Дайрабайдың дауы

Қазақтың сиырды малға санап, кәдімгідей баға бастағаны бертін келе шығар. Ешқандай дәлелім жоқ, өзімнің ойым ғана. Бұл мал көшпелі халыққа қол емес. Күтімі көп, суыққа шыдамсыз, алыс жолға жарамайды. Одан жылқы мен қой әлдеқайда тиімді.

Әрі қарай

Гастарбайтердің обломдары: 8 билет, бір "Арман"!

Ол кезде тіптен салатовый едім. Небары 20-жаста.
Бір қыздың артынан жүгіріп жүр едім.
Ескі кино кейіпкерлерінің ішінде ең ассексуал кім бар?
А? Кім-кім? Буратино дейсің бе, ол ағаш ғой.
Петя Васечкин? кетнақ педофил!
Пьер Решардың кейіпкері?! Қойшы-ей, ол нағыз дөң жуаң еді менің қасымда.
Жаңа біреу «Шурик» деген сияқты еді… Во-во, тепло! шамалап қалдыңдар… Сексуалис та, каратарис та, варатарис та емеспін, жо-жоқ. Құлағынан күн көрінген тырық, әлжуаз әшкәристің өзімін.
Әрі қарай

Жиде гүлдегенде...

Жиде гүлдегенде ауыл жаққа бір барып қайту керек еді. Өсімдіктерден осы жиденің гүлінің иісі жынды болады енді. Көбі жусанның иісін аңсап жатады. Маған осы жиде мен ақ акация гүлінің иісі ұнайды.


Соңғы кездері ауылға барып қайтуға да себеп
Әрі қарай

Мәссаған, мен алдандым!

Алданған мен емес, маған бөлмесін жалға беріп отырған үй иелері. Қысқаша былай:
Бүгін таңертең қожайын әлі ұйқысы аша алмай жүргенде бейтаныс біреу телефон шалып оның Алматыда оқитын баласы 50 гр. марихуаннамен ұсталғандығы туралы хабарлайды. Сосын телефон дереу "ұлына" беріліп, ұлы жыларман дауыспен «папа, папа, мен милиция бөлімшесіндемін» дейді. Одан телефонды «следователь» алып, «балаңызға 3-7 жылға дейін өтеу мерзімі берілуі мүмкін» деп, қожайыннан телефонды қоймауын сұрайды. Жаны қалмаған әке байғұс жұмыстағы әйеліне қалалық телефонмен звондап мән — жайды ұқтырады. Ол байғұс тұра шауып келіп, әлгі сотовыймен сөйлессе, әлгілер қала сыртындағы саяжайға 1000 доллардың көлемінде ақша әкелуін талап етеді. «Күйеуіңізсіз келіңіз, саяжайға келсеңіз бір әйел шығады» деп…
Әрі қарай