – қазақ тілінде.

Түсініктеме: Мен бұл жерде «Түрік» деген сөзді әдейі қолданбай отырмын. Себебі, Түрік Қазақтың баласы екендігі ежелгі шежірелерде айтылған. Біздің (қазақтың) сөздік қорымыздағы «Әз Түрік» деген сөз, Түрік Қазақтың баласы дегенді білдіреді. Әз Наурыз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке, Әз Елбасы т.т. дейтініміз осыдан. Қазақтың түп атасы Әз Әулие. Бұл Маңғыстаулық 360 әулиенің ең біріншісі, ең ұлысы, ең ардақтысы деген сөз. «Ол не соншама, Әз әулие ме?», «Ол Әз әулие емес қой», «Тасташы, әрі Әз әулие қылмай» дейтініміз осыдан. Еске ұстағанымыз жөн, Әз (Аз) бүгінгі күнге қазақ деген атпен жеткен ұлы елдің түп атасы осы. Бүткіл жер бетіндегі ең ұлы құрылықтың Азия атанып жүргенінің де сыры осы. Әз әулиенің де моласы Маңғыстау да (Үстіртте).

7. Шыңғысхан қағанатының ұраны «Алаш» болған. Оның сарбаздарын Аландар (Алаштар) деп атаған. Қазақтың да ұраны Алаш емес пе? Шыңғыс қағанатының ақшаларында «Алаш» деген жазбалар болған. Оның кейінгі ұрпақтары бәріміз білетіндей, Алаш Орда хандығын құрды.

Кейінгі «Алашордашылар» қозғалысының көсемдері Әлихан Бөкейханов пен Санжар Аспендияровтың ұлы Шыңғысхан бабамыздың тікелей ұрпағы екендігін біле жүргеніміз абзал. Сол сияқты, сонау Керей мен Жәнібектен бастап, Қасым, Есім, Тәуке, Тәуекел, Абылай, Әбілқайыр сынды, қазақ хандарының барлығы да, тіпті қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалихановтың да Шыңғыс қағанның тікелей ұрпағы екендігін зерделей жүргеніміз дұрыс. Егер біз Шыңғысханды және қазаққа 650 жыл бойы қаған (хан) болған оның ұрпақтарының қазақ екенін мойындай алмасақ, онда біздердің де өзімізді қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ. Бұл бүгінгі Қазақ Елбасын қазақ емес дегенмен бірдей.
Sherkeshbay
8. Шыңғыс ханның туы-тоғыз шашақты үшкіл ақ мата. Ол тудың сабына үш жерден байланатын болған. Ал тудың дәл ортасында бауырына аулап алған жемтігін қысып, қанатын жайып, ұшып келе жатқан көк қаршығаның суреті салынған.

Түсініктеме: Ақ түс – ақиқатты, адалдықты және осы ұғымдарды дүниеге әкелген аталарымыз бен ағаларымызды білдіреді. Адамның (Адайдың) сөз түбірі Ад (Ат), Ада (Ата), ал ағаның сөз түбірі Ағ (Ақ) болатыны осыдан. Еске ұстайық. Атам қазақ та сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) ешқашан жаңылысқан емес. Ананың ақ сүті, ақ неке, ақ ниет, ақ тілек, ақ адал мал, ақ орамал, ақ жаулық т.т. осы айтқанымның айдай айғағы болмақ. Тоғыз шашақ, мұңалдың алдындағы тоғыз буын аталары мен ағалары.

Олар, бірінші буын Адайдың екі баласы, яғни ағалы-інілі Құдайке мен Келімберді. Немерелері: екінші буын Тәзіке, үшінші буын Қосай, төртінші буын Құнанорыс (Рысқұл), бесінші буын Ақпан, алтыншы Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақ), жетінші Жеменей (Бұзау), сегізінші Семит, тоғызыншы Тобыш, оныншы буын Моңғол (Мұңал). Моңғол Мұңалдың сандық атауы, яғни лақап аты.

Үш бұрыш – Үш Жүз (Үш аналы қазақ) және Нұқ пайғамбар шыққан ру (Қосай мен Қоңыратты) білдіреді. Үш саны Қосайдың сандық атауы. Ал, Қосай мен Қоңыратқа келсек, Қосай Адайдың (Атасының) қарашаңырағында қалғаны, Қоңыраттар бөлініп шыққаны. Үш бұрышты тудың сырыққа үш жерден байланатын себебі осы. Нұқ пайғамбардың үш ұлының (Қам, Сам және Иапес) елі.

«Нұх пайғамбар үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлын солтүстік жаққа жіберді.… Иафес атасының әмірімен Жуды (қазіргі атауы Қазығұрт (Қазық жұрт)) тауынан кетіп Еділ мен Жайық суының арасына қоныс тепті. Иафестің Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих атты сегіз ұлы болды. Иафес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», — деп өсиет қылды, оған Иафес ұғланы деген лақап ат қойды. (Әбілғазы «Түрік шежіресі» 12-13 беттер).

Көк – көк аспан елінің ұрпағы деген сөз.

Қаршыға – сөз түбірі «қар», бұл ақ, аға және ақиқаттың балама атауы. Ақша қарды Қар дейтініміз осыдан. Ал, Қардың түбірі «Ар», бұл Шыңғысханның арғы аталары Жарының сөз түбірі. Араптар да (Ар апалар) бізден тарайды. Олар өздерін ерте заманда Тәзіке елі (Адайдың бірінші немересі) деп атаған.

Ата сыйласаң, аға сыйласаң осылай сыйла. Ту жасасаң осылай жаса. Бір тудың өзі-ақ бүкіл Ата тарихты сайратып тұрған жоқ па? Нағыз даналық деп осыны айт. Сол үшінде оларды Қас би деп атаған. Каспий теңізі атауының негізгі мағынасы осы.

9. Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының да қазақтан еш айырмасы жоқ. 100% cәйкес

келеді. Мысалы, Шыңғысхан еліндегі келіндер жұбайларының жасы үлкендеріне иіліп сәлем етеді. Бұндай салт қазақтан басқа ешбір елде жоқ. Шыңғысты хан боларда да, қаған боларда да халық сайлаған. Хан сайлау қазақ дәстүрі. Моңғолдар да хан, қаған деген ұғымдар жоқ. Олар билеушілерін Қонтайшы деп атайды.

10. Ешбір ел өзге елдің, өзге ұлттың ұрпағын хан сайламайды. Темірді (Шыңғысты) хан

боларда да, қаған боларда да, оның бүкіл ұрпақтарын да қазақтар өздеріне «ақ киізге салып көтеріп» хан сайлап отырған. 1986 жылғы Д.Қонаевты орнынан алып, орнына орыс Колбинді тағайындағанда не болғанын еске алайық.

11. Х11 ғасырда Мұңал даласында (қазіргі Монғолия) өмір сүрген Шыңғыс қағанның

айналасындағы адамдардың да, ру-тайпа аттарының бәрі де тек қана қазаққа тән. Олар, Есекей, Алтан, Құшар, Сағабек, Темір, Тастемір, Шыңғыс, Өлең, Бөрте, Жібек, Марал, Жамұқа, Белгітай, Қасар, Нақу-Баян, Бауыршы, Тарғытай, Желме, Алтан, Мұқалы, Жеменей, Есен, Бөкен, Жанай батыр, Үгедей, Жолшы (Жошы), Төле, Дәрітай, Шағатай, Тайшар Қарасақал, Жебе т.б. Оның үстіне Қият, Жадыран, Жары, Адай, Байұлы, Маңғыт, Керей, Найман, Меркіт, Жалайыр, Қоңырат, Ұйғыр, Жабал т. б. ел, ру, тайпа атауларын қосыңыз. Сол кездегі жоғарыда көрсетілген ру-тайпалардың барлығы да қазіргі қазақ халқының құрамында.

Шыңғысханның айналасындағы адамдардың көпшілігінің аттарының қасына «Ад», «Дай», «Адай», «Жары» деген тегі (қазіргіше айтқанда фамилиясы) қосылып отырады. Мысалы, «Жажир-Адай», «Туху-Адай», «Бөрі-Адай»(186 бет), «Нояқ-Адай», «Қаран-Дай», «Буда-Ад», «Дахал-Адай», «Арул-Ад» (187 бет), «Дай-сешен» (190 бет), «Жаршы-Адай» (200 бет), «Шырғы-Адай Батыр», «Жажир – Адайлық Жамұқа» (220 бет), «Жырғы Адай (Жебе)» (223 бет), «Жүрме Адай» (234 бет), «Жары Адайлық Қарыдар» (239 бет), «Жүрше Адай»(240 бет), «Бары Адайлық Наяан» (251 бет), «Жүрже Дай», «Долы Адай» (259 бет), «Идік Адай», «Қынкия Адай» (260 бет), «Жары Адай-Еген» (265 бет), «Алшы Адай» (271 бет). (Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз» Моңғолдың кәдімгі жинағы. Алматы, 2002 «Көшпенділер баспасы).

Дүбун-Баянның (Дүйім-Баян М.Қ.) екі баласының аты Білге-Адай, Бекже-Адай. (Әбілғазы.

«Түрік шежіресі» 46 бет).

Бұл жағдай ескі тарихи жазбаларда көптеп кездесетін «Ад», «Дай» тайпаларының Адайлармен бір тектен шыққанын және қазіргі Адайлардың сол «Ад», «Дай»-лардың заңды жалғасы, яғни бүгінгі ұрпағы екендігін көрсетеді.

Сонымен қатар, Шыңғыс ханның ата-бабаларының және оның айналасындағы адамдардың есіміне қазақ халқында күні бүгінде де қолданыста жүрген «батыр», «мерген», «шешен», «бек, бегі, бекі», «хан», «қаған» деген елден ерек, бүкіл халық мойындаған құрметті атақтары мен лауазымдары қосылып жазылған. Мысалы, «Нашын-батыр», «Бұлтегі-батыр», «Бартан-батыр» (187 бет), «Есугей-батыр»(«189 бет), «Сүбетей-батыр» (210 бет), «Аушы-батыр» (220 бет), «Тақой-батыр» (225 бет), «Гүрі-батыр) (229 бет), «Қадақ-батыр (241 бет), «Мұқалы Шылайын-батыр» (264 бет), «Хорышар-мерген», «Боржығытай-мерген», «Добун-мерген», «Барқұдай-мерген», «Қорылартай-мерген» (183 бет), «Дүмбілай–шешен» (187 бет), (Дай-шешен» (190 бет), «Құйылдыр-шешен» (241 бет), «Тоқта-бекі», «Құдық-бекі», «Белгі-бекі» (220 бет), «Алақ-бекі» (276 бет), «Ван-хан» (202 бет), «Торуыл-хан» (204 бет), «Далдұр-хан» (212 бет), «Бұйрық-хан» (220 бет), «Таян-хан», «Күшлік-хан» (246 бет), «Алтан хан» (282 бет), «Қабыл-қаған», «Құтыла-қаған» (187 бет), «Амбағай-қаған» (192 бет). Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз».

12. Сөз түсінетін ақыл-есі түзу жандарды бірден мойындататын жағдай, Шыңғысхан қағанаты

ақшасының теңге деп аталуы және онда «Қазақ», «Алаш» және «Аға хан» деген жазбалардың болуы.

