Жиде гүлдегенде...

Жиде гүлдегенде ауыл жаққа бір барып қайту керек еді. Өсімдіктерден осы жиденің гүлінің иісі жынды болады енді. Көбі жусанның иісін аңсап жатады. Маған осы жиде мен ақ акация гүлінің иісі ұнайды.


Соңғы кездері ауылға барып қайтуға да себеп азайып барады. Просто так барып келемін ғой деймін :))

П.С.: Лібә, жиденің орысшасы «лох» екен ғой. Жақында ғана білдім. Бірақ Гуглдан «джида» немесе «лох растение» деп іздеген дұрыс екен. «Лох» десең, басқа бірдеңелер атып шығу ықтималдығы жоғары :))

Сурет мына жерден алынды.
Бөлісу:

13 пікір

edige
«Жиде гүлдегенде» Қай-қайдағыны еске түсірдің ай Омеке :)))))))
konvict
Айтпа, негізгі айтпақ ойы да сол болса керек Омар быраттың. «Жиде гүлдегенде» ауылға барып қайтпасам ба дейді. Ай, ай, ай!!! Арам екен дә.
KILYZAMAN
Гүлдеген жиденің саясында ұйықтауға болмайды дегенді жиі еститінмін үлкендерден… Мына постыңды оқып отырып есіме түсіп кеткені болмаса, неге болмайтынына мән бермептім. Себебі бар шығар. Ал енді хош иісі -шынымен ес аударатын иіс…
Aizhantabyn
Jidenin ozin jaksy korem. Isi de, dami de unaidy, kezinde kaptap satyp aluwy edik :)))
balzaminka
Мектебіміз шетте болатын, одан әрі жүргенде ну тоғай басталатын осы жидеден. Сол жиде гүлдегендегі ауадағы жұпар иіс сұмдық еді. Балалық шақпен кетіп барады ол да ((
Zilola
«Бахор келіп, жиде гүлдегенде» деген керемет бір әнді еске түсіреді екен :)
edige
«Бажалар» деген бе еді жаңылыспасам, есітуім бар. Біреуі қайтыс болган дейді ма?
Zilola
Иә, бажалар деген топ.
Орипов Мумин осыдан 2 жыл бұрын жол апатынан аттанып кеткен.
Жахонгир Пазылжанов қасына басқа жігітті қосып ән айтып жүр.
edige
Сонда олардың тобындағылар «Шынайы өмірде бажа» болмаған ғой?
Сондай көңілді жігіт екен Жахонгир дегені… Қасындағысы салмақты еді ммм окінішті?
Zilola
Жалпы өзім, жиденің гүлдегенін көрмегенмін.
Нағашыларымның ауылынан (Жуантөбе ауылы) қайтып келе жатқанда, автобусымыз Созақтың базарына аялдайтын, сол кезде сатып алушы едік жидені. Бірақ баршылық кезде, сол жидені ұнатпаушы едім, таршылық көрген соң бәрін житін болдым :)))
edige
«Мәселе балық аулауда емес, мәселе — Процесте» @ Әшөктің тіскебасар дайындап жатқандағы сөзінен
25 ші мамырға қарап гүлдейтін. Қыздар көктемгі киімдерімен құлпырып, оларға ғашық болған бозбалалардың сол шақтағы сезімге араласқан жиденің «хош иіс» қосарлануында барлық мәселе. Сол иіс келгенде сол қыздың бейнесі мен сол пәк сезім елестеп кете ма? Басына аппақ бантик таққан талдырмаш қыз қазірде баласы мектеп бітіріп жатқан «ДАРДАЙ ҚАТЫН» болған шығар я деп миығымнан күліп қоямын
manshukn
Маған тоғай жиде ұнайды. Ағаларым отынға барғанда алып келетін. Өзі кішкентай болса да, дәмі тіл үйіретін.
omarbirat
Жексенбі күні ауыл жақтан өттік. Ары қарай бара жатыр едік. Жиде гүлдей бастапты :)