Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !
Кәсіпкерлік. Бизнес. Қолдау. Серіктес .
Ия, бұл сөздер баршамызға аян. Күні бүгінде елімізде шағын және ірі кәсіпкерлікті қолдайтын ұйымдар ашылып, жұмыс жасап отыр. Олардың басты мақсаты — кәсіпкерлікті қолдап, олардың басшылық қасиетін дамытып, елге тиер пайдасын алу.
Дегенмен, әр бір бизнестің басы жоспардан тұрады. Бізге экономика сабағынан беретін ұстазым ылғи солай дейтін.
Күн сайын, жаңа жобалар іске асырылып, бірнеше өзгертулер енгізіліп жатыр. Әрбір кәсіпкер өзінің жұмысына сенімді, әрі сақ адам болу керек. Сондай — ақ, қиын жағдайда тез шешім қабылдай алатын, шешім қабылдай алатын жан болу тиіс.
Дегенмен, әр кәсіпкер білу керек ережелер бар. Бұны, біреулер білгенмен, біреулері біле бермес. Сонымен, сатылап басталық.
1. Сенімділік. Өзіңізге өзіңіз сенбесеңіз, сізге ешкім сене қоймас. Егер, болашақта өзіңізді қожайын ретінде елестетсеңіз үйрене беруіңіз керек. Өйткені, басшы ретінде өзгелердің сеніміне кіре білу керек.
2. План Б. Міндетті түрде болу керек. Өйткені, бизнес бар жерде шығыс және дағдарыс болуы заңды құбылыс.
3. Сәтсіздіктерді жеңе білу. Бір мәселеден кейін, жеңіле салуға болмайды.
Қызықты мәлімметтерге сүйенетін болсақ, әйгілі ірі байлардың басынан талай қиындық болған. Бірақ, олар мойымай жеңе білді. Әлемдегі ең бай адамдардың тізімі:
1. Билл Гейтс
Дәулеті: $77.2 млрд
Кіріс көзі: Microsoft, инвестиция
Мемлекет: АҚШ
2. Карлос Слим Элу
Дәулеті: $ 70.9 млрд
Кіріс көзі: коммуникациялық индустрия
Мемлекет: Мексико
3. Уоррен Баффет
Дәулеті: $ 65.7 млрд
Кіріс көзі: Berkshire Hathaway
Мемлекет: АҚШ
4. Амансио Ортега
Дәулеті: $ 63.7 млрд
Кіріс көзі: бөлшек сауда
Мемлекет: Испания
5. Лоуренс Эллисон
Дәулеті: $ 50.2 млрд
Кіріс көзі: Oracle
Мемлекет: АҚШ
6. Алико Данготе
Дәулеті: $ 3,3 млрд
Кіріс көзі: цемент, қант, ұн өнәркәсіптері
Мемлекет: Нигерия
4. Тауар. Ұсыныс және сұраныс.
Белгілі бір жобаны қолға алғасын, міндетті түрде халықтың сұранысына мән беру керек. Және ол зат мейлінше, ешкімнің алуға қаржысы жетпейтіндей болу керек. (яғни, бәсекелестеріңіздің)
Енді біраз суреттерге назар аударсақ.
Бұл архивтен алынған құжаттар. Яғни, әр бір жеке кәсіпкерліктің осылай шығыны мен кірісін зерттеп, анализ жасап отырады.
Осы суретте шағын бизнесті қолдайтын банктер мен акционерлік компаниялардың тізімі. Бұнадығ атаулардың барлығы баршаңызға танымды.
Өзіміздің елімізде тамаша жобасы, жалынды жастарды қолдау үшін " ДАМУ", " ҰКП " секілді тамаша қорлар ашылған.
Ел басының өзінің кезекті сөзінде былай деген:
— Біріншіден, Қазақстандағы кәсіпкерлік ұлттық экономиканың ілгерілеуші күшіне айналуға тиіс. Шағын және орта бизнестің үлесін кемінде екі есеге арттыру қажет. Екіншіден, жекешелендірудің екінші кезеңін өткізу жөнінде ауқымды міндет қойылды. Іскерлік қабілеті бар және тиімділік көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпкерлер оның субъектілері болуға тиіс. Үшіншіден, ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің орта топқа тезірек өтуін ынталандыратын шараларды жедел әзірлеп, жүзеге асыру керек. Төртіншіден, бизнес кооперациясы үшін, әсіресе, өңірлік деңгейде жағдай жасау маңызды. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті қатысуы үлгісінің жобасын талқылаған жөн. Бесіншіден, Жаңа саяси бағдарға экономикалық қызметті реттеу мәселелеріне мемлекеттің қатысуының жаңа қағидаттары сәйкес келуге тиіс. Соның ішінде, әңгіме кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың сапалы деңгейі туралы болып отыр .Айта кететін жай, елімізде белгілі бір күндері Жас кәсіпкерлер форумы өтіп тұрады. Бұл кәспкерлерге өте пайдалы және маңызды дүние. Ақпарат көздеріне сүйенетін болсақ, жақында Ақтөбе қаласында алғаш рет Жас кәсіпкерлерді қолдау форумы өткен.
Толық ақпарат үшін :http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/29585-orumy-tude
Уоррен Баффеттің мына бір қағидасын қмытпаған жөн:
Өзің түсінбейтін бизнеске ешқашан қаржыңды салма.
Инвестициялау. Қаржы салу керек, бірақ оның көзін білу қажет. Барлық артықшылығы мен кемшілігін таразылаңыз, барынша көп ақпарат жинаңыз, проблеманы жете зерттеңіз, негізсіз тәуекелге жол бермеңіз. Тәуекел орынды болу керек, ал инвестициядан түскен кіріс шығысты жабу керек.
Қазақстан Президенті кәсіпкерлікті дамыту 2050 Стратегиясының негізгі міндетінің бірі екеніне тоқталып өтіп.
– Менің Жарлығымның жүзеге асуы Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қажетті жағдайды түбегейлі жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл – бизнес жүргізіп отырған әрбір қазақстандық үшін нақты көмек. Кәсіпкерлердің жұмыс жағдайын ұдайы жақсартып отыру жайы әрқашан мемлекеттің басты назарында болады. Бұл – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жолындағы тағы бір маңызды қадам. Осы шара және кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттен қаражат бөлу экономикамыздың өсуіне, жұмыс орындарының көбеюіне, барша қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына серпін береді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.
Ия, бизнес бастау бұл оңай нәрсе емес. Ең тамаша әдіс, экономиканы меңгеру және түсіну. Жеке кәсіпкерлікті ашу ойыңызда болса, бүгіннен бастап экономикалық терминдерді меңгерген дұрыс. Биік шыңдарды бағындыруда сәттілік тілеймін!
P/S: Жалпы, бұдан басқа тамаша ой болып еді. Бірақ, ол жүзеге аспады. Сондай — ақ, осы турдың 2 тапсырмасын орындаған жоқпын. Кешірім өтінемін. Дегенмен, менің міндетім ескерту. Сіздің міндетіңіз баға қою! Турға қатыстырылмай қалсам да, ренішім жоқ !:)
бұл жеке өз проблемаң. Бізге дым қатсы жоқ.
3 балл.
Пікір білдірудің өзі абсурд.