«Аға хан» демекші, «Аға хан» мен «Қаған» синоним сөздер. Айырмасы, Қ-аға-н дегенімізде, Хан сыртында қалып, Аға сөзі ортаға ауысады. Маңғыстауда Қанға баба деген әулие-қорым бар. Бұл алғашқы хандық құрылған жер. Қанғаның толық мағынасы Хан аға. Ал «Қаған (Аға хан)» дегеніміз, бүткіл жер бетіндегі барлық хандардың ағасы деген сөз.

Бас таңбасы «тіл», өзгелер Қас би (Каспий) деп атаған Қазақ қағанатының сөздік қорында дәл осындай «құпия» мағынасы бар сөздер баршылық. Олар: Садақ (С-ада-қ) – Сақ ата (Сақтардың атасы), Санақ – Сақ ана, Сабақ — Сақ апа, Сенек – Сақ ене, Сағақ – Сақ аға (Су ақпайтын ба еді сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан) т.т. болып жалғасып кете береді. Бұл жерде авторлық құқық сақталып тұр. Сөз жасасаң осылай жаса. Тарих жазсаң осылай жаз. Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?

Қорытынды: Соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы тұлғасы болып бүкіл әлем елдерімен (ЮНЕСКО) мойындалған Шыңғыс қағанның тегі қазақ екендігі дауға да, күмәнға да жатпайды. Егер біз осыны мойындай алмасақ, біздерге өзімізді де қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім

Толығырақ: alashainasy.kz/kazak_tarihy/shyingyishan-kazaktyin-ulyi-kaganyi-64912/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
ken
Шеркешбай, жезөкшелікке ШХның қатысы қандай?
VKM
ШХның әйелдері көп болған соң шығар, кен)))))
Sherkeshbay
Кенге: Сіздің пікірлеріңіз тек қана сұрақтан туатын пікірлер екен?
Мынау «Блог – timurrr» дағы «Шыңғысхан Адай» жөніндегі екеуміздің Шыңғысхан жайлы сұхбатымыздың сиқы:

1. Ken 6.01.2015 жыл 11.15 сағ
«Шеркешбай
Ш — Ер — Кеш — Бай
Ш — шегу
Ер — ер адам
Кеш — кешке таман
Бай — байлық» Менің атымды әріптеп жазғаннан не таптың? Кім не түсінді???

2. ken 6 қаңтар 2015, 16:03
«Қазақтарды басқаларға мазақ етіп көрсетіп жүргендерді «маймыл» деп атауға қалай қарайсың?» Пікірлеріңнің ішіндегі көңілімізден шыққан пікіріңнің ең мықтысы осы болды.

3. ken 8 қаңтар 2015, 15:41
«Пьяншік-ау, бүгінгі моңғолдардың ескі моңғол тілін еркін түсіне алмайтынын біліп қалып, жерден жеті қоян тапқандай «міне, ол тілді бүгінгі маңғолдар цүнбид. демек ол тіл — қазақша болған» деуің нағыз қуу емес пе?»

Мынау менің сондағы жауабым:
Sherkeshbay 8 қаңтар 2015, 21:02
«Кен! Сіз ер адамсыз ба? Әлде әйел адамсыз ба? Пьяншік деген сөздің аузыңыздан түспегесін айтып отырмын.
Кен Бауырым! Сіздің мына «Пьяншік-ау» деген сөзіңіздің мағынасын түсіне алмай, біраз әлекке қалдым. Содан екі тілді (орыс пен қазақ) білетін бір досыма қоңырау шалып әрең анықтадым. Ол досымның айтуынша, жақсы сөз емес екен. Әрине, арақ дегенді білмейтін адамды «маскүнем» дегеніңіз қызық екен. Содан мұндай сөзді кім-кімдерге айтады дегенімде, әлгі досым, «мұндай сөзді тек қана күйеуі маскүнем әйел өз күйеуіне қаратып айтады» — деді.
Сосын сіздің «қуу» дегеніңізде біртүрлі екен. Оның мағынасын досым, «есі ауысқан» деп түсіндірді.
Мен сізді түсінбедім. Менің жазған пікіріме неге сонша ашуландыңыз. Мен сіздің де, басқалардың да бірде-біреуіңіздің аттарыңа «Бауырым» дегеннен басқа бірде-бір балағат, қорлау сөздер жазғаным жоқ. Менің түсінгенім сіздердің алған тәрбиелеріңізде мүкістік бар.
Кен Бауырым! Сөз, тіл мәдениетінің кез-келген жанның білімі және адами қасиетінің ең негізгі көрсеткіші екенін естен шығармаңыз.
Пікір сайысына шыққаныңыз үшін көп рахмет. Шығып тұрыңыз. Мен сіздің кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Өзіңізден өзгені ешқашанда ақымаққа санамаңыз. Мен сізге сәттілік тілеймін».

4. ken 5 ақпан 2015, 12:46 «тағы да басқа копипасттарыңды қоюға сылтау болсын:
— қазақшадан басқа қай тілдерді білесің?» Оны не істейсің?

5. ken 7 ақпан 2015, 11:15 «тағы — қазақшадан басқа қай тілдерді білесің?» Оны не істейсің?

6. 9.01.2015, 09.31 «Аударманы негізге ала отырып «Шешіре қазақ тілінде жазылған» деген қорытындыға келген екенсің ғой демек». Мына жоғарыдағы Мұхамбеткәрім ағамыздың «ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ҚАҒАНЫ» атты зерттеу еңбегі сол сұрағыңыздың жауабы.

7. 8 сағат бұрын, «Шеркешбай, жезөкшелікке ШХның қатысы қандай?» дегеніңізге айтарым. Бұл ана балаға (Қоңырбайға) берілген жауап қой. «qonyrbai 15 наурыз 2015, 10:53 0
Шыңғыс ханды Адайдың жезөкшесінен туды дей ме? Шірікбай білетін шығар. Кожура Насыбай да өзінің сасық пікірін жаза жатар».
8. VKM 3 сағат бұрын
«ШХның әйелдері көп болған соң шығар, кен)))))» Дұрыс айтасың қарындасым. Ол кездегі кісілердің бірнеше әйелдері болған. Сондықтан, олардың арасында жезөкшелік, тері, қан (Сифилис, триффер, гонорея, СПИД, Эбола т.т. сияқты аурулар болмақ түгілі, бұндай түсінікте болмаған. Осылардың бәрі жезөкшелікті заңдастырған елдердің көріп отырған жемісі.

Кен! Шыңғысхан заманында Қазақ та мұндай «бәлекет» болмаған. Міне Шыңғысханның қазаққа және сіздер көтерген тақырыпқа қатысты жері. Қазақ хандығы замандарында еліміздің ұлттық иделогиясы болды. Ондайлар қатаң жазаланған.

Бұндай жағдай біздің елге Кеңес үкіметімен бірге келді.
Sherkeshbay
Ал, қазір Көшеге шықсаң көретінің бастары жалаңбас қыз-қырқын. Көбінің шаштары қысқа, кейбіреулерінің қысқалығы соншалық, жүнін жұлған тауықтан бір аумайды. Іштерінде тіпті адам қарауға да ұялатындай тап-таза тақырбастары да бар. Ал, кейбіреулері байы өлген әйелдердей шаштарын жайып жіберген. Қап-қара болып киініп, қара жамылғандар… (Қазақ дәстүрінде байы өлген әйел ғана шашын жайып, қара жамылады). Енді бірінің үстерінде «лыпа» жоқтың қасы. Бар киімі белдерінде бір қарыс белдемше, арасын бір қарыстай етіп ашық қалдырып таққан ені бес елі кеудеше. Барлық дене мүшелерін, әсіресе ұятты жерлерін айқындап көрсететін тар шалбар кигендер. Жарнамаларда (билборд), қаптата салынған жалаңаш қыздар… жалаңаштар..., жалаңаштар… Өткен жылы Көкшетауда нудистер форумы өтті. Жақында Құрманғазы атамызбен Пушкинді сүйістіріп қойдыңдар. Қыздар біріне-бірі үйленіп жатыр. Гомолар толып жүр. Не боп кеттік өзі. Қарағым-ау (журналиссің ғой) осыған да бастарыңның жетпегені ме? Сендер мен үшін шынымен де Дарвинге бала болып кеткен сияқты болып көрінесіңдер.
Қазақтың ата салтында қылмыс жасаған әйелдердің ғана шашын (бұрымын) қиған. Қазақ әйелдерінде күйеуінің «көзіне шөп» салушыларды ауыр қылмыс деп есептеген.

Мынау сіздер келекелеп жүрген Қожырбайұлы Мұхамбеткәрімнің «Қазақтың шежіре-салтының тарихы» атты кітабынан үзінді. «Жаңа өсиеттегі (Евангелие) «Заттарды ортақ ұстау» арқылы Ресейде Патша өкіметі құлағаннан кейін осы уағыздың ізімен барып коммуналар құрылды. Коммунаға біріккендер орыс елінде «жыныстық төңкеріс» (сексуаальная революция) жасап, коммуна ережесіне сай енді бәрін ортақ етеміз деп, әйелдерінде ортаға салды. Елде қан ауруы (вензаболевание) жаппай орын алды. Революция «көсемдерінің» талайы осы аурудың құрбаны болғаны кезінде аз жазылған жоқ. Көп ұзамай-ақ, бұның ешқандай негізсіз шала басталған іс екендігі және оның Адам қолымен, яғни Ібілістің ұрпақтары қолымен ұйымдастырылғаны айқын болды. Міне өздеріңіз көріп отырғандай миллиондаған адамның өмірін жалмаған Орыс революциясы мен Кеңес билігінің идеологиясы осылай басталып, осылай іске асқан болатын. Бұл жерде орыс халқы «сынақ алаңы» болды, яғни «үй қояны» мен «тышқанның» ролін атқарды. Жалпы ғылымда, сынақ осы екеуіне көп жасалады.
Қан ауруы демекші, Европада ең көп тараған қан ауруларының бірі «сифилис». Бұл ең ежелгі қан ауруларының қатарына жатады. Өте жұқпалы, бей-берекет жыныстық қатынастан тарайды. Европада сифилис жайлы жазылған жырлар көп. Соның бірі Паруан университетінің профессоры, дәрігер, астроном және ақын Джараломо Фракасторо (1483-1553) сифилис атауын Сифил деген шошқа бағушының Құдайдың қарғысына ұшырағанынан болғанын жырға қосқан.
«Әлем елдерінде әсіресе Европа, Америка, Ресейде бұл аурумен ауырғандар өте көп. Мысалы, Рим папалары Александр Ү1, Юлий 11, Лев Х1 және әйгілі француз ақыны Француа Виион. Плутарий мен Гарацкийлерде Рим императорлары Октавиан мен Таберияда да осы аурудың айқын белгілерінің болғанын жазған. Бұл аурумен Европаның ең әйгілі адамдары Мопассан, Иван Грозный, Некрасовтар ауырған.
Европада бұл ауруды Галл ауруы (Франция) деп те атайды. Бұл атауды оларға бергендер испандықтар. Германдар да сифилистің отанын Франция деп санайды.
Ресейде соңғы он жылда сифилис 40 есеге өскен, әрбір 100 мың адамға шаққанда 177 адамнан келеді. Америкада 36 адамнан. Ресей қазір бұл аурудан бүкіл әлем елдерінің ең алдына шыққан.
Ресей дәрігерлері орыс қалаларында бұл аурудың мұсылмандар мен иудейлер арасында өте аз кездесетінін, бізде солар сияқты ерте үйленіп, аз қыдырғанымызда, біздегі сифилис мәселесі өз-өзінен шешілген болар еді деп жазады» (С.Ардеева, С.Дробышева, А.Никонов, Е.Сенюшина «Друзя и враги Венеры».
Оның алдында орыс дәрігері (акушер-гинеколог) Дмитрий Андреевич Красножон өзінің «Змейная болезн» деген мақаласында: «Ресей Денсаулық Сақтау Министрлігінің есебі бойынша Ресейдегі «сифилис» жағдайы жан шошырлықтай. Егер 1990 жылы бұл аурумен әрбір 100 мың адамның тек қана бесеуі ауыратын болса, 1997 жылы бұл көрсеткіш 255-ге жеткен, яғни 55 есе өскен (405 000 адам жұқтырған). Бұл ауру ер адамға да, әйел адамға да бірдей жұғады. Есептік көрсеткіштің жалпы санына Ресей халқының бәрі түгел кірген, яғни бұл есепке сәбилер де, қариялар да кіреді деген сөз. Бұл ауру жыныстық қатынасқа қабілетті ресейліктердің арасында бұдан да жоғары екендігі сөзсіз» — делінген. (www.lood.ru).
Әлемдік БАҚ есебі бойынша:
«Жыныстық қатынаспен берілетін жұқпалы аурулардың (Инфекции, передаваемые половым путем (ИППП) саны:
— Күн сайын 1 млн. астам адам ИППП жұқтырады.
— Жыл сайын 500 млн. адам ИППП-ның төрт: хламадиоз, гонореей, сифилис және трихомониаз ауруларының біреуімен ауырады.
— 530 млн-нан астам адамның бойында «генитальный герпес (ВПГ-2)» ауруының вирусы бар.
— 290 млн-нан астам әйелдерде «вирус папилломы человека (ВПЧ)» ауруымен шақырылатын инфекция бар.
ИППП-ның көпшілігі адам бойында жасырын өрбиді, яғни аурудың айқын белгілері байқалмайды.
Кейбір ИППП-лер ВИЧ ауруының жұқтырылуын 3 немесе оданда көп есе жоғарылатады.
ИППП-лердің зардабы адамға өте ауыр із қалдырады, олардың зияны тек қана сенің өз қара басыңа емес, бұл инфекциялар, созылмалы күйде анадан сәбиге де беріледі.
Егер адамдар бұл аурулармен жиі ауырып, дәріні жиі пайдаланып, дәріге төзімді болып кетсе бүкіл әлемде ИППП аурулары, әсіресе гонорей ешқашан азаймайтын болады (Информационный бюллетень N°110. Ноябрь 2013 г. Основные факты).
Тарихқа қарап отырсақ, европаға осы жұқпалы аурудың ең екпінді қарқынмен тарауы 1812 жылғы француз, 1905 және 1917 жылдардағы орыс революцияларынан (төңкерістерінен) кейін болған. Европа мен «ұлы» орыс елінде бұл аурудың жаппай орын алғаны соншалық, революцияны жан-тәнімен беріліп жақтаған жандарды жалмауыздай жалмады. Басқаларын былай қойғанда, олардың ең көзі ашық, сауатты, білімді интелгенциясының өздері де: неміс композиторы Людвиг Бетховен, Полшаның пианист-композиторы Фредерик Шопен, неміс философтары Фридрих Ницше мен Артур Шопенгауер, Орыс ханшайымы Екатерина 11, 1913-1921 жылдардағы америка президенті Томас Вильсон, ирланд ақыны және драматургі Оскар Уайльд, француз ақыны Шарль Бодлер, орыс жазушысы Александр Фадеев, ақындары Сергей Есенин, Владимир Маяковский, Мария Цветаевалар т.т.) осы аты жаман аурудан зардап шегіп, көбі осы аурудың құрбаны болған.
Sherkeshbay
Жақында британ тарихшысы Хелен Раппапорттың «Конспиратор: Ленин в ссылке» атты зерттеу еңбегі жарық көрді. Ол осы еңбегінде орыс революциясының көсемі В. Лениннің нейросифилис ауруынан көз жұмғанын дәлелдеген. Ол мұндай қорытындыны 1904 жылғы медицина және физиология саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, әйгілі орыс ғалымы, профессор Иван Павловтың (1849-1936) қалдырған деректеріне сәйкес жасаған. Оның айтуынша, мұны Кремл дәрігерлерінің бәрі білген, бірақ оларға кезінде мұны жариялауға тыйым салынған. Раппапорттың тұжырымы бойынша Ленин бұл ауруды 1902 жылдары Париж жезөкшелерінен жұқтырған көрінеді.
Жалпы, христиан дініндегі патшалық Ресейде «әйелдердің жеңіл жүріспен табыс табуы» мемлекеттік деңгейде рұқсат етілген болатын. Төңкеріспен дүниеге келген «Коммуна» кезінде Кеңес үкіметімен жарияланған «Әйел теңдігінен» кейін бұл «ауру» қатты асқынды. Осы кезде орыстың пролетар ақыны В.Маяковскийдің «сифилис» деген өлеңі жарыққа шықты: «По скверам, где харкает туберкулез, где б…ь с хулиганом да сифилис…» деп жазды ол.
Орыс интелгенциясының көзін жоюда Кеңес билігі де «сифилистен» қалысқан жоқ. Орыс ақындары Пушкин (37 жасында), Лермонтов (26 жас), Гумилов Н. 35 жас т.т.) адам қолынан опат болды. Қысқасы, орыс революциясы орыс елінің ежелгі ұлы мәдениетін, бірнеше ғасырларға «кейін» лақтырып тастады. Олар алпыстағы дана қариядан, алты жасар балаға айналды. Шындығында да, бұл дәл солай болды. Әйтпесе, олар адам баласының атасы «маймыл» дегенге сеніп, мектеп оқулықтарына (Дарвин ілімі) осылай деп жазар ма еді.
Олардың қазақ үшін қарапайым ғана қағида, Ұлы Жаратушы – Алланың адамнан басқаға сана бермегендіктен, маймылдың (айуанның) ешқашан адамға айнала алмайтынына саналары (білімі мен ақылы) жетпеді. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда да мемлекетіміздің орыс тілді билік иелері, тіл және тарих ғылымдарының саналары (ақылы мен білімі) жетпей келеді.
Міне бізге тура осы жерде Қазақ мәдениетімен Европа (орыс) мәдениетін салыстырудың реті келіп тұр. Қазақ, жалпы мұсылман елдерінің ешқайсысында мұндай «проблема» жоқ. Күні кешеге дейін қазақ халқында, яғни орыстар жаулап алғанға дейін мұндай «жаман» ауру болмаған. Олар мұндай аурудың бар екенінде білмеген. Құрметті оқырман! Еске ұста! Бұл аурудың қоздырғыш күші «жеңіл жүріс», яғни бей-берекет жыныстық қатынас болып табылады.
Бұл аурудың алдын алу жолдарына келсек, біз үшін мұның еш қиындығы жоқ. Атам қазақтың Ата салтын ұстансаң жарап жатыр. Онда былай делінген. Адам баласы ештеңеге асықпау керек. Жалғыз-ақ, асығуға тиісті бір нәрсе бар. Ол ұл-қызыңды кәмелетке толған бойына теңін тауып тез үйлендіру деген. Ол сені тек қана сифилистен емес, кез-келген «жамандықтың» бәрінен (ұл-қызың түнімен қаңғымайтын болғасын, барлық пәле-жаладан аулақ болады) аман алып шығады. Бұған күмәндарың болмасын.
Ал қазір, ал қазір, біз бұл мәселені тек қана жастардың өздерінің мойындарына жүктеп тастадық. Соның салдарынан соңғы жылдары 30-40 жасқа келгенше үйленбей жүріп алатындар тым көбейіп барады. Бұл жаман әдет келешекте қазақ халқын ең үлкен кесапатқа, яғни денсаулықтың нашарлауына, дүниеге ақыл-есі кемтар балалардың көптеп келуіне және халық санының азаюына әкеліп соғатын болады.
Жастардың ертерек үйленіп, үй болуы халық санының көбеюіне және оның сапасының жақсаруына негіз болады. Атам қазақ, 13-ке толған қызды да, ұлды да отау иесі деп тәрбиелеген. Жастардың уақтылы үйленуі, тіпті олардың ертерек үйленулерінің өзі де, олардың 30-40 жасқа дейін үйленбей жүріп алуларынан, немесе тіпті үйленбей қалуларынан (қазір ондайлар өте көп) мың, миллион есе артық».
Мен Мұхамбеткәрім ағамның пікіріне толықтай қосыламын.
Маған Айдана қарындасымның «Құдай сақтасын. Өз қарындасыңызды немесе қызыңызды сол орынға қойып көріңізші. Солардың осылай заңдастырылғанын қалайсыз ба?» деген пікірі қатты ұнады. Айдана айналайын! Қазақтың барлық қызы сіз сияқты ойлайтын болса ғой, Шіркін! Бұл арманға Бізді мына жақшаның ішіндегі «азаматтар» жеткізер дейсің бе?

qonyrbai 15 наурыз 2015, 10:53 0
«Шыңғыс ханды Адайдың жезөкшесінен туды дей ме? Шірікбай білетін шығар. Кожура Насыбай да өзінің сасық пікірін жаза жатар».
Adiletshu 15 наурыз 2015, 13:19
«Заңдастыру керек. Салық төлесін. Кейін пенсияға шығатын болсын».
MERmukhanov 16 наурыз 2015, 11:33
«Мен де заңдастыруды жақтаймын»
aza 16 наурыз 2015, 16:01 0
«Білмеймін… Маған поқ».
Заңдастыру деген сөз біздің ата дініміз «Исламға» да қарсы дүние ғой. Патшалық Ресей мен Европада болған жағдайлардан сабақ алсақ жөн емес пе? Атам Қазақтың «»Ақылды адам өзгенің, ақымақ адам тек қана өзінің қателігінен қорытынды шығарады» дегенін де басшылыққа алсақ әдемі үйлесіп кетпей ме? Айдана қарындасым айтқандай, заңдастырған кезде, олардың саны бұдан он, жүз, мың, миллион есе көбейетін болады. Олардың ішінде күні ертең-ақ Айдана қарындасымның қауіпі айдай келеді. Айналайындар-ау! Ұялсаңдаршы? Не боп кеткенсіңдер өздерің? Бәріңнің де қарындас, қыздарың бар емес пе?
Ал, енді содан кейін не болатынына келсек, дүниеге кемтар, ақылсыз-ақымақ, жарымес, баскесер, нашақор, алқаш, ар-ұяттан жұрдай, ата сыйлауды, ана сыйлауды, аға сыйлауды, өзінен жасы үлкенді сыйлауды білмейтіндер, ата-аналарын қарттар үйіне тапсыратындар, парақорлар, жалақорлар, жебірлер, яғни айуаннан (маймылдан) тек қана тезегі басқа ұрпақтар көптеп келетін болады. Оларды кейін қамайтын орынды да жетістіре алмайтын боламыз. Қазір Англияда 97 000 адамдық түрме бар. Тағы салып жатыр. Франция да 57 000 адамдық түрмеге адамдар сыймай, олар оны екі есеге көбейту керек деп жатыр. Бізде де 50 000 орынға сыймай жатыр. Осылардың көбі қазірдің өзінде арамызда өріп жүр. Осы комменттердегі бірін-бірі балағаттау, кемсіту, аруақ қорлау (күні кешеге дейін бүкіл қазақ Әулие тұтқан адамның каррикатурасын салып, келемеж қылу) біздің елдің де азып бара жатқанының басты белгілері болып табылады.
Қарақтарым-ау осығанда бастарыңның жетпегендері ме?
Sherkeshbay
Айтпақшы ұмытып барады екенмін. Өздерің біздермен аудармашы арқылы сөйлесетін орыс тілді билік иелерінен, яғни қазіргі шенеуниктерден аумайды екенсіңдер? Оларда тура сендер сияқты, қазақ үшін қарапайым дүниелерге бастары жетпейді. Айтыңдаршы! Сендердің ақылдарың қашан кіреді?
buzau
Котырбайды 《медет》 нокауытка жиберипсингой шеркешбайага. Енди саитка не бетимен шыгар екен атын озгертпесе. Аи бирак мына журсинмен сен оны аспанга ушша аягынан, жерге кирсе шашынан тартып шыгарып аласынгои хахаха ой ишим кулкиден туиилип калды.
SSSS
Айтпа, өлтірді Қоңырбайды))))))))))))))
Sherkeshbay
Балалар! Қазақтың ұлы қағаны Шыңғысханды және оған арнап кітап жазған Мұхамбеткәрім ағамды келемеж-күлкі қылып, олардың атына қорлау сөз айтатын болсаңдар, менен жақсылық күтпеңдер. Егер де мен айтқан ескертуге көнбей, тағы да жариялап жатсаңдар, менің сендерге берген жауабымда Сендердің де аттарыңның қасына "Қоңырбайдың" қасына берілетін «коммент» бірге берілетін болады. Бұл бір.
Екінші, сендердің жаңадан ашқан саиттеріңде осы Кісілердің атына қорлау сөз болатын болса, Мұхамбеткәрім ағамның кітабының "үзінділерімен" толтыратын боламыз. Осында менің бір сыйлас ағам бар, жақында зейнеткерлікке шықты. Қолы бос, іші пысып отыр. Сол ағама айтсам болды. Сендердің келемеж саиттеріңнен Мұхамбеткәрім ағамның Шыңғысхан жайлы кітабын күн сайын ежіктеп тұрып оқып отыратын боласыңдар.
Үшінші, менің бұлай айтып отырған себебім, "Қазақтың ұлы қағаны Шыңғыс ханның" аруағын және Мұхамбеткәрім ағамның арын қорғау біздің (өзін мен қазақпын дейтін азаматтың) азаматтық парызы деп білемін.
Төртінші, мен сендерге Сендердің айтқандарыңды елемей «Ит үреді, керуен көшеді» деп үндемей жүре беретін Мұхамбеткәрім аға емеспін. Айтқанға көнбесеңдер, ындықтың түбінде жүрсеңдер де тауып аламын.
Бұл сендерге Олар жайлы әңгіме қылмаңдар деген сөз емес. Бұл жердегі әңгіме тек қана сендердің Оларды келемеж-күлкі етіп «қорлау» сөздерің де болып отыр.
Sherkeshbay
Алдыңғы комментіме қосымша: Күні кешеге дейін қазақ даласында, тіпті қалаларында да бірде-бір түрме-зындан болмаған, абақты тұрғызбаған. Себебі, қазақ арасында ол жерге жіберетін адам болмаған. Мен Сендерге міне осыны зерттеуге және осыны уағыздауға кеңес беремін.
VKM
Неге екенін білмеймін, мен Қоңырбай жақпын:)))))
bazuka
Шеркешбай сізде андай компа бар ау дим ия. ну сіздің сөйлеп отырғаңызды жазып отыратын, «Она» фильміндегідей ше. Әйтпесе мұнша жазуды жазып тастау)) әлде копипаст па? Ну копировать қылғанның өзінде арасында Қоңырбайға біраз уақытыңызды бөлетін сияқтысыз.
SSSS
Ия менде таңқаламын, қалай осыншама сөзді шаршамай жаза береді, шындарыңды айтыңдаршы жазғанының бәрін толық оқитын адам бар мекен))))))))))
Tyulpan
ерігеді де))

бар оның бәрін толық оқып отыратын адам. ол — Аршат)): Р
bazuka
Мен заңдастыру жағындамын. Жезөкшелік қай заманнан да тоқтамайды, тоқтата алмайды да. Төлесін салық!
Sherkeshbay
Сендерге не керек өзі? Жезөкшелікті тоқтату ма, әлде ақша ма? Тағы кім деген алпауытты "қыздарымыздың (болашақ ұлтымыздың аналарын) арын сату" арқылы байытпақсыңдар? Осығанда бастарыңның жетпегені ме? Сендер не сонда «жезөкшелікті» тоқтату үшін соларға заңды құқық бергеннен басқа жолы жоқ деп ойлайсыңдар ма? Қыздарымыздың ойы осындай болса, жетіскен екенбіз онда?
SSSS
Қазақ ру болып көшіп-қонып жүргенде, жезөкшелер ешқашан болмаған, бырақ қазыр ЗАМАН басқа, отырықшыл өмір сүреміз, қалада тұрамыз. Әркім өз басының қамымен жүреді, біреу тойып секірсе, біреу тоңып секіреді.
Жезөкшелік отырықшы өмір сүретін халықтарда әрқашан болған, сонау мұсылмандықты берік ұстанған араб елдерінде де болған және бар. Сондықтан оны жою мүмкін емес.
1 Еркектердің жартысынан көбі жас кезінде ж\ө бараған, сөйтіп неше түрлі ауруларды жұқтырады, сөйтіп онымен қоймай, жүріп жүрген қыздарына, әйелдеріне жұқтырады, бұл пәле түптеп келгенде ұлт денсаулығына, демографиялық жағдайғада жаман әсерін тигізеді.
2 Ж\ө миллиондаған обороты бар ақша көзі болып табылады, және бұл ақшаның бәрі қазыр криминалға кетіп жатыр, осы ақшадан олардын қолдары созылып бырталай басқа зұлым тірліктерін істеп жур.
Sherkeshbay
Балалар! Тіркеліңдер! Ұялмаңдар! Ұят ақша болмайды. Тағы кімге ақша керек?
VKM
маған да керек еді:)))))
Ispek92
Сені президенттікке үміткер ретінде тіркелді дейді, рас па?
Sherkeshbay
VkM-ге!
Қайсысы екенін ашып айтсаңыз жақсы болар еді. Әйтпесе атыңыз жасырын, сөзіңізде екі ұшты.
VKM
Sherkeshbay, сіздің көпәріптеріңіз іш пысырған соң,әзіл үшін жазғанмын. Сізен маған түк те керек емес, біз бұл жерде 5-6 жыл жүрміз. Сіз танымасаңыз, басқалар таниды. Менің пікірлеріме жауап жазып әуреленбей-ақ қойыңыз(((((((((((((((
Ispek92
Сәлем ВКМ, сенің (((((((( осындай смайлыңды керекте жүргеніме 2 жылға жақындап қалса да әлі көрмеппін… Жизнь боль((((
VKM
сәлем, Исабек.Соны айтам.Қалайсың?
Ispek92
Шүкір бәрі жақсы, мойындашы сені де Шеркештің байы шаршатып жіберді ме?)))))
VKM
айтпа деймін))))))))))
SSSS
Ағасы қайтеміз енді еркектер ж\ө барып тұрады, ал оларды медициналық тексерістен өткізіп ауруларын емдеп жатқан үкімет жоқ, одан бөлек Алматы, Астанада көше кезіп ұялмастан жұртқа тиседі, ал заңдастырса казино сияқты қаладан шет жерге жұмыс орындарын ашып беріп көпшілік көзінен құртар деген ой ғой, апта сайын мед. тексерістан де өтіп тұрар еді. Ал басын құмға тыққан страус сияқты, бізде бәрі керемет, ж\ө жоқ дегеннен жағдай жақсара қоймайды.
Sherkeshbay
SSSS-ке!! нім! Көтеріп отырған мәселең де дұрыс. Қазақтың мүддесін қорғайтын Үкімет жоқ дегенің де шындыққа келеді. Ал, шындығын да, бұл «ауруды» сіз ұсынған жолмен емдеу, іші іріп, иісі шығып кеткен жараның бетіне, адамдар уақытша ғана көрмесін деп «лейкопластыр» жапсырып қойғанмен бірдей.
edige
Қыздың арын қорғай алған ер, түбінде бір елді қорғай алады © Шығыс даналығынан
Ispek92
Мұндағы пікір сол, теликтегі диванный эксперттердің пікірінен артылған емес… сол ток шоулардың жазбаша нұсқасы секілді, әркім өзіне, өзінің жақынана және туысына, ары кетсе нәпсісіне жауап берсін. Меніңше сол кезде бәрі супер-пупер болады, ал басқаға ақыл айтып, жөнге саламын деу, бос әурешілік… Және басқа елден үлгі алып, соларды құрмет тұтатындарға айтарым, бұ мәселе кез-келген мемлекетте бар(Гренландиядан басқа) сондықтан қаззақты жерге кіргізгенді қойыңдар… қысқаша айтсам: ауруын жасырған не болатынын білесіздер ғой…
MickThatsMyNick
Төртінші нұсқа артықтау секілді))
Ispek92
Толығырақ, осы жерден))))))
MickThatsMyNick
Кез келген сауалда «иә» дегің де келед, «жоқ» дегің де келед, бірақ қайсысы өзің үшін артық тек соны таңдау керек. Артық нұсқалардың қажеті шамалы, кері жағдайда сауалнаманың мәні кетеді дегенім ғо.) Не «Иә» не «Жоқ». Үшіншісі «Бәрібір» дегені енді «приемлимо». Көптеген сұрақтарға солай қарайтын адамдар шынымен де бар. Олар біршама болғаннан кейін, бөлек көптікке айналады, ал көптік үшін бөлек нұсқа қоймау… болмайд енді.
MERmukhanov
Шеркешбай лучший! :))))
qonyrbai
Шеркешбайды қайтыс болды деп естігем.
Sherkeshbay
Қоңырбай! Мынау сенің 10.03.2015, 15.02 сағ. екеуміздің жырмен айтысымыздағы сөзіңнің соңы: «Соңғы айтқан жауабым:
»Өтірігіңмен қоса өлсеңші!".
Бүгінгің мынау «Шеркешбайды қайтыс болды деп естігем». Сенің жасың ғой 25-те. Жоғары білімің бар. Қашан саған ақыл кіреді?
Мен саған өткенде де ескерткенмін, біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле, деп.
Сенің біреуге өлім тілеуің мен мына өлеңіңнің арасы аспан мен жердей ғой. Құранды өзің құр ән деп жүрген сияқтысың.
Күні мен түні ауысқан
Өмірде болмай сауысқан
Ағайын, ғұмыр кешейік!
Хақ жолына атсалысқан.

Исламнан қашып безбеңіз,
Алладан қашып не етпексіз?
Бабалар келген өмірден
Біздер де қайтып кетпекпіз.

Аятпен амал етсеңіз,
Бақытты ғұмыр кешесіз.
Алланың айтқан сөзі сол
Құранды құр ән демеңіз.

Жансанов Медет, жас драматург! Ұят, қайда